Амазон тотылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 18:27, реферат

Описание работы

Амазон тотылары (лат.Amazona) – тотылар тұқымдасына жатады. Ұзындығы 30 см. Құйрығы қысқа. 26 түрі Антиль аралындағы ормандарда кездеседі орталық және оңтүстік Америкада. Амазон тоты құстары құнды және адам дауысы мен жеке сөздерді тез үйреніп жақсы қайталайды, қолға тез үйренеді, бірақ өте сирек балапан шығарады. 7 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.

Файлы: 1 файл

Амазон тотылары.docx

— 125.44 Кб (Скачать файл)

Амазон тотылары 

 

 
Амазон тотылары (лат.Amazona) – тотылар тұқымдасына жатады. Ұзындығы 30 см. Құйрығы қысқа. 26 түрі Антиль аралындағы ормандарда кездеседі орталық және оңтүстік Америкада. Амазон тоты құстары құнды және адам дауысы мен жеке сөздерді тез үйреніп жақсы қайталайды, қолға тез үйренеді, бірақ өте сирек балапан шығарады. 7 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.

 

 

 

 

Колибри құсы

 

Колибри – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. Колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі Солтүстік және Оңтүстік Америка өңірінде кеңінен таралған. Денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салмағы 1,5 – 20 г-дай. Жер бетіндегі ең ұсақ құстар. Қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, ал мекиендерінің түсі біркелкі болып келеді. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. Төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. Колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. Кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. Колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. Олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді. Жүрегі үлкен әрі қанның құрамындағы гемоглобиннің мөлшері де көп. Белсенді тіршілігін қамтамасыз ету үшін көп қоректенеді. Араларында қоныс аударып тұратындары да кездеседі. Ұяларын ағаштарға, бұталарға, ал кейбір түрі жартастарға, ағаш жапырақтарына сілекейімен жапсырып салады. Жылына 2 – 3 рет 1 – 2-ден жұмыртқа салып, оны мекиендері шайқайды, балапандарына қамқорлықты да аналықтары жасайды. Балапандары қызылшақа болады. Көпшілігі гүлді өсімдіктерді тозаңдандырып едәуір пайда да келтіреді. Әсемдік үшін көп ауланады. Бұлардың жылдан-жылға санының азаюына байланысты 6 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

 

 

 

Көкқұс

Көкқұс (лат. Myophonus caeruleus) – торғайтәрізділер отрядының бір түрі. Тұрқы 32 – 34 см, қанатының ұзындығы 18 – 20 см, құйрығы 14 – 16 см, салмағы 180 – 190 г. Қауырсыны қара көк, тұмсығы сары. Көкқұс Қазақстанда Талас Алатауынан Іле Алатауына дейінгі аймақта кездеседі. Көкқұс тау бөктерінің жапырақты орман, арша өскен жерінде, өзен бойларын мекендеп, тік жартастар арасына ұя салады. 4 – 5, кейде 6 жұмыртқа салады, 17 күнде жұмыртқадан балапан шығады. Көкқұс әр түрлі жәндіктерді, олардың дернәсілдерін, өрмекшітәрізділерді, моллөскілерді, ал күзге қарай түрлі жидекті де жейді. Қысқа қарай оңтүстікке қайтады, бірен-сараны қыстап қалады. Көкқұс – түсі әсем, сайрайтын құс, сондықтан оларды үйде торда ұстау соңғы жылдары көбейіп бара жатыр. Көкқұстың саны өте аз. Мысалы, 1960 ж. Талас Алатауында 7 ұясы болса, 1970 – 80 ж. Ақсу-Жабағылы қорығында бұл құстың 20 жұбы, ал 1990 ж. 24 ұясы бар екені анықталған. Көкқұс Қазақстанның “Қызыл кітабына” 1996жылы енгізілген, Ақсу-Жабағылы және Алматы қорықтарында қорғалады.

 

 

 

 

Балықшы тұйғын құсы

Балықшы тұйғын (лат. Pandion haliaetus) — сұңқартәрізділер отрядының тұйғындар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қанатының ұзындығы шамамен 490 мм, салмағы 1,6 кг. Арқасы қарақоңыр, бауыры ақ, жемсауы қоңыр, теңбіл түсті. Басы ақшыл сары, табанында балық үстауға икемді тікенек Балықшытөрізці бүртікгері бар. Балапандарының мамығы көгілдір. Негізінен Жайық өзені аңғарын қоныстайды. Жыл құсы, сөуірде келіп, қыркүйекте қайтады. Өзен-көл маңайындағы ағашқа ұя салады. Мамырдың басында 2-3 көкшіл жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп 1 ай бойы басады. 
Балықшы тұйғын жойылып кетү жағдайында тұрған түр. Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген. Қазір ұя басар кезінде бірнеше жерлерде: Марқакөл, Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60-70 -ке дейін кеміді. Негізгі себептер – орманды кесу, балық қорларының таусылуы, ересек құстарды жою. Ұяларды есепке алып, олардың әрқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру қажет. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 
Ертеде Қазақстанның көптеген суқоймаларында мекендеген. Қазір негізгі ұялайтын орындары Марқакөл көлі мен Қара Ертіс өзені. Бұлардан басқа 1976 ж. Жаркент қаласынан оңтүстікке қарай Өсек көлінде, 1981 жылы Орал қаласына жақын Жайық өзенінде, 1982 ж. Қапшағай суқоймасында Кіші Қалқанда, 1985 ж. – Сырдария өзенінде ұялары табылған. 1981-1985 жылдары бірен-саран жұптары ұялайтын мерзімде Зайсан көлінде, Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің бойында, Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында, Бұқтырма өзенінің аңғарындағы көлдерден де кездескен. 
ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында көп жерлерде кәдімгідей болған , бірақ 50-60-жылдарда көпшілік суқоймаларында жойылған. 80-ші жылдары Қазақстанда 30-35 жұбы сақталған, олардың ішінде Марқакөл көлінде 1978-1985 жылдары 7-11 жұбы, Қара Ертіс өзенінде 1980 ж. – 5 жұп [12] ұялады. Марқакөл көлінде саны тұрақты. Деседе республикада балықшы тұйғынның жағдайы өте нашар.

 

 

Мам132013

Қоқиқаз немесе фламинго

B

 Қоқиқаздар (лат. Phoenicopterus) – дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қоқиқазтәрізділер сабы және қоқиқаздылар тұқымдасының жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды. 
Таралу аймағы шектелген сирек кездесетін түр.1972-1976 жылдары бұл жерде 5-9 мыңнан,ал  1979 жылы54 мыңға дейін қоқиқаз ұялады. Дала мен шөлейтті жерлердегі кең байтақ су қоймаларын жайлайды. Негізгі шектеу факторлары – ұялауға жарамды жерлердің азаюы және мазалау. Қорғалжын қорығында қорғалады. Торғай өзенінің төменгі саласында қорық, сонымен қатар Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы Комсомол шығанағы мен Қолтық сорында қорықшалар ашу қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді. Тұмсығы орта тұсынан бірден төмен қарап иіледі де қойқиып тұратындықтан “қоқиқаз” деп аталған. Мойнының пішіні латынның “S” әрпі тәрізді. Жіліншігі сирағынан 3 еседей ұзын. Саусақтарының арасы терілі жүзу жарғағымен байланысқан. Негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда тіршілік етеді. 4 тұқымдасқа бірігетін 3 туысы, 6 түрі бар. Олардың көпшілік түрі экваторға жақын белдеулерде кеңінен таралған. Орталық және Оңтүстік Америкада, Африкада, Еуразияда көптеп кездеседі. Қоқиқаздың кей түрлері қоныс ауыстырмай бір орында тіршілік етеді. Қазақстанда Теңіз, Шалқартеңіз көлдері мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, Асаубалық, Қоқай, Есей, Қорғалжын, Сұлтангелді, Үлкен және Кіші Қаракөл су айдындарында қызғылт қоқиқаздар кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәу302013

Тауыс

 

 

Павлиндер, тауыстар (лат. Pavo) –тауықтәрізділер отрядының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. 2 түрі бар: кәдімгі павлин және көкқанатты павлин. Бұлар Үндістан түбегі мен Шри – ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Қоразының дене тұрқы 110 – 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының ұзындығы 120 – 130 см. Мекендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Жәндіктер мен олардың дернәсілдерін, құрттар, моллюскалармен қоректенеді. 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Полигамды. Күйге келген қоразы неше түрге боялған “көздері” бар әдемі құйрық үсті қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп, тік ұстай алады. Ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы 4 – 7 қызғылт дақтары бар сұр түсті жұмыртқасын мекиені 30 – 35 күндей шайқайды. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта топтанып тіршілік етеді. Павлиндер Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

 

 

 

 

302013

Сұңқартәріздестер

 

 

Сұңқартәріздестер – балықшы тұйғын, жыланжегіш, бүркіт, кезқұйрық, аққұйрықты су бүркіттер, сақалтай, жұртшы, құмай, ақсұңқар, ителгі, бидайық, лашын және т.б. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран құстар деп те атайды. Жыртқыш құстардың тұмсықтары, аяқтарындағы тырнақтары өткір, қорегін бүріл ұстауға бейімделген. Қыран құстардың қоразы – «шәулі», мекені – «ұябасар», балапаны – «ақүрпек» деп аталады . Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі - саятшылық. Қыран құстарды қолға үйретіп баптау, оны аң-құсқа салу адамды табиғатпен етене жақындастыра түседі. Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейді. Аспан түстес көгілдір туымыздағы бүркіт бейнесінің болуында да үлкен мән бар. Саятшылық өнер – қазақ халқының тарихи әрі дәстүрлі ескерткіштерінің бірі. Оның танымдық та, тәрбиелік те мәні зор. Этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы саятшылыққа, бүркітке байланысты тілімізде 2 000-ға жуық сөз бар екенін атап көрсетті. Соңғы жылдары елімізде саятшылық өнерді жандандыру саласында ізгі шаралар қолға алынды. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұра ауылында «Жалайыр Шора атындағы халықаралық құсбегілер мектебі» ашылды. Мұндай маңызды бастамалар басқа облыстарда да қолға алынып, саятшылық өнерге ерекше көңіл бөлінуде.

 

 

 

 

Сәу292013

Пингвиндер.

 

Пингвиндер құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, құрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі түлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік үстайды. Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антрактида жағалауында көптеп кездеседі. Жұп құрып тіршілік етеді әрі жұптарын өмір бойы сақтайды. Көбейер кезде бір жерге мыңдап топтасады. Ұяларын теңіз жағалауындағы тасты жерлерге салады. Ұяда көбіне 1 – 2 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны қоразы мен мекиені кезектесіп басады. Көптеген түрлерінің құрсагында тері қатпарлы қалтасы бар. Жұмыртқа басқан кезде қалтасы жұмыртқаны жауып түрады. Жұмыртқасын көбіне жаргақты табанының үстіне қойып шайқайды. Үлке пингвин жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110-120см, салмағы 45 килограммға  жетеді. Одан сәл кішілеу түрі – корольдік пингвин. Саны өте көп әрі кеңінен таралған түрі – қоршау көз пингвин. Бұлардан басқа алтыншотты, көзілдірікті, галапагостық пингвиндер кездеседі. Пингвиндердің кәсіптік мәні жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәу292013

Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар.

 

Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ құрлықта өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарын сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқұс, америкалық түйеқұс, австралиялық түйеқұстар  және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқустар деп аталады. Түйеқұстардың ең ірісі – африкалық түйеқұс. Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы – аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетелі. Африка да, өзге де елдер де арнайы қолда өсіреді. Оның етін, жүмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады. Африкалық түйеқұс Қазақстанда да қолда өсіріле бастады. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі – киви, оның салмағы 2 – 3 килограмдай. Ол Жаңа Зеландия аралдарында кездеседі. Оның жұмыртқасы өте ірі. Түйеқұстар өсімдіктермен де, ұсақ бунақденелілермен де қоректенеді.

Нанду - үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдам жүгіреді. Оның 2 түрі бар кәдімгі және үзынтұмсықты нанду. Оңтүстік Американың далалы, шөлейтті аймақтарында таралған. Қораздары да жұмыртқа басады әрі ұрпақтарына қамқорлық жасайды. Салмағы 25 кг. Өсімдік жапырақтарымен, бүршіктерімен және ұсақ бунақденелілермен қоректенеді. Еті, қауырсыны, жұмыртқасы бағалы болғандықтан, көптеп ауланады. Казуардың қауырсындары ірі қылшықты. Басында мүйізтекті айдары бар. Мойны қауырсынсыз, ашық қызғылт түсті тері, қатпарлы. Салмағы 80-90 кг. Ішкі саусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және сол маңдағы ұсақ аралдарда кездеседі. Жұмыртқаны қоразы басады. Еті бағалы болғандықтан, қолда өсіреді.  

 

 

Сә

 

у292013

Жалпы құстар туралы сараптама.

 

Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған. Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады. Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.1868 ж. Вена қаласында алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.

Информация о работе Амазон тотылары