Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 19:34, реферат
Су жүргізер тіршіліктің тамырын, Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым Судың біздер біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады
Өзектілігі
Су жүргізер тіршіліктің тамырын, Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым Судың біздер біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау. Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды. Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Ағызынды суларды тазарту сызбасы. Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі. Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады. Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді. Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді.
Ағызынды суды тазартудың
химиялық әдістерінің ең көп
қолданылатын түрі –
Жұмыстың мақсаты
Ағызынды сулардағы оттектің концентрациясын анықтау, тазарту, антропогендік әсерлерін білу. Ағызынды суларда жүретін химиялық реакциялармен танысу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері – алға қойылған мақсатқа жету үшін:
.Бақылау мен қадағалаудың әдістері, оларды талдау. Табиғи судың:
- рН өте қышқыл,
- қышқыл,
- әлсіз қышқыл
- әлсіз сілті, күшті сілтіні табу жолдарымен танысу
- математикалық статистика әдісін қолданып оттек арқылы сарапталатын судға есептеу жүргізу.
Жұмыстың мазмұны
1 тапсырма
Оттек шыны сауыттарын калибрлеу
Оттек шыны сауыттарын калибрлеу
келесі түрде жүргізіледі. Құрғақ
шыны сауыттар өлшенеді, шетіне дейін
дистилденген сумен толтырылады
және шыны тығынмен бекітіліп қайтадан
өлшенеді. Құрғақ және сумен толтырылған
сауыттың масса айырмашылығы граммға
шаққандағы судың массасын береді.
Калибрлеу бөлме
2 тапсырма
Реактивтерді дайындау және тиосульфат титрін тексеру
1. реактивтердің
тазалығын тексеру және
2. марганец хлоридінің
және сульфатының ерітіндісі: 480г
марганец сульфатын немесе 425г
марганец хлоридін суда
3. йодталған калидің сілтілік
ерітіндісі: 700г күйдіргіш калиді
және 150г йодталған калиді суда
ерітіп, 1л дейін жеткізеді. Бұл
реактивтер жоғарыда
4. химиялық таза тұз қышқылы ерітіндісі (1:1 көлемі бойынша, HCl-ның 1 бөлігіне дистелденген судың 1 бөлігі) химиялық таза күкірт қышқылы (1:3 көлемі бойынша)
5. 0,02н тиосульфат ерітіндісі:
5г химиялық таза кристалды
тиосульфатты суда ерітіп, жаңа
қайнатылған және суытылған
6. 0,02н калий йодидінің ерітіндісі: 0,7134г калий йодатын 1л дистелденген суда ерітеді. Химиялық таза тұзды 180-2000 температурада тұрақты салмақ көрсеткенге дейін қайта кристалдайды.
7. крахмал ерітіндісі: 0,5г
крахмалды суық суда
0,02н
тиосульфат ерітіндісін
Қорытынды
Суда еріген оттегі су
жүйесінің өздігінен тазалану үрдістеріне
негізделген санитарлық жағдайының
негізгі гидрохимиялық
Суда еріген оттегі жоғары
экологиялық маңызға ие. Гидробионттардың
тыныс алуына жағдайды қамтамасыз ету
үшін судағы еріген оттектің мөлшері
жеткілікті болуы керек. Сонымен
қатар ол суаттардың өздігінен тазалануы
үшін қажет себебі, ол органикалық
және басқада заттардың тотығу және
өлген ағзалардың ыдырау үрдісіне
қатысады. Оттек суға судың оттекпен
әрекеттесуі барысында, суда өсетін
өсімдіктердің фотосинтез нәтижесінде,
яғни физико-химиялық және биохимиялық
үрдістердің нәтижесінде
Суаттардың жеңіл тотығатын
заттармен, пестицидтермен және өндірістің
ағынды суларымен ластануы барысында
еріген оттктің бірден азаюы және
судағы оттектің нақты мөлшерінің анықталуы
қиындай түседі. Сонымен қатар, пестицидтер
фотосинтездеуші ағзаларға
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж. 2. Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”, “Дәнекер”. 2005 ж. 3. Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”. 4. Бушман Л.Н. “Шөлімізді қандыра аламыз ба?” 2002 ж. 5. Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж. 6. “География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж. 7. Облыстық экологиялық орталық. 2006 ж. мәліметтер.