Антибиотикотерапия. Антибиотиктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 16:32, научная работа

Описание работы

Антибиотикотерапия – бұл инфекциялық ауруларға ем және микроорганизмдерге қарсы төтеп беретін дәрілік заттар болып есептеледі. Антибиотикотерапияның негізгі дәрілік препараты антибиотиктер. Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен, жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс ,оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.

Содержание работы

l Кіріспе
ll Негізгі бөлім
а) Антибиотикотерапияның негізгі түрлері
б) Қолдану маңызы
в)Қиындықтары
lll Қорытынды

Файлы: 1 файл

антибиотик.pptx

— 2.36 Мб (Скачать файл)

Қабылдаған:

Орындаған:Тойшибекова  Динара

Факультет:ЖМ

Топ:005-02

Курс:2

 

СӨЖ 
Тақырыбы:

Жоспары: 
l Кіріспе 
ll Негізгі бөлім  
а) Антибиотикотерапияның негізгі түрлері 
б) Қолдану маңызы 
в)Қиындықтары 
lll Қорытынды

Антибиотикотерапия  – бұл инфекциялық ауруларға ем және микроорганизмдерге  қарсы төтеп беретін дәрілік заттар болып есептеледі. Антибиотикотерапияның  негізгі дәрілік препараты антибиотиктер. Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен, жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс ,оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.

 

Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады.

Тиімді және қатерсіз антибиотикотерапия төмендегі маңызды принциптерден тұрады: 

 

- этиотроптық терапияның көрсетулері  

 

-  негізгі этиотроптық әдістер  

 

- жеке емдеу әдістері(мөлшері, қолдану уақыты)

 

Антибиотикотерапияның клиникалық фармакотерапиядан ерекшелігі – 3 компонентпен  тиімді әрекеттеседі: олар микроорганизмдер, дәрілік препараттар, макроорганизмдер. 

Антибиотиктер қолдану жағдайына байланысты 3-ке бөлінеді: 
• клетка мембранасындағы  ингибиторлық микроорганиздер (пенициллин, цефалоспорин, монобактам, карбапенем, гликопептид (ванкомицин, тейкопланин), бацитрацин, циклосерин);  
• молекулалық органдар мен клеткалық мембраның функциясын зақымдайтын антибиотиктер (фосфомицин, полимиксин, нистатин, леворин, амфотерицин);  
• ақуыз  және нуклеин қышқылдарының синтезіне  қатысатын  антибиотиктер (хлорамфеникол, тетрациклин, макролид, линкомицин, клиндамицин, аминогликозид,  фузидин)

Пенициллин — түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең пайдалы антибиотиктердің бірі. Ол көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың біраз түрін жояды. 
Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа дә вирустық инфекцияларға көмектеспейді. Пенициллин үшін 250мг=400000ед 
Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин). Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді. 
Көптеген адамдар үшін пенициллин аса пайдалы да сенімді дәрілердің бірі болып табылады. Пенициллинді шектен тыс қолдану оларға зиян келтірмейді, тек қаржысын ғана шығын етеді. Пенициллинді аз мөлшерде қолданған жағдайда ол инфекцияны толық жоя алмайды және бактериялар пенициллинге үйреніп, оған берілмейтін болып алады . Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе қызыл бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады. Бұл көбіне пенициллин шанышқаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен кейін пайда болып, бірнеше күндерге созылуы мүмкін.

Антигистаминдер қышығанды басуға көмектеседі. Сиректеу жағдайда қауіпті реакциялар туғызады, бұл аллергиялық естен тану деп аталады. Пенициллинді шанышқаннан немесе ішкеннен кейін адамның беті кенеттен бозарып, дем алысы қиындайды да ол естен танады. Бұл жағдайда жедел эпинефрин (адреналин) қолдану керек. Пенициллинді қабылдай алмайтын адамдар таблетка түріндегі тетрациклинмен немесе эритромицинмен емделуіне болады. Пенициллиннен жазылатын көптеген инфекциялардан оның таблеткасын ішіп те ойдағыдай жазылуға болады. Пенициллинді егу оны таблетка түрінде қабылдаудан көрі қауіптірек. Пенициллинді ушыққан және аса қауіпті жұқпалы аурулар кезінде ғана шанышу керек.

Антибиотикотерапия ауруға қарсы комплексті емдеудің , негізгі  патогенді микроорганизмдердің  этиологиялық факторы болып есептеледі. Көптеген антибиотиктердің арқасында  қауіпті инфекциялық ауруларға  ем таба білдік.  Сонымен қатар  осы антибиотиктер ем болса да, өзінің зиян әсері проблемаға айналып  отыр. Пеницилин бір жағынан жақсы  әсерінде жаман әсерінде береді. Антибиотикотерапияның  қиындығы антибиотиктердіңң бір  органға жақсы әсер етіп, ған қоймай үлкен мәселеге алып келуі қиындатып  отыр.

Антибиотикотерапияның қиындықтары

 

•    Микробтарға қарсы препараттарға орнықтылық. Антибиотиктерді шамадан тыс қолдану  микробтарға қарсы препараттардың орнықтылығын күшейтеді, дәрілердің көп мөлшері инфекциялық ауруларға қарсы тиімсіз болып қалатынына алып келеді.  Обырды емдеудің көптеген хирургиялық процедурасы мен әдістері инфекциямен күресу үшін қолданылатын антибиотиктерсіз мүмкін емес. Орнықтылық аурудың ұзаққа созылуына, пациенттердің ауруханада ұзақ уақыт болуына, тіпті олардың өліміне алып келеді.

 

• Дәрілерге қолайсыз реакциялар мен дәрімен емдеудегі қателіктер. Дұрыс қолданбаудан туындаған дәрілерге қолайсыз реакциялар немесе дәрілерге аллергиялық реакциялар аурудың    күшеюіне, азаптануға және өлімге алып келеді.  

 

•    Ресурстарды ысырапшылдықпен жұмсау. Денсаулық сақтаудың ұлттық бюджеттік қаржысының 10%-40%-ы дәрілерге жұмсалады.  Дәрілерді өз қаржысына алу адамдар мен олардың отбасылары үшін әжептеуір қаржылық қиындықтар тудырады. Дәрілерді дұрыс тағайындамау мен дұрыс қолданбау кезінде мемлекеттік және жеке қаржыдан миллиардтаған доллар ысырапшылдықпен жұмсалады.     

 

•    Пациенттердің сенімін бұзу. Дәрілердің шектелген санын шамадан тыс қолдану олардың жетіспеушілігіне немесе қолжетімсіз бағамен сатылуына алып келеді, нәтижесінде пациенттердің сенімін бұзады.  Сондай-ақ дәрілерді тиісінше қолданбаудан туындаған денсаулыққа қатысты нашар және негативті нәтижелер де сенімді бұзуға алып келеді.

Пайдаланған әдебиеттер: 
 
1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 
2. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001 
3. Страчунский Л.С. Клиническая антибиотикотерапия, №1, (1999). 
4. Белобородова Н.В. Consilium Medicum. Т.2, №4, (2000).


Информация о работе Антибиотикотерапия. Антибиотиктер