Ас корыту жуйесi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2014 в 15:55, реферат

Описание работы

Ас қорытудың маңызы. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде гіайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады.

Файлы: 1 файл

Ас қорыту жүйесі.doc

— 70.50 Кб (Скачать файл)

                                                                 Ішектегі ас қорыту.

   12 елі ішектегі астың қорытылуы. Лайықты мөлшерде қорытылған ас қоймалжыңы қарынның ет қабатының және арнайы қарын сфинктерінің босап ашылуымен қарын қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке жылжытылады. Он екі елі ішек ас қорыту жолының аса маңызды бөлігі. Оның ұзын дығы 25-30 см. Мұнда  екі үлкен бездерден сөл құйылып, асты қорытуға қатысады. Олар бауырдың өті мен ұйқы  безінің сөлі. Сонымен қатар, он екі елі ішектің өз бездері де ішек сөлін өндіреді. Ішек сөлінде белоктарға, майға және көмірсуға әсер ететін барлық ферменттер бар. Бауырдың өті ішектің ішінде майды эмульсияға, яғни өте ұсақ  май тамшыларына айналдырады. Бұл май бөлшектерінің ферменттермен жанасу ауданын көбейтеді де қорытылуын тездетеді. Өттің, ұйқы  безі мен ішек бездерінің сөлдерінің әсерінен белок, май, углеводтар организмге сіңетіндей түрге ыдырайды.

   Ұйқы  безі сөлінің құрамындағы трипсиноген ферменті, ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналады. Ұйқы  безінің сөліндегі л и п а з а ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахаридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы        лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид лактозаға ыдыратады.

   Он екі елі ішектегі сөлдің рН 7,5-8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді реакциясын рН 4-6-ға дейін төмедетеді.

   Ащы ішектегі ас қорыту. Ащы ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3 м, Асты қорытатын ферменттер ащы және мықын ішектердің кілегейлі қабатының либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа, аминопептидаза, дипептидаза, белсенділігі аз протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза және инвертаза ферменттері бар. Бұлар  ащы ішектің қабырғасында ғана әсер етеді де  ішек қуысына құйылмайды.

   Ұйқы  безі балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды. Мұның көрсеткіштері физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі. Осындай өсу және даму қарқындары бауырда да байқалады.

   Ішек бүрлерінде астың қорытылуы. Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр іспетті ішек эпителиінің микробүрлері болады (34-сурет). Олардың саны оте көп — 1 мм2 ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлері болады. Микробүрлердің арасындағы қуыстарда ішек сөлінің ферменттері көптеп шоғырланған, олардың концентрациясы ішек қуысындағы сөлдегіден анағүрлым жоғары, сондықтан мұнда  ас қорыту өте күшті жүреді. Сонымен қатар, микробүрлердің беті астың қорытуынан пайда болған заттардың қанға және лимфаға сіңуін жеңілдетеді. Ас қорытудың осы ерекшелігін мембрандық   ас  қорыту дейдій

   Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішек кілегей шырыш өндіреді. Аш ішектің сөлінің ферменттері аттас белсенділігі аз ферменттер тоқ ішектің ащы ішекпен шектес жерінде аздап өндіріледі. Тоқ ішекте бактериялардың әсерінен көмірсу мен белоктар шіриді. Белоктардың шіруінен бірнеше улы заттар — индол, скатол, фенол т. б. пайда болады да, қанға сіңеді. Ішектен шыққан қан тамырлары алды-мен бауырға барады да, онда улы заттар усыздандырылады, яғни бауыр кедергілік қызмет атқарады. Мұнда  улы заттардан организмге қажетті усыз заттар түзіледі.

   Сіңу. Белоктар пептидтер, амин қышқылдары, нуклеозидтер мен нуклеотидтер түрінде қанға сіңеді. Сіңгек заттар қан арқылы клеткалар мен ұлпаларға тасылады. Май аз мөлшерде түйіршіктері мейлінше ұсақ  эмульсия ретінде лимфа тамырына сіңеді. Май тамшыларының үлкендігі 0,5 мкм-ден аспауы тиіс. Ал майдың көбі липаза ферментімен ыдыратылғаннан кейін глицерин мен май қышқылдары ретінде сіңеді.

   Майдың сіңуінде бауырдың өтінің маңызы үлкен. Ол майды ұсақ  май тамшыларына айналдырады да, ішек қабыр-ғасынан өтуіне мүмкіндік жасайды. Және май қышқылдары мен глицерин өттің құрамындағы заттармен қосылып мицеллаға айналады, олар ішек эпителиінен оңай өте алады. Осы құбылыс  кезінде босаған өт қышқылдары қанға сіңеді де, қан тамыры арқылы бауырға барады. Сөйтіп май өнімдерін тасуға көмектескен өт қышқылдары қайтадан өз қызметін орындауға дайын болады. Мөлшері аз болғанымен (3,0-3,5 г) өт қышқылдары бір тәулікте 70-100 г май қышқылдарын тасуды қамтамасыз етеді.

 

   Ішектің бүрлерінде нейтральді майлар өндіріледі де, олар ішек қабырғасындағы лимфа жүйесіне хиломикрон түрінде өтеді. Хиломикрондардың құрамында  84-87% үшглицеридтер, 4-7% фосфатидтер, 2-5% холестерин, 2% белок болады. Хиломикронның диаметрі 120-1100 нм. Көкірек лимфасының өзегі арқылы хиломикрондар жалпы қан айналысына косылып, зат алмасуына қатысады.

   Көмірсуларының ақырғы өнімі моносахаридтер — глюкоза, фруктоза мен галактоза қанттары тікелей қанға сіңеді де бауырға келеді. Мұнда  көмірсу зат алмасуына қатысады.

                                                  Ас қорытудың реттелуі

   Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтен соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Мұндай  сілекейдің тез бөлінуі рефлекторлы түрде, жүйке жүйесінің қатысуымен реттелетінін білдіреді. Ауыз қуысындағы ас тілде, үртта, еріннің ішкі жағында орналасқан дәм сезгіш, ауырсыну, жылу сезгіш терморецепторлар мен қысымды, механикалық жанасуды сезетін барорецепторларды тітіркендіреді. Олардың үштарында қозу пайда болады. Бұл қозу орталыққа тепкіш, яғни кезеген, тіл-жұтқыншақ және бет нервтерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол симпатикалық және парасимпатикалық орталықтан тепкіш, яғни эфференттік нервтер арқылы сілекей бездеріне барады да, шартсыз сілекей шығару рефлексі іске асады.

   Мұндай  нәтижені сілекей бездерінің гормондары к а л и к р е и н мен брадикинин де тудырады. Симпатикалық нервтендіру жүйесі қоректендіру (трофикалық) қызметін қоздырады, сілекей ферменттерін ондіруді реттейді. Симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде аздаған мөлшерде сілекей шығады, бірақ ол ферменттер мен муцинге мейлінше бай болады.

   Сілекей тамақты көргенде, оның иісін сезгенде, астың атын айтып әңгімелескенде де шығады. Бұл — И. П. Павлов шартты рефлекс деп атаған сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс Бұрын  көрген, жеген, иісін сезген, аты аталған тамақты қабылдағанда пайда болады. Мысалы, Бұрын  лимон жеп көрмеген адамда лимонның түрін көріп тұрған мен немесе оны сөз қылғаннан сілекей бөлінбейді..

   Күшті тітіркендіргішке 1,5-2 секундте, ал әлсіз тітіркендіргішке 15-20 секундта сілекей бөліне бастайды.

   Ауыз қуысындағы сезгіш рецепторлардың тамақ түйіршігінің немесе сілекейдің өсерінен тітіркенуі сопақша мидағы жүтыну орталығын қоздырады. Жүтыну оралығындағы қозу импульстері үшкіл, тіласты, кезеген және тіл-жұтқыншақ нервтерінің эфференттік жолымен жұтқыншақ пен көмейдің бұлшық  еттеріне келеді. Олардың жиырылып, босауының нәтижесінде ас қоймалжыңы  өңешке өтеді.

   Ішек-қарынның қозғалысы (моторикасы). Ішектер мен қарынның қабырғалары қозғалып, ас қоймалжыңын олардың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылжытып отырады, онсыз астың қорытылып, бойға сіңуі мүмкін болмас еді.

   Ішек-қарынның қабырғаларындағы ұзын  жолақты және сақина тәрізді орналасқан тегіс еттер жиырылып, қысқарып түрлі қозғалыстар жасайды. Ондай қозғалыстың негізгі екі гүрі бар: маятник тәрізді және перистальтикалық. Перистальтикалық жиырылу кезінде ішек-қарын толқын іспетті бүлкілдейді де, ас қоймалжыңы бір бөлімнен екінші болімге ауысады. Маятник тәрізді ырғақты жиырылғанда ас қоймалжыңы ас қорыту сөлімен араласады. Қарынның томенгі жақ (пилорус) бөлімінің сфинктері ашылып-жабылуына қарай ас қоймалжыңы қарыннан он екі елі ішекке сығымдалып, бөлек-бөлек болып өтеді. Ас қоймалжыңы он екі елі ішекке өткенен кейін оның қабырғасындағы механорецепторлар, хеморецепторлар мен барорецепторлар тітіркеніп, олардан келген қозу импульстерінің әсерінен ас қорыту мүшелерінің қозғалысын реттейтін жүйке орталықтары қарынға жауап импульстер жібереді де, қарын сфинктері жабылады.

   Ішектегі ас қорытудың реттелуі. Ішектегі ас қорытудың, бірінші кезеңі, тамақтың әсерінен ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Бұл кезеңде ферменттерге бай аздаған мөлшерде ұйқы  безінің сөлі ішекке құйылады. Екінші кезеңі, қарын сөлінің бөлінуіне байланысты туады. Қарынның хеморецепторларының тітіркенуі кезеген нерв арқылы ас қорыту орталығына баратын импульстерді тудырады. Ас қорыту орталығынан қозу ащы ішекке, ұйқы  безіне және бауырға келеді. Ас қоймалжыңының қарыннан ішекке өтуіне байланысты ұйқы  безі көптеп сөл өндіре бастайды.

   Ішектегі астың қорытылуын реттейтін ең жоғарғы орталық — мидың гипоталамус бөлігі. Оның хеморецепторларын «аш» қан тітіркендіреді. Бұл орталықтың қызметінің бүлінуі тойымсыздықты (көбінесе кәрі адам-дарда) тудырады.

   Ас қорытудың ең жоғарғы реттеуші орыны — ми қыртысындағы ас қорыту орталығы. Ас қорыту жолдарының бәрінен осы орталыққа қозу импульстері келіп отырады. Мұны  дәлелдейтін жағдай — тамақтың иісіне, тағамның аттарына, тамақ жайында әңгімелескенде шартты рефлекстер пайда болады.

   Ас қорыту мүшелерінің гагиенасы. Сәби баланың тұрақты  тістері бірнеше жылдар бойы сүт тістерінің астында болатындықтан мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысы мен тістеріне ерекше көңіл аударуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінің мөліметі бойынша қазіргі кезде балалардың ХО-90 %-ның тістері үнемі емдеп жүруді қажет ететін корінеді. Балаларда, әсіресе тіс к а р и е с і жиі байқалады. Мұның себебі қышқылдар тістің эмал қабығының және тіс ұлпасы  дентиннің минерал тұздары н ерітеді. Әсіресе комірсуының ашығанынан пайда болатын сүт қышқылы гіске көп зиян келтіреді. Одан әрі эмалі бүлінген тіске микробтар әсер ете бастайды. Сөйтіп тістің органикалық заттары ыдырайды. Кариестің пайда болуына тамақтың құрамындағы В және Д топтарындағы витаминдердің, кальций, фосфор, фтордың жетіспеуінің де ықпалы бар. Мұны ң бәрі организмдегі минералдар мен белоктың алмасуына, соның ішінде тіске де әсер етеді. Кариестің майда болуына ауыз қуысындағы микроорганизмдердің осері мол, сондықтан баланың күніне екі рет (таңертең гүрған соң және кешке жатарда) тістерін арнайы пасталармен тазартып отыруы және тамақтан соң ауызын іиымшым температуралы сумен шайып отыруының маңызы зор. Кариесті болдырмау үшін тамақтың құрамындағы кальций, фосфор мен фтор және витаминдердің мөлшерін геңестіруге көңіл бөлу қажет. Қазіргі кезде ауыз суын фторлау, арнайы тіс пасталарын жасау сияқты аурудың алдын алу жұмыс тары кең жолға қойылған. Сонымен қатар, балалардың тістерін мезгіл-мезгіл маман дәрігерге корсетіп, тексеру қажет. Маман дорігерлер ауру тістерді емдеп, пайда болған тесіктерін бүтіндеуі тісті мүлде бүзылудан сақтайды. Балаларға тым ыстық немесе тым суық тамақ беруге болмайды. Әсіресе жылы тамақтан кейін оте суық тағамдарды жеу оте зиянды. Жаңғақ іспетті қатты жемістерді тіспен жаруға балаларға рүқсат етпеу керек.

   Педагогтер ас қорыту мүшелерінің жүйке жүйесінің бақылауында екенін үмытпауы керек. Күнделікті өмір жағдайларына байланысты балаларда тамақтануға, әсіресе мезгілінде тамақ ішіп-жеуге байланысты шартты рефлекстер көптеп пайда болады. Үйреншікті уақытта қарын сөлі боліне бастайды. Сондықтан күнделікті тамақтану кестесін бүзуға болмайды. Бұл талапты орындау үшін түскі тамақты ішетін кезде оқу-тәрбие жұмысын  тоқтатқан жөн. Астың дұрыс  қорытылуына дастарханды жаю тәртібі де маңызды: тамақтың жағымды иісі, түрі, ас ішетін орынның маңайының тазалығы т. б. көп әсер етеді.


Информация о работе Ас корыту жуйесi