Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 16:20, реферат
Ашық тұқымдылардың тұқымдары аналық бүрдiң тұқымдық қабыршақтарының төменгi жағында ашық жатады. Бұл әсiресе сiбiр қарағайында айқын байқалады. Ашық тұқымдылар бөлiмi деген атау осы ерекшелiктерiне байланысты берiлген.
Жалпы сипаттамасы. Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетiнде кең таралған өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар топтары жойылып кеткен. Қазақстанда ашық тұқымдылардан шырша (ель — Picea), қарағай (сосна — Pinus), балқарағай (листвинница – Larix), самырсын (пихта — Abies), арша (можжевельник — Juniperus), қылша (эфедра — Ephedra) туыстарының түрлерi өседi.