Арнайы педагогика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 15:10, реферат

Описание работы

Қалыпты түрде даму үрдісінің әр түрлілігі,күрделілігі баланың дұрыс білім алып,іскерлікке баулу,түзету жұмыстарын қабылдау жағдайларын анықтайды.Балалардың әлеуметтік жағдайы,көбінесе,ағзаның биологиялық факторларына және қоршаған ортасына байланысты.Мұндай баладан жоғары деңгейдегі тұлға тәрбиелеу үшін биологиялық және әлеуметтік факторлар жүйелі түрде бір-бірімен байланысып тұруы қажет.Әр бала басқаларға ұқсамайтын ақаулар жиынтығымен,яғни туа біткенжүйке жүйесінің процестерімен (күш,тұрақтылық,салмақтылық,жылдамдығы, мықтылығы) ерекшеленеді.Психикалық ақаудың қалыптан тыс болуы - біріншілік дефектінің болуына байланысты (биологиялық негізде жүруі), кейіннен екіншілік дефектінің қосылуы (әлеуметтік негізде).

Файлы: 1 файл

Арнайы педагогика.doc

— 31.50 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ.  

 Мүмкіншілігі шектеулі балалар деп балалар психикалық мен физикалық дамуында ақауы бар,жалпы дамуы бұзылған,толыққанды өмір сүре алмайтын жандарды  айтады.

   В.А.Лапшин және В.П.Пузановтың  жіктеуі бойынша мүмкіндігі шектеулі  балаларды келесі топтарға бөледі:

  1.Есту қабілеті бұзылған  балалар (мүлдем естімейтіндер,әлсіз  еститіндер,кейіннен естімей қалғандар);

  2.Көру қабілеті бұзылған  балалар (мүлдем көрмейтіндер,нашар  көретіндер,кейіннен көрмей қалғандар);

  3.Сөйлеу қабілеті бұзылғандар (логопаттар);

  4.Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;

  5.Ойлау қабілеті бұзылған  балалар;

  6.Психикалық дамуы тежелгендер (ПДТ);

  7.Мінез-құлық пен қарым-қатынасы  жетілмеген балалар;

  8.Психо-физикалық дамуы комплексті  түрде бұзылғандар (күрделі дефектісі бар балалар: көзі көрмейді,ақыл-есі төмен,құлағы естімейді; сөйлеу қабілеті бұзылған,ақыл-есі төмен,тірек-қимыл аппараты бұзылған);

  Қалыпты түрде даму үрдісінің әр түрлілігі,күрделілігі баланың дұрыс білім алып,іскерлікке баулу,түзету жұмыстарын қабылдау жағдайларын анықтайды.Балалардың әлеуметтік жағдайы,көбінесе,ағзаның биологиялық факторларына және қоршаған ортасына байланысты.Мұндай баладан жоғары деңгейдегі тұлға тәрбиелеу үшін биологиялық және әлеуметтік факторлар жүйелі түрде бір-бірімен байланысып тұруы қажет.Әр бала басқаларға ұқсамайтын ақаулар жиынтығымен,яғни туа біткенжүйке жүйесінің процестерімен (күш,тұрақтылық,салмақтылық,жылдамдығы, мықтылығы) ерекшеленеді.Психикалық ақаудың қалыптан тыс болуы - біріншілік дефектінің болуына байланысты (биологиялық негізде жүруі), кейіннен екіншілік дефектінің қосылуы (әлеуметтік негізде).

     Л.С.Выготскийдің тұжырымы  бойынша психологиялық жоғарғы  деңгейдегі функциялар және жоғарғы  деңгейдегі ақаулық көріністердің жетілмеуі психопатия және ойлау қабілетінің төмендігінің асқынуы болып келеді. Мұндай жағдайда әр түрлі әсерлерге бейімділігі төмен,тұрақтылығы аз болып келеді.Қалыптан тыс даму процесінде тек негативті көріністер ғана емес,сонымен қатар жағымды көріністер болады.Ол баланың сыртқы ортаға бейімделуіне байланысты қалыптасады.Мысалы,көру қабілеті бұзылған баланың есту мүмкіншілігі артады,есту қабілеті бұзылған баланың мимикалық қарым-қатынасы жетілген болады.

     Сөйтіп,мүмкіншілігі  шектеулі балалардың дамуына 4 шектеуші  фактор әсер етеді:

          1. Ақаудың түрі.

          2. Біріншілік  дефектінің көлемі мен сапасы (ақаулар айқын,әлсіз немесе 

             мүлдем білінбейтін болуы мүмкін).

          3. Біріншілік  дефектінің пайда болу уақытына  байланысты (неғұрлым 

             дефект ерте пайда болса, соның салдарынан психофизикалық даму  

             ақауы да айқын келеді).

           4. Әлеуметтік  жәнепсихо-педагогикалық орта (аномальді  балалардың дамуының жетістігі,көбінесе, ерте диагноз қойылғандықтан, ерте  коррекциялық,реабилитациялық жұмыстарды жүргізуіне байланысты).

    Жалпы, осы мүмкіндігі  шектеулі балалармен жүргізілетін  түзету жұмыстарына келер болсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға  ерте түзете-дамыта көмек көрсету  ұйымдарының алгоритмі мен түрлері  жайлы А.К.Жалмұхамедова атап көрсеткен.

    Түзете-дамыта көмек  көрсету траекториясына мүмкіндіктері  шектеулі балаларға  және олардың  отбасына жүйелі түрде әлеуметтік,медициналық-педегогикалық  түзете көмек көрсету және  кеңес беру жұмыстары кіреді. Жүйелі көмек көрсету 3 бірегейлі бағыттардан құралған:

     1.Медициналық бағыттың мақсаты – балалардың денсаулық жағдайы,олрдың қабылдап жатқан емдерінің сапасы мен күнделікті алуы,түзету кабинеттерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етуімен қарастырыфлғанмедициналық көмектің қажетті түрлерін көлемді түрде көрсету болып табылады.      

     2.Әлеуметтік-психологиялық  бағыттың мақсаты – мүмкіндіктері  шектеулі балаларға және олардың  отбасына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық  түзете көмек көрсету,олардың әлеуметтік,медициналық және білім алу қажеттіліктері мен нәтижелі қанағаттануын бақылау.

     3.Білім беру мақсатының  бағыты – үй жағдайында баланың  дамуын бақылау мен бағалау  сұрақтары бойынша түзете-дамыта  көмек көрсету мен ата-аналарына  кеңес беру болып табылады.

      ҚР мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық көмек берудің мемлекеттік үлгісін қарастыруға болады.Жүйе 5 деңгейден құралады:

    1.Психикасында және дене дамуындағы бұзылыстарына скрининг  жүргізу. Психикасында және дене дамуындағы  ауытқушылықтары скрининг әдістемесінен өткізу.Бұл қызметті медицина қызметкерлері атқарады.Скрининг қатер тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.

     2.Психикасын және дене дамуын терең зерттеу.Психикасы және дене дамуындағыауытқушылықтарды терең кешенді тексеру педагогикалық-медициналық-психологиялық кеңесте жүргізіледі.

     3.Түзете әсер ету. Түзетушілік көмек көрсету қызметін оңалту орталықтары,педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттері мен арнайы балабақшалар және жалпы үлгідегі балабақшалардағы арнайы топтар атқарады.

     4. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.Ерте көмек көрсетуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ғылыми зерттеу орталықтарымен зертханалар жүргізеді.

     5. Мемлекттік-құқықтық қамтамасыз ету. Ерте көмек көрсету жүйесінде мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету қызметін мемлекттік білім беру,денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауды басқару ұйымдарыатқаруы тиіс.


Информация о работе Арнайы педагогика