Заттардың құрамы мен саны өзгере жүретін реакциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2015 в 09:46, реферат

Описание работы

1. Заттардың құрамы мен саны өзгере жүретін реакциялар.
2. Атомдардың тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар.
3. Жылу эффектісімен сипатталатын реакциялар
4. Қайтымдылығымен сипатталатын реакциялар
5. Пайдалнаылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Microsoft Word Document.docx

— 40.63 Кб (Скачать файл)

Осы жылдар бойына біз қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет нәрсенің бәрін жасадық.

Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызына дейін ұлғайды.

Бүгінде бүкіл ел көлемінде тұңғыш рет медицинаның ең бір күрделі бағыттары бойынша операциялар жасалуда.

Жетекші шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина орталықтары құрылды.

Осыдан жиырма жыл бұрын бізге ол тек арман ғана болатын.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі ретінде бала туудың 25 пайызға көбейгенін, адам өлімінің 11 пайызға төмендеп, халықтың табиғи өсімінің 1,7 есе артқанын атап өтуге болады.

2013 жылы Біртұтас ұлттық  денсаулық сақтау жүйесін енгізу аяқталады.

Біз аурудың алдын алуға шындап кірісіп, бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын арттыруымыз керек.

Халықаралық бағалаулар бойынша, негізгі науқастар түрлерімен ауыратын тұрғындардың 5 пайыздайы денсаулық сақтаудың барлық қызметтерінің 70 пайыздайын ғана пайдаланады.

Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады.

Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу қажет.

Бірінші кезекте, олар балалар, жасөспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер.

Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет.

Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба – мамандандырылған емдеу-диагностикалық екі «Денсаулық» пойызы жұмысын бастады.

Олар еліміздің ең шалғай түкпірлерінде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын тексеріп, ем жасады.

Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан біз оны дамытатын боламыз.

Биылғы жылы тағы бір пойыз жіберілетін болады.

Жұмылғыш медициналық кешендер-автоклиникалар санын 50 бірлікке дейін жеткізу қажет.

Оларды шығару Қазақстанда жүзеге асырылуға тиіс.

Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация мұқтажы үшін кемінде 16 тікұшақ ұйымдастыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Сол сияқты жол бойындағы медициналық-құтқару пункттерін құру мәселесін жеделдете қарастыруды да тапсырамын. Оларды республикалық маңыздағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде орналастыру қажет.

Төтенше медициналық жәрдем қызметі көп салалы жұмылғыш және аэрожұмылғыш госпитальдармен жарақтандырылуы тиіс.

Бұл шаралардың біздің мыңдаған азаматтарымыздың өмірін құтқарып қалатынына сенімім мол.

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан болатын өлім деңгейін төмендетуге мұқият назар аудару қажет.

Осы міндеттерді орындау нәтижесінде 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін  ұлғаятын болады.

Саламатты өмір салтын насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын пайдалану керек.

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік  амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік  пункттер және емханалар салынатын болады.

2.3. Тілдерді дамыту

Көп тілді және көп конфессиялы қоғамдағы бейбітшілік пен келісім – бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, құрметті қазақстандықтар.

Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып-үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты.

Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды.

Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.

Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу.

Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.

Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады.

Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз.

Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз.

Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін.

Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін.

2.4. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

Екі жыл ішінде дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде біз халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты азайттық және қалаларымыз бен селоларымыздағы инфрақұрылымдарды жақсарттық.

Бұл бағдарламалар қазақстандықтардың кең қолдауы мен разылығына ие болды.

Бүгінде жаңа экономика білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететін болғандықтан  еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет.

Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар – біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві.

Жаңа кәсіпорындарды біз оларда қазақстандықтардың жұмыс істеуі үшін салып жатырмыз.

Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет.

Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамырына дейін халықты еңбекпен қамту жөнінен қағидатты түрде жаңа бағдарлама  әзірлеуді тапсырамын.

Үкімет бизнес-қауымдастықпен бірлесіп индустриялық нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.

Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

Кезінде мен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір қазақстандықтың  отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым.

Ол табысты жүзеге асырылды.

Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрияландыру  шынымен де бүкілхалықтық сипат алып, әрбір қазақстандықтың ісі болатындай етіп құру қажет.

Өз өмірлерін ауылмен байланыстарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен  бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен  шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.

Өткен жылы селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.

Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.

Даму әлеуеті жоғары елді мекендерде селолық инфрақұрылымдар дамытылып, суаратын суларға, микронесиелеу бағдарламалары мен  табиғи гранттарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.

Қазірдің өзінде микронесиелік ұйымдар қызметінің құқықтық негізі бар.

Бүгінде рыноктағы олардың саны бір мың екі жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несиелер берді.

Дегенмен, олар негізінен айтарлықтай жоғары мөлшерлемемен тұтынушылық мақсаттарға жұмсалуда.

Ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес,  еңбекпен қамту жағына басымдық беру керек.

Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілермен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен кешенді шаралар жасауды тапсырамын.

Үстіміздегі жылы қосымша 3 миллиард теңге қарастырылсын.

2012-2015 жылдары бұл қаржыландыру жыл сайын 10-15 миллиард теңгеге көбейтілсін.

Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.

Жоғарыда айтылған мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру ондаған мың ауыл тұрғындарына жұмыс тауып береді.

Сондықтан атқарушы биліктің барлық деңгейлері мен  «Нұр Отан» партиясынан үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.

Үкіметке алдағы жылдан мотивациялы ақшалай төлемдерге көшуді тапсырамын.

Басты мәселе – масылдықты еңсеру.

Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант берілетін болады.

Кедейшілік проблемаларын мемлекеттік жәрдемақы есебінен жұмсарту емес, шешу керек.

Мемлекет тек объективті тұрғыдан еңбекке қабілетсіздер мен аз қамтамасыз етілгендерге ғана көмектесетін болады.

 

. Жеделдетілген экономикалық жаңғырту – Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы

Құрметті қазақстандықтар!

Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық.

1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.

Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік.

Ел ілгерілеуінің шоғырланған көрсеткішін ғана келтірейін.

1994 жылы жан басына шаққандағы  ішкі жалпы өнім жеті жүз  доллардан сәл ғана асатын.

2011 жылдың 1 қарашасына қарай  бұл көрсеткіш 12 еседен артық  өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып  түсті.

Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.

Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.

Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, Венгрияда – 5 есе, Польшада 4 есе өскен.

2010 жылдың қаңтарында ел  халқына Жолдауымда мен Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттім.

Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары бар.

Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.

Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды.

Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен дамыту үдерісін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.

2014 жылға дейін жалпы  құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

161 мың тұрақты жұмыс  орны және 207 мың құрылыс уақытына  есептелген жұмыс орны құрылады.

Алғашқы индустриялық бесжылдықтың алғашқы жылының басты қорытындысы – экономиканың нақтылы секторының есебінен экономикалық өсуде елеулі құрылымдық өзгерістердің басталуы.

Таяу онжылдықтағы Стратегиялық жоспардың мақсаттарын тағы да еске салып өтейін.

2020 жылға қарай біз мынандай  көрсеткіштерге қол жеткізуге  тиіспіз.

Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.

Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.

Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.

Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.

Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды.

Халықтың саны 18 миллион адамға жақындайды.

Білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.

Ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі.

Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.

2016 жылдың өзінде ет  экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның  құны 4 миллион тонна бидай экспортына  тең.

Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі.

Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Бұлардың барлығы сабақтас салаларда – ауылшаруашылық мәшине жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады.

Үкімет, барлық өңірлердің әкімдері селодағы индустрияландырудың осынау маңызды бөлігімен айналысуға тиіс.

Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек.

Шикізаттық емес секторларды дамыту мақсатында Үкіметке Қуат тиімділігінің кешенді жоспарын жасап, бекітуді тапсырамын.

Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастырады.

Үкімет әкімдермен бірлесе отырып Өңірлерді дамыту бағдарламасын жасап, бекітуі керек.

Мұның барлығы – біздің саналған-сараланған жоспарларымыз.

Біз әлі жол басында тұрмыз.

Егер жақсырақ, дәулеттірек өмір сүргіміз келсе, біз осы жұмысты атқаруға тиіспіз.

Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақтаушымын.

Біз алғаш рет «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заң қабылдадық.

Бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидаттары мен тәртібі белгіленген. Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшін жасалды.

Информация о работе Заттардың құрамы мен саны өзгере жүретін реакциялар