Антибиотики

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 23:35, курсовая работа

Описание работы

Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник 1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін «антибиотиктер дәуірі» деп атаған. Әрине, бұл өте дұрыс, өйткені вакциналармен қатар антибиотиктер адамзатты жүз мыңдай, миллиондаған адам өмірлерін әкететін, меғмлекеттер тіршілігіне әлеуметтік және экономикалық былықты тудыратын глобальдық инфекциялардан сақтандырған. Бүгін олар өте маңызды, ең алдымен, қолданылатынбарлық дәрілердің ішінде 13% қамтитын емдеу-профилактикалық препараттар ретінде қарастырылуы.

Содержание работы

Кіріспе
1 негізгі бөлім
1.1 Антибиотиктер туралы жалпы сипаттама
1.2 Антибиотиктерді синтездеу технологиясы
1.3Антибиотиктердің қолданылуы.
1.4 Өсімдік антибиотиктері туралы жалпы түсінік
1.4.1Өсімдік антибиотиктерін алу технологиясы
1.4.2Фитонцидтер – антибиотиктер тәрізді микробтарға қарсы әсер ететін өсімдіктердің құрамында болатын заттар
1.4.3Өсімдік антибиотиктерінің қолданылуы.Жаңа препараттар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Антибиотиктер.docx

— 688.57 Кб (Скачать файл)

Полеинді антибиотиктер лейкоз ауруының қоздырғыштардың цитоплазмалық мембранасының өткізгіштігін бұзады.

Рифамцндер бактериялардың РНқ-полмеразасын тежейді. Антрациклиндер ДНҚ репликациясын бұзады.

Бакреиялар – пептидті антибититердің продуценттері:

граммицидинС, bacillus brevis, Р.Дюьро,1939;

Полимиксин В, bscillus polimyxae, 1947 және т.б.

Бацитрациндер, Bscollus lichenformis.

Пептидті антибиотиктер прокартиоттардың цитоплазмалық мембранасының өткізгіштігін бұзады.

Мицеллалы саңырауқұлақтар беталактамды антибиотиктермен олардың туындыларын түзеді, олар грам теріс әсіріесе, грам оң микроорганизмдердің клетка қабырғасы компоненті – пептидогликан синтезін тежейді

  • пенициллиндер (пенициллин және олардың жартылай синтетикалық туындылары;
  • цефалоспориндер (цефалоспорин С және туындылары)
  • цефамциндер )цефамцин С, цефоксин)

Синтетикалық және жартылай синтетикалық антибиотиктер – фторхинолондар –офлосацин, эноксацин, пефлоксацин және т.б., прокариоттардың ДНҚ-ның суперспирализациясына жауап беретін ДНҚ-гираза ферментінің активтігін ингибирлейді.

Өсімдік антибиотктерін – фитонцидтерді 1928ж. Б. Токин сипаттаған болатын; химимлық таза күйінде тұрақты емес, бунин, жалбыздан сальвн, шалғамнан рафанин және т.б.

Жануартекті антибиотик заттар: осетрбалықтардан экмолин, эритроцттерден эритрин, лизоцим және интерферонның микробоцидтік әрекеті басым.

Антибиотиктердің штам-сверхпродуценттері – бұл кезектеліп, көп сатулы мутациялар мен селекциялар жолымен алынған организмдер. Топырақтан бөлінген продуценттер антибиотиктердің жеткіліксіз мөлшерін түзейді. Мутация және көп сатылы сұрыптау жолымен антибиотиктердің өнімін алғашқы, «жабайы» продуценттерге қарағанда 100-1000есе күшейтуге болады. Продуценттердің биосинтетикалық қабілетін екі жолмен күшейтеді: антибиотиктердің жоғары өнімділігіне байланысты жаңа генотиптерді алу және сұрыпталған утанттарды дақылдандыру үшін қолайлы жағдайларды таңдау.

Антибиотиктердің синтезінің генетикалық және биохимиялық реттеуінің күрделі механизмдеріне байланысты сверхпродуценттердің рекомбинатты өндірістік дақылдарын алу тәжірибелік өңдеу сатысында жүргізілуде. Мысалға, хлортетрациклиннің синтез жолы 72 аралық қосылыстардың түзілуін қамтиды. Осындай гендердің үлкен тобын клондау өте күрделі. Актномицеттердің рекомбнаттық штамын констркциялау кезінде клондайтын ДНҚ моекуласын трансформациялау үшін мицлийдің клеткалық қабырғасын бұзу керек және жеке протопластарды алу керек Плазмидті ДНҚ векторының протопластқа енуін полиэтленгликольдің қатысуымен жеңілдетуге болады. Трансформацияланған ротопластар тығыз қорктік ортаға еккенде, қайтадан өсіп-көбею барысында клетка қабырғасы қалпына келеді. Одан кейін трансформациядан өткен бөліп алу үшін клеткаларды селективті қоректік орталарға көшіреді. КЛОНДАУ 10-30 ферментатвтік реакцияларды қамтиды, клетка реципиентке антибиотиктердің сверхсинтезін атқаратын гендердің толық жиыны енгізіледі.

Рекомбинатты ДНҚ технология көмегімен антибиотиктер өнімін күшейтуден басқа, биосинтез жолын өзгертіп модификацияланған антибиотикті де алуға болады. Химерлі антибиотиктердің өнімі екі антибиотикер гендерін араластыру жолымен жүзеге асырылады: актинородин және медермицин, эртромицин және олеандомиицин. Актиномицеттің рекомбинатты штамы алғашқы жағдайда – 2-норэритромицинді.

Сверхпродуцентті түзудің келесі жолы бұл оттегінің төменгі концентрациясына штамның адаптациясы. Көбінесе антбиотиктердің өндірістік синтезінде шектейтін факторы – бұл дақылдық сұйықтықтарда стрептомицеттердің көбейген клеткаларының жоғарылап бара жатқан тығыздығында ерітілген оттегі концентрациясын төмендету болады. Мақсаты – клетка-продуценттерімен оттегіні эффектвті қолданудың биохимялық механизмдерін күшейту.

Микроорганизмдердің түрлі топтарымен түзілетін жаңа антибиотктерді іздеу активті жалғасуда. Бір жағынан бұл көптеген антибиотикттік заттар медицинада, ветеренарияда, тағам өндірісінде, ауыл шаруашылығанда, сонымен қатар, реагенттер ретінде ғылыми зерттеулерде өте кең қолданумен байланысты. Реагенттер есебінде антибиотктер микроорганизмдерде эат алмасу реакцияларын тежейді. Қоектік ортаның селекциялық жағдайын жасайды. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмыстарында кең қолданылады. Екінші жағынан, медциналық практикада антибиотиктерді іздеу оларға төзімділік байқататын көптеген микроорганизмдердің саны өсуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Антибиотиктерді синтездеу технологиясы

 

Өндірісте антибиотиктер өндірісінің келесі тәсілдері қолданылады: микробиолгиялық синтез (полимиксин, грамицидин), химиялық синтез (левомицетин), комбинацияланағн (жартылай синтетикалық пенициллиндер және цеыалоспориндер).

Микробиолгоиялық синтез дақылдандыру ортасын дайындаумен басталады. Субстрат мирооганизмді жақсы өсіру керек, арзан және тиімді болуы тиім. Қоректік ортаны алдымен биореакторда ылғалды бумен қысым қолданып стерилизациялайды.

Сол мезгілде егілетін материалда дайындалады, продуцент штамның таза дақылы колбада, зертханалық және тәжірибе өндірістік ферменттерде біртіндеп көбейтіледі.

Келесі кезең – 7-10 тәулік бойы аэробты, тереңділік, оқтынды ферментацияжүпеді. Ферментация кезінде температура, рН, рО қадағланып отырады, дақылдық орта тұрақты араластырып отырады, көбікті басу үшін химиялық және механикалық тәсіледр қолданылады.

Көбіне екі фазалық дақылдандыру қолданылады; алғашында арзан және тиімді субстратта биомассаны тез жинап алады, кейін қоректік ортаға идиофазада екіншілік метаболиттерді синтездейтін ферменттерді индукциялайтын, өнімдікті күшейтетін бастапқы факторлары кіргізеді. Осындай заттарды дақыл өсіп жатқанда, экспоненциалық фазаның аяғында қосады. Антибиотиктердің өсі бәсеңдеген фазада, идиофазада жетеді. 

Содан кейін ферментациялық масса өңделеді: егер антибиотиктер дақылдың сұйықтығында болса фильтрация жасайды; егер антибиотиктер клеткада болса – клеткамен қоса антибиотикті тұнбалайды, әрі қарай клеткадан бөліп алады.

Антибиотиктерді бөліп алу және тазалау барысында экстракция, иондық алмасу, тұнбалау т.б. әдістер қолданылады.

Экстракция дегеніміз – антибиотиктерді бір ерітіндіден екіншіге көп рет ауыстырар алдында оларды тұндырады яғни, бірнеше ретқайтара кристаллизация жасайды.

Ионды алмастыру сорбциясы негізінде антибиотиктердің теріс зарядталған иондары катионды шайырға жабысад, Енді керісінше шайырға жабысқан антибиотиктерді ерітіндімен айырып алады.

Тұнбалау әдәсәнде антибиотик органикалық затпен немесе бейорганикалық затпен байланысып тұнбаға түседі. Әрі қарай оның экстракциясы жүреді.

Гомогенді түрде бөлінген антибиотикті ауамен немесе лиофильді кептіргішпен кептіреді, биологиялық активтігін сақтау үшін тұрақтандырады, дәрілік формаға айналдырады.

Дайын препаратқа биологиялық және фарамкологиялық бақылау жүргізеді.

 

 

2.2 Антибиотиктердің қолданылуы.

 

Антибитиктер медицинада, втеренарияда, тағам өндірісте, ауыл шаруашылықта қолданылады.

1885ж В. Бабеш деген румын ғалымы, Р. Вирховтың  Берлиндегі зертханасында анатогонизм  қасиетін зерттегенде мынаны  жазған болатын: «... бактерялардың  белгілі бір түрі химиялық  заттарды түзі немесе қоршаған  ортаны өзгертіп, бактериялардың  басқа түріне зиянды әсерін  тигізетін әдісті тәжірибеде  анықтадым. Егер антогонизмді зерттеу  бактериялар арасында басталса, белгілі бір бактерия ісерінен  пайда болған ауруды басқа  бір бактерияның түрімен емдецге  болады деген қорытындыға келер  едік. Бактериялар арасынадғымұндай  қатынас терапияда жаңа идеяларға  әкеледі.

Медициналық практикада антибиотиктер жұқпалы (контагиозды) инфекцияларды (тырысқақ, оба, дизентерия, туберкулез және т.б.) емдеуде және шартты-патогенді микроорганизмдерден туатын (алтын түсті стафилакокк, кандидалар, гемолитикалық стрептококк. Лактозонегативті негативті энтеробактериялар – протей, цитробактер, клебсиелла және т.б.) бақс көптеген инфекцияларды емдеуде кең қолданылып келеді.

Ісікке қарсы (блеомициг), иммуносупрессорлы (циклоспорин) әсері бар антибиотиктерде бар.

Тағамдық консервлеу өндірісінде низин тағам әсері бар антибиотиктерде бар.

Кәдімгі аминқышқылдардан басқа низин құрамында лизин, гистидин, пролин, метионин, изолейцин, сонымен қатар сиректеу кездесетін α-лактонин және β-метиллантионин бар. Оның консервіленген өнімдерге қосылуы температураның және стерилизацияның ұзақтығын төмендеуіне әкеліп, осымен олардың дәм және қоректік қасиеттерін сақтайды.

Жануарларға жемдік қоспа, өсуді ширатушы ретінде 20 астам антибиотиктер қолданылады, олардың ішінде биомицин және террамицин (мицелллалы саңырауқұлақтар); гризин, флавомицин, монензин, тилозин, (стрептомицеттер) анықталағн. Жиі жемге толтырушы есебінде соя ұнын қосады.

Өсімдіктерде әр түрлі фитопатогендерден сақтау үшін түрлі антибиотиктер қолданылады:

  • Trichoecium roseum саңырауқұлағынан трихоцетин, бидай және арпа тамырының шіріуіне қерсы; фузариозға, мақта өсімдігі ауруына қарсы; жылыжайда қиярдың ауруына қарсы;
  • Фитбакреиомицин, Str.lavandula, бактериоздың, тамыр шіруіне қарсы профилактика мақсатымен үрмебұошақ, бидайдың, соя тұқымдарын өңдеуде.
  • Бластицидин, S, Strюgriseochromogenes, күріштің саңырауқұлақтық ауруын емдеуде.

 

 

 

 

3 ФИТОНЦИДТЕР ЖАЙЛЫ МАҒЛҰМАТ 

 

3.1 Өсімдіктердің фитонцидты әсері

 

Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісікжасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.[1]

Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинадақолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.[2]

Фитонцидтер туралы алғаш мәліметтерді кеңестік ғалым Б.П.Токин жинақтады. Ол 1928 жылы Мойыл сабағынан бөлінген заттар әсерінен қарапайым жәндіктердің өлетінің бақылаған. Бұндай биологиялық активті заттарды ғалым фитонцидтер деп атаған. Бұлар өсімдіктердің барлық тобынан табылды. Бұндай заттар әсіресе пиязда, сарымсақта, ақ желкенде, қышада, алоэде, қалақайда көп мөлшерде және басқа да өсімдіктерде де болады.

Өсімдіктердің фитонцидты әсерін адам баласы әсіресе біздің елімізде оңтүстігінде кең пайдаланады. Б.П.Токин өзінің Микробты жоюшылар-фитонцидтер деген кітабында 1932 жылы Ташкент базарында басынан өткізген бір оқиға жөнінде былай дейді. Күн қапырық, базар лас, ас даярлаушы «аппақ халат кимеген» және қолы да таза деуге ауыз бармайтын самса пісіріп тұр. Ғалымға самса жеуге ұсынды, өзбек досының көңілін қалдырмау үшін бірнеше самса жеді де таң қалды. Етке көп мөлшерде ауызды күйдіретіндей хош иісті өсімдіктер қосылған екен. Етке қосылған өсімдік фитонцидтер адамда аурудан қорғаған.

 

 

3.2 Фитонцидтер – антибиотиктер  тәрізді микробтарға қарсы әсер  ететін өсімдіктердің құрамында  болатын заттар

 

Өсімдіктердің фитонцидтық қасиеттерін адам баласы микробтар туралы еш хабары болмаса да, бұрыннан пайдаланып келген. Мысалы өлген адам денесін сақтау үшін пальмадан жасалған шараппен жуған оның үстіне туралған пияз сепкен, содан кейін бірнеше қабат матаға ораған. 1963 жылы рим төңірегінен бұдан 1800 жыл бұрын жерленген жас қыз салынған табыт табылған. Қыз денесі жақсы сақталған, майлардың құрамындағы фитонцидттер әсерінен ұзақ сақталған. Осы кезде өсімдік антибиотиктердің көптеген түрлері бөлініп алынған, олардың кейбіреулері химиялық жолмен таза күйінде алынған.

Фитонцидтер антибиотиктер тәрізді микробтарға қарсы әсер ететін өсімдіктердің құрамында болатын заттар. Көптеген фитонцидтер жануарлар организміне қолайлы әсет етеді. Мысалы олардың кейбіреулері ұлпалардағы аскорбин қышқылы өз кезегінде қабынуға қарсы және жаралардың жазылуын жылдамдататып әсер ететі. Сонымен бірге аскорбин қышқылы кейбір фитонцидтердің бактерицидтілігін арттырады.

Пияздың, сарымсақтың және кейбір басқа өсімдіктердің ұшқыш заттары (эфир майы) сарциналарды, стафилококктерді, стрептококктерді, ішек таяқшаларын бірнеше минутта қырады. Қарақаттағы фитонцидтертер танидтермен бірге қары мен ішектегі қабынуға қарсы әсер етеді. Эвкалипт ағашының құрамындағы әртүрлі заттар ас қорыту жүйесінің қызметін жақсартады. Сонымен бірге шүігіншөп, қырықбуын, құмсағыз, тұнғиық, шайқұрай, қара-сора, қызан, бидай, қырыққабат, асбұршақ, сарымсақ және басқа да көптеген өсімдіктердің фитонциттері микробтарға өлтіре әсер етеді.

Информация о работе Антибиотики