Адам генетикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 13:36, реферат

Описание работы

Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.

Файлы: 1 файл

адам жыныс ген Microsoft Office Word (3).docx

— 42.87 Кб (Скачать файл)

Адам нәсілдерін талдаудағы генетикалық мәліметтер[өңдеу]

Қазір адамдарды  үш нәсілдік топқа бәледі. Олар: негроидтік, еуропеоидтік және монголоидтік нәсілдер деп аталады. Адам нәсілдері бір  түрге (Һомо сапінес — саналы адам) жатады. Олардың хромосома жиынтығы бірдей, қан топтары мен аурулардың түрлері ұқсас болады. Нәсіларалык  некелерден қабілетті балалардың тууы нәсілдердің арғы тегі саналы адамнан  басталатынын корсетеді. Сонымен қатар  әр нәсілдік топ оздеріне тән тұқым қуалайтын белгілерімен ерекшеленеді.

Нәсілдер және белгілер:[өңдеу]

Нәсілдер

Тұқым қуалайтын белгілер

Негроидтік

Терісінің түсі кара, шашы бұйра, денесінің түктері орташа, кең танаулы, калын ерінді.

Еуропеоидтік

Терісінің түсі ашық, шашы толқын тәрізді, денесінің түктері калың, тар танаулы, жұка ерінді.

Монголоидтік

Терісінің түсі сарғыштау, шашы кайратты және тік, денесінін түктері өлсіз, нәзік танаулы, ерінінің калыңдығы  орташа, көздері кысыңкы.


Қара және сары нәсілдерде дененің түсін анықтайтын үш меланин гені, монғолоидтерде көздің кысыңкы пішінін бакылайтын екі  ген доминантты түрде тұқым куалайды. Адам нәсілдері осыдан 30—40 мың жыл бұрын калыптаса бастаған. Ол уакытта нәсілдік айырмашылығы ортаның географиялық өзгеру жағдайына бейімделушілік кажеттілігінен туды. Сонымен катар әр нәсілдің өзара окшаулануы да әсерін тигізді. Экваторға жақын коныстанған нәсілдердің терісінің пигменттелуінің кою (күшті) болуы күннің ыстығынан сактаса, шаштың бұйра болуы — басты тікелей түскен күн сәулелерінен корғайды. Керісінше, солтүстік аудандарда тұратындардың терісінія; түсінің ашаң болуы — күн сәулесін жақсы еткізіп, Д витамині синтезделуі артады. Монголоидтерде коздің қысыңқы болуы құрғак және суық ауа райына бейімделуінен болуы керек. Барлық адам нәсілдері биологиялык және психологиялық ерекшеліктері жағынан тең және эволюциялык дамудың бір деңгейінде өмір сүріп отыр. Әр түрлі нәсілдер бір ұлттың, ал жеке нөсілдер көп ұлттың құрамында болуы мүмкін. Осыдан 20 жыл бұрын БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) жанындағы комитет кызьщты тәжірибе жүргізген. Жер бетіндегі ұлттар арасындағы талантты адамдардың таралуын зерттеген. Оған 1 млн адам қамтылған. Тәжірибе қорытындысында осы белгі бойынша ұлттар бір-бірінен басымдылык көрсете алмаған. Сондықтан бір ұлттың өкілі, екінші бір ұлттың өкілінен артык бола алмайды деген корытындыға келген. "Адам баласы нәсілдері туысынан біреулері асыл, біреулері темен болып жаратылады" дейтін адамгершілікке жат, гылым жолына карсы реакцияшыл теорияны жақтайтын нәсілшілдер де бар. Бұлардың кезқарасы қазіргі ғылымның беретін мағлұматтарына сәйкес келмейді. Нәсілшілдердің көбіне өздерін "баскалардан тегіміз таза, мәдениет- тілігіміз бен қабілеттілігіміз жоғары" деуі евгеникалық көзкараска жақындайды.

Евгеника[өңдеу]

Евгеника адамның тұқым қуалау белгілері мен қасиеттерін жақсарту және ұрпақтары кемтар болатын некелерді болдырмау туралы ғылым. "Евгеника" (грек. "евгенес" — жақсы тұқым) деген терминді 1883 жылы осы ғылымның негізін калаушы ағылшын зерттеушісі Ф. Гальтон енгізді. ХХ ғасырдың басында Еуропа мен АҚШ-та евгеника дами бастады. Бірак көптеген зерттеулердің деңгейі төмен болды. Мысалы, адамның ашуланшақ мінезі, адамдардың дуанашылыкка бейімділіғі Мендельдің зандарына сәйкес тұқым куалайтын қасиет деп түсіндірді. Американың бір қатар штаттарында евгеникалық зандар енгізілді. Бұл заң бойынша психикасы бұзылған, кемакыл адамдарға некелесуге рұқсат берілмеді. Қылмыс жасауға бейім деген адамдардың барлығын міндетті түрде ұрықсыздандыратын болған. Сол кездегі евгениканың басты мақсаты — малдардың асыл тұқымын шығару әдісін адамға колдана отырып, адамның таза, ак сүйек нәсілін шығару болды. Нобель сыйлығының иегері америка ғалымы Г. Меллер 1929 жылы адамның түқымын жақсарту үшін және атакты адамдардың генін ұрпактарға беру үшін, әйелдерді қолдан ұрыктандырудың тәсілін ұсынды. 30-жылдары Германияда евгеника ілімі ұлтшылдык идеологияға айналып, 1933 жылы адамды ұрықсыздандыру туралы заң қабылданды. Арнайы сот органдары құрылып, ұрықсыздандыру туралы істерді қарады. Тұқым куалайтын ауруы бар адамдарды міндетті түрде ұрықсыздандырды. "Бір нәсілдің басқа нәсілдерге қарағанда рухани және ақыл-ойы жағынан артыкшылығы бар" деген нәсілдік теория құрылды. Кеңестер Одағында 20-жылдары евгеника қоғам ретінде құрылып, өзінің журналы болған. Бірак кейіннен евгеникалық көзқарастар мемлекеттік идеологиямен сәйкес келмей, зерттеулер тоқтатылды. Евгеника саласында істеген ғалымдар есімдік пен жануарлар генетикасына ауысты.[1]

Пайдаланылған әдебиеттер[өңдеу]

  1. ↑ Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ЫСБН 9965-33-634-2

Бұл мақалада еш сурет жоқ.



Информация о работе Адам генетикасы