Есептің қойылымы (мақсаты, шарты, программаның қандай болу керектігі)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июля 2013 в 09:59, реферат

Описание работы

Ақпараттық жүйелер(АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ – ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық корсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен;
- мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен;

Содержание работы

Кіріспе…………………………5
1.Есептің қойылымы (мақсаты, шарты, программаның қандай болу керектігі)…………..7
1.1.Кіру құжатты (формасы, атауы)………………….7
1.2.Шығу құжаты (кесте формасы)…………12
2.Программалық жабдықтау (фильтрация,т.б)………..14
3.Терминологиялық сөздер……………18
4.Листинг…………..19
Қорытынды………21
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………22
Қосымша…………………..23

Файлы: 1 файл

Реферат.doc

— 128.00 Кб (Скачать файл)

Кесте 1.1. dBase кестесінің өріс типі.

dBase кестесі жеткілікті қарапайым және дискіде едәуір аз физикалық файлдарды сақтауда қолданылады. Файлдың кеңейтіндісіне қарап, оның құрамында қандай деректер бар екенін көруге болады.

DBF – кестелік деректер.

DBT – үлкен  екілі объектілі деректер, немесе BLOB – деректер (Binary Large Object)

MDX – колданба  индекстер

NDX – dBase форматтық кестесін колдамайтын индекс. Осындай кестемен жұмыс істегенде программист бұны өзі өңдеу керек.

dBase кестесінде өріс аты әріптер мен сандардан құралу керек және ол әріптен басталуы керек. Аттың максимал ұзындығы 10 символдан тұрады. Атты жазғанда арнайы символ және пробел жазуға болмайды.

dBase кестесінің кемшілігі — оның  парольдік қорғаныстың болмауы және байланыстын бақылаудың болмауы. Сондықтан программист өзі осы істерді кодтау керек.

Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады.

Оның негізгі  артықшылықтарын атап өтейік:

- деректердің  тұтастығын

- әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті

- енгізілген  деректерді тексеруді

- кестенің парольдық  қорғанысын қамтамасыз етеді.

BDE Administrator DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE (Borland DataBase Engine – Borland фирмасының деректер базасының процессоры) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDEдеректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасынаBDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұрақтар деректерді алады.

Деректер базасымен  жұмыс, ережеге сай, бірқолданушылық  режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер және аты және PATH – деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows–тің жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.

STANDART типті драйверлерді  тек Paradox, dBase, FoxPro кестелері үшін қолдануға болады.

Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE деректер базасының  процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен  жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын қолданғанда, желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске асады.

1.2. Шығу құжаты

Кейбір кезде  пайдаланушыға қазіргі уақыттағы  мәліметтер қоры жайлы отчет керек  болады. Сондықтан отчетті құру өте  қажет. Ол үшін жаңа форма ашып  Table – дің  компонентің орналастырып, мәліметтер қорының кестелерімен байланыстырамыз (біздің жағдайда ол darik). Оның Active қасиетіне True мәнін қоямыз. Бұл жерде Table1 darik кестесімен байланыстырылып, мәліметтердің негізігі жинағы болады.

Енді осы формаға Rave бетінен RvDataSetConnection – ң  компонентін орналастырамыз. RvDataSetConnection1 – ді DataSet қасиетінде Table1 – мен байланыстырамыз.

Енді формаға RvProgect компонентін орналастырамыз. Осымен кішкене тоқталып, біздің жобаға отчет формасын құруға көшеміз. Ол үшін Delphi – гі  Tools/Rave Designer бұйрығын орындаймыз. Бұл жерде Rave терезесі ашылады, бірінші істейтініміз ол мәліметтер көзін көрсететін зерзат енгізу. Ол үшін File/New Data Object бұйрығын орындаймыз. Ашылған терезеде Direct data View – ді таңдап алып Next батырмасын басамыз. Келесі терезеде біздің жобаның активті қосылымдарының тізімі орналасады: RvDataConnection1.Оны таңдап алып, Finish батырмасын басу керек. Сонда DataViewDictionary – үстінде DataView1 пайда болады. Енді отчет формасын құру керек. Отчетті құрғанда Region1, Band, DataBand, Text, dataText  компоненттерін пайдалану керек. Жұмыстың соңында болашақ отчеттің кейпі мынандай болуы тиіс:

Отчет формасы  аяқталды, енді оны Delphi ортасына қайтып келіп аяқтаймыз. RvProject —  тің ProjectFile қасиетінде құрастырған жобаның құжатын көрсету керек. Формаға Button кнопкасын орналастырып, оның басылым операторына

RvProject1.Execute;

программасын  жазамыз.

Сонда біздің аяқталған  отчетіміз мынандай болады: 

 

 

   2. Программалық жабдықтау

Программалық  жабдықтау деп, ТЖЖ–ны жұмыс істетуде жабдықтайтын АЖ–ның қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін үғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты  «жұмыс істейтін» пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау, арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін, есептеу кезеңінің «және–немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін АЖ–ны программалық жабдықтаудың бөлімі.

Амалдық (операциялық) жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді  ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадыны, процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге амалдық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңейтетін программалар жатады.

Есептеу кезеңін  ұйымдастырудың тиімділігі АЖ–ның тәсілін, оның генерациясының параметрлерін  және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды ұйлесімді таңдаумен  жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы жабдығы бар болып отырған амалдық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер АЖ–дағы программалық жабдықтауда өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ–нің жұмыс  қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.

Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек  функцияларды орындайтын және АЖ–ның әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің  нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік ҚПП кез–келген АЖ–да қолданылуы мүмкін. 

 

Мәліметтерді фильтрлеу

Table компоненті  мәліметтерді бейнелеп, реттеп, түзетіп  қана қоймай, оған қоса белгілі бір шарттарға сәйкес фильтрлеуге мүмкіндік береді. Фильтрация – Table компонентінің Filter, Filtred, Filter options қажеттері арқылы беріледі.

Filtred – фильтрацияны  қосып, ажыратады (true, false).

Filter – өріс  мәнін шектейтін жолдық түрде шартты көрсетеді.

Мысалы: Біздің программада фильтрацияны жасау  үшін радиобатырмалар тобы RadioGroup, батырманы  қолдандық. Оның құру программасы:

procedure TForm1.BitBtn2Click(Sender: TObject);

begin

case RadioGroup2.ItemIndex of

0: Table1.Filter:=’(Fam=»’+Edit1.Text+’*'+»’)';

1:Table1.Filter:=’(Name=»’+Edit1.Text+’*'+»’)';

2:Table1.Filter:=’(Tel=»’+Edit1.Text+’*'+»’)';

3:Table1.Filter:=»;

end;

end;

procedure TForm1.RadioGroup2Click(Sender: TObject);

begin

case RadioGroup2.ItemIndex of

0,1,2:begin

GroupBox1.Visible:=true;

Edit1.Visible:=true;

end;

3:begin

GroupBox1.Visible:=false;

Edit1.Visible:=false;

end;

end;

if RadioGroup2.ItemIndex=0 then Edit1.SetFocus;

if RadioGroup2.ItemIndex=1 then Edit1.SetFocus;

if RadioGroup2.ItemIndex=2 then Edit1.SetFocus;

end;

Осы программа  арқылы біздің фильтрация жұмыс істей  бастайды.

Filter options – фильтрациялау  ерекшілігін беру.

Фильтрацияны  есептелінетін өрістерге қолдануға  болмайды.Мәліметтерде фильтрлеу кезіндегі  біздің жобаның  үлгісі: 

Мәліметтерді  іздеу

Жазбаларды іздеу, белгілі  — бір шарттарды қанағаттандыратын, сол жазбаға өту дегенді білдіреді. Іздеу көбінесе фильтрацияға ұқсайды, себебі  іздеу процессінде белгілі шартқа сәйкес жазбаларды тексереді. Айырмашылығы тек іздеуде жазбалар саны мәліметтер жинағында өзгермейді.

Біздің программада  жазбаларды жол бойынша іздейміз. Ол үшін Locate және Lookup  амалдары қолданылады.

Locate функциясы  жолдың берілген мәнімен іздейді.  Егер де Іздеу шартын қанағаттандыратын  жазбалар болса, онда көрсеткіш  ағымдағы жазбаның басына орналасады. Ал жазба табылмаса функция True мәнін қайтарады, керісінше – False мәнін.

Options параметрі  жолды іздеу барысында мін  беруге рұқсат етеді. Бұл параметр  көпшілік TlocateOptions – ке жатады  және келесі міндерді қабылдайды:

  • LoCaseInsensitive (әріп регистрі саналмайды);
  • LoPartialKey(мәндердің бөліктік сәйкес келуін қабылдайды).

Енді мысал  ретінде бөліктеп іздеуді қарастырайық. Төменде Edit1 және радиобатырмалар тобы RadioGroup қолданылуы көрсетілуде:

procedure TForm1.Edit2Change(Sender: TObject);

begin

case RadioGroup3.itemIndex of

0:Table1.IndexFieldNames:=’Fam’;

1:Table1.IndexFieldNames:=’Gorod’;

2:Table1.IndexFieldNames:=’Adres’;

end;

Table1.FindNearest([Edit2.Text]);

end;

procedure TForm1.RadioGroup3Click(Sender: TObject);

begin

if RadioGroup3.ItemIndex=0 then Edit2.SetFocus;

if RadioGroup3.ItemIndex=1 then Edit2.SetFocus;

if RadioGroup3.ItemIndex=2 then Edit2.SetFocus;

end;

Мәліметтерді іздеу жобада төмендегідей жүзеге асады:

3.Терминология

МББЖ

Мәлiметтер базасын  басқару жүйесi.

МБ

МББЖ мәлiметтерiн, объектiлерiн сақтауға арналған файл. Әдетте МБ нақты бiр қолданбалы тапсырмаға арналып құрылады.

Кесте

МБ-ның негiзгi объектiсi, ақпараттың сақтаушысы. Ол өрiстен(баған) және жазбадан(жол) тұрады.

Мәлiмет

Сақтауға және бiрнеше рет хабарласуға болатын нәрсе. Бұл мәтiн, сан, дата, сурет және т.б болуы мүмкiн.

Форма

Мәлiметтердi экранда  көрсетуге және оларды басқаруға  арналған бейне.

Отчёт

Мәлiметтердi печатьқа шығаруды көрсететiн бейне.

Жазба

Кестедегi жол  аналогы . Ол кестедегi мәлiметтердi cақтаудың , запростағы , формадағы мәлiметтердiң таңдамасының стандартты блогы болып табылады.

Өрic

Delphi-дегi кесте  элементi.

Кiлттiк өрiс

Өрiс, оның мағынасы кестедегi бiрыңғай анықталған жазба  үшiн қызмет iстейдi. Кiлттiк өрiс iздеу, әртурлi кестедегi мәлiметтердi байланыстыру және сақтауды эффектiлi түрде ұйымдастыруға көмектеседi.


4.Листинг

unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs, DB, Grids, DBGrids, DBTables, ExtCtrls, DBCtrls, StdCtrls,

Buttons, ComCtrls, RpRave, RpDefine, RpCon, RpConDS; 

 

type

TForm1 = class(TForm)

DataSource1: TDataSource;

Table1: TTable;

DBGrid1: TDBGrid;

Table1Tel: TFloatField;

Table1Fam: TStringField;

Table1Name: TStringField;

Table1Adres: TStringField;

Table1Gorod: TStringField;

DBNavigator1: TDBNavigator;

Table1Num: TAutoIncField;

PageControl1: TPageControl;

TabSheet1: TTabSheet;

TabSheet2: TTabSheet;

TabSheet3: TTabSheet;

RadioGroup1: TRadioGroup;

BitBtn1: TBitBtn;

RadioGroup2: TRadioGroup;

BitBtn2: TBitBtn;

GroupBox1: TGroupBox;

Edit1: TEdit;

RadioGroup3: TRadioGroup;

Edit2: TEdit;

Table2: TTable;

RvDataSetConnection1: TRvDataSetConnection;

RvProject1: TRvProject;

GroupBox2: TGroupBox;

BitBtn3: TBitBtn;

procedure FormCreate(Sender: TObject);

procedure FormDestroy(Sender: TObject);

procedure BitBtn1Click(Sender: TObject);

procedure BitBtn2Click(Sender: TObject);

procedure Edit2Change(Sender: TObject);

procedure RadioGroup2Click(Sender: TObject);

procedure RadioGroup3Click(Sender: TObject);

procedure BitBtn3Click(Sender: TObject);

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end; 

 

var

Form1: TForm1; 

 

implementation 

 

{$R *.dfm} 

 

Қорытынды

Аталмыш курстық жұмыс өз деңгейінде жазылды. Қойылған алғышарттардың барлығы орындалып, ең бастысы АТС тақырыбына құрылған мәліметтер базасының бүтінділігі сақталды, программа пайдаланушының кез-келген дерлік сұранысын орындауға қабілетті, барлық жүктелген операциялар(келтірілген мәліметтерді өңдеу, толықтыру,өшіру, қосу, іздеу, сұрыптау,  реттеу,  кескіндеу,  өзгерту,  т.б.) толыққанды орындалады.

Сонымен дайындалған  жұмыс  көздеген мақсатқа жетті — құрылған бағдарлама бойынша кез келген қолданушы АТС жүйесі туралы мәліметтерді қолдануға мүмкіндік алады. Бағдарлама   келешекте   одан   ары   күрделендірілуге,   байытылуға, қолданысқа  ыңғайлы. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. А.Я. Архангельский. Программирование в Delphi7. Москва, 2004ж.
  2. А. Хомоненко, В. Гофман, Е. Мещеряков, В. Никифоров. Delphi 7. Санкт – Петербург, 2004ж.
  3. С. В. Федотова. Создание Windows – приложениий в среде Delphi. Москва, 2004ж.
  4. А. Я. Архангельский. Приемы программирования в Delphi. Москва, 2003ж.
  5. Халықова, Бостанов, Тұрғанбаев. “Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері”. Алматы, 2004ж.

Информация о работе Есептің қойылымы (мақсаты, шарты, программаның қандай болу керектігі)