Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2013 в 15:14, реферат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс бұл уақыт талабы»-дегенінен мұғалімдер қауымына өте үлкен жауапкершілік жүктелгенін аңғаруға болады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат-жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімен жұмыс жасауларына жағдай жасау және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық технологияларды немесе оның элементтерін ұтымды пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.