Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 10:36, реферат
Молекулалық вакциналардың түріне күл, сіреспе, ботулизм, газды гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері жатады. Анатоксин алудың принципіне негізінде токсинді 0,4 пайызды формалия ерітіндісімен 37 градус жылылықта 3-4 жұма өңдеген кезде токсин улығын жоғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді тазартып оған адъювант қосады. Анатоксиннің өлшемі спецификалық антитоксинмен байланыстырушы (ЕС), немесе флокуляцилайтын бірлік көрсеткішпен (Ы) есептеледі. Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне жатады.
І. Кіріспе
1. Вакциналар
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өлі, тірі, молекулалық вакциналар
2. Анатоксиндер
3. Синтетикалық вакциналар
4. Жаппай вакцинациялау тәсілдері
5. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналардың жалпы сипаттамасы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Вакцинаның
иммунологиялық нәтижелігі алғашында
экспериментте тек-серіліп
Эпид сынақта вакцинациялаудың нәтижелік коэффициентін аныктайды. Ол үшін көлемді ұжымда вакцинацияланған адамдардың арасындағы ауруға шалдыққан пайызын тек санды вакцинацияланбаған адамдар арасындағы ауруға шалыққандардың пайызын салыстыру арқылы анықтайды.
Қазіргі кезде қолданылатын вакциналардың жалпы сипаттамасы
Қазіргі уақытта вакцинопрофилактика үшін 40-тан астам вакцинаның түрі қолданылады, олардың жарымынан көбі тірі вакцина қатарына жатады (13.2-кесте).
Қолданылатын
вакциналардың негізгі түрлері
Вакцинаның барлық түріне қойылатын талаптар бар. Вакцинацияға қолданылатын препараттар төмендегідей шарттарға сәйкес келуі керек: иммуногенді, қауіпсіз, реактогенсіз, аллергиялықт тітіркендіру тудырмайтын, тератогендік, онкогендік касиеті жок; вакцина дайындалатын микробтардың штамы генетикалық тұрақты болып, ұзақ уақытқа дейін сақталуы, оның өңдру процесі жеңіл және қолдану тәсілі қарапайым, жаппай қолдануға мүмкіншілігі болу керек,
Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері
Вакцина егудің
көрсетімі жұқпалы аурудың
жедел жұқпалы, не жұқпалы емес аурулар;
аллергиялық жағдайлар;
орталық жүйке жүйесінің аурулары;
паренхиматозды органдардың созылмалы аурулары (бауыр, бүйрек);
жүрек-қантамыры жүйесінің күрделі аурулары;
дамыған иммундытапшылықтар;
қатерлі ісік аурулары.
Вакцина егілгеннен кейін аздап дене қызуы, еккен жердің қызаруы нұсқауда аталғандардың шегінен шығып кетпесе ол қарсы көрсетім болып саналмайды.
Қорытынды
Әрбір елде, соның арасында Қазақстанда (Денсаулық сақтау министірлігімен бекітілген) вакцина егудің күнтізбесі бар. Онда қай жаста, қандай вакцинаны, қай жұқпалы ауруларға қарсы егу түрлері анықталып, ретімен негізделген. Мысалы, балалық шақта (10 жасқа дейін) әрбір адам міндетті түрде туберкулезге, қызылшаға, полиомиелитка, көкжөтелге, күлге, В гепатитіне, сіреспеге қарсы егілуі керек, ал өте қауітпі ауруларға (зпидемиялық аудандарда) сол ауруларға қарсы қосымша егу жүргізіледі.
Сонымен қатар, әрбір ел вакцинамен профилактика жүргізуде өзінің азаматтары үшін жеке бастың құқын, міндетін және де егу ісін жүргізетін мекемелердің, жауапты қызметкерлердің құқын, міндетін және жауаптылығын заң түрінде анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.А.Рамазанова «Медициналық микробиология», Алматы 2010
2. Шоқанов Н. «Микробиология» оқулық Алматы 1997
3. Борисов Л.Б. «Медицинская
микробиология, вирусология,
4. Коротаев А.И.,
Бабичев С.Л. «Медицинская
5. «Медициская микробиология» В.И.Покровский, О.К.Подзеев
6. Воробьев А.А. «Медицинская и санитарная микробиология»