Ағза реактивтілігі жыныстық әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 18:52, реферат

Описание работы

Организм реактивтілігі (латын сөзі – reactia – қарсы іс-әрекет) – организмнің сыртқы және ішкі ортаның әсеріне тіршілік жауап беруі.
Түрлік реактивтілік – белгілі бір жануарларға тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеті. Мысалы: жануарлардың маусымға байланысты тәртібі. Адамның реактивтілігі көптүрлі, бұл жерде ІІ-ші сигнал жүйесінің маңызы өте зор.Сөздің әсері емдік әсер мен қатар ауру тудыруы да мүмкін.

Файлы: 1 файл

Тақырыбы.doc

— 61.50 Кб (Скачать файл)

 

 

                   Ағза реактивтілігі жыныстық әсері

 

Организм  реактивтілігі (латын сөзі – reactia –  қарсы іс-әрекет) – организмнің  сыртқы және ішкі ортаның әсеріне  тіршілік жауап беруі.

Түрлік реактивтілік – белгілі бір жануарларға  тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеті. Мысалы: жануарлардың маусымға байланысты тәртібі. Адамның реактивтілігі көптүрлі, бұл жерде ІІ-ші сигнал жүйесінің маңызы өте зор.Сөздің әсері емдік әсер мен қатар ауру тудыруы да мүмкін.

  Топтық реактивтілік – бұл жеке топ адамдарының (жануарларының) белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты, сыртқы әсерлерге реактивтілігі. Мысалы: еркектерде подагра, превратник стенозы, микседема, жиі кесдеседі.асқазан жарасы, ревматоидты артрит,

Әр адам (жануар) түрлік, топтық реактивтілікпен қатар сыртқы әсерлерге өзінің өмір сүру ерекшелігіне байланысты іс-әрекеттермен жауап береді. Мысалы: тұмау вирусының әсерінен біреулер қатты ауырады, екіншілер жеңіл ауырады, ал үшіншілері мүлдем ауырмайды, бұл өзіндік реактивтілікке байланысты.

  Физиологиялық реактивтілік – сыртқы ортаның әр-түрлі факторларының әсеріне организмнің өмір сүру әрекетінің өзіне зиянсыз өзгеруі. Мысалы: адамның (жануарлардың) патогенді емес.

  Патологиялық реактивтілік микробтарға, әлсіз тітіркендіргіштерге орташа физикалық күшке, сыртқы ортаның температура өзгерістеріне бейімделуі.

 Дерттік организмінің сыртқы ауру тудырғыш факторларына ауыру арқылы жауап беруі, немесе ауру, дерт-патологиялық реактивтілік. Бұл реактивтілік жеке адамда,жануарларда, топта, түрде болады.

  Спецификалық реактивтілік – бұл организмінің антиген әсеріне антидене немесе жасуша комплексінің пайда болуымен және әсерімен жауап беруі, яғни имундық жүйенің реактивтілігі. Түрлері: белсенді спецификалық иммунитет, аллергия, аутоиммунды аурулар, имун жетіспеушілік жағдайлар.

  Спецификалық емес реактивтілік – организмнің сыртқы факторлар әсеріне жауап берудегі болған өзгерістер имундық жүйенің қатысуынсыз болған жағдайда болады. Мысалы: организмде гипоксия, жарақат шокында, зорлануда пайда болатын өзгерістер.

 

 

 

Реактивтіліктің түрлері:

 

А) нормергия – қалыпты реактивтілік

 

Б) гиперергия – жоғарғы реактивтілік

 

В) гипоергия – төменгі реактивтілік

 

Г) дизергия – бұзылған реактивтілік

 

Д) анергия – реактивтіліктің жоқтығы.

 

 Резистенттік төменділік– организмнің патогенді факторларға төзімділігі. Төзімділіктің айқындалуының формалары әр-түрлі. Мысалы: тері мен шырышты қабат микроорганизмдердің енуіне тосқауыл қызмет атқарады.

  Біріншілік төзімділік – тұқымқуалаушылық.Организм өзінің конституциялық ерекшеліктеріне байланысты сыртқы патогенді микроорганизмнің енуіне, өсіп-өнуіне, ауру тудыруына жағдайлы ортасы жоқ.

  Екіншілік төзімділік – жүре пайда болған төзімділік. Инфекциялық аурулардан кейнгі, егулерден кейінгі иммунитет.

  Пассивті белсенсіз төзімділік – организмнің баръерлік жүйесінің тері, шырышты қабат, бактериоцидтік факторлар асқазандағы тұз қышқылы, сілекейдегі мезоцим, тек тік иммунитет.

  Активті белсенді төзімділік – қорғаныс бейімделу және компенсаторлық механизмдердің қосылуымен қамтамасыз етіледі фагоцитоз,антиденелердің түзілуі, токсиндердің залалсыздандырылуы және шығуы, стресс гормондарының бөлінуі, тыныс алудың және қан айналымның өзгеруі, қалтырау, т.б.

Реактивтілік пен төзімділіктің  түзілуі организмнің конституциясына, зат алмасу ерекшелігіне, жүйке, эндокрин, иммунды жүйелерінің жағдайына, жасына, жынысына, сыртқы ортаның жағдайына  байланысты.

Конституция – (лат.constitutio – жағдай, қасиет) сыртқы ортаның әсерінен генотип негізінде пайда болған тұрақты морфофункциональдық, психикалық ерекшеліктер.

Адамның дене құрылымына байланысты 3 түрі бар:

 

А) Нормостеник – қалыпты.

 

Б) Гиперстениктер – иықтары  кең, аяқ-қолдары салыстырмалы қысқа, беті дөңгеленген, мойны мен кеудесі қысқа, эпигастральды бұрышы 900-тан жоғары, іші үлкен, бұлшықеттері мен тері асты майлы қабаты жақсы дамыған. ӨТС – төмен, өйткені диафрагма жоғары орналасқан, жүрегі үлкен, горизонтальды орналасқан, аортасы кең.

 

В) Астениктер – бойлары ұзын, арықша, эпигастральды бұрышы үшкір. Барлық көрсеткіштері гиперстениктерге қарама-қарсы.

Нормостениктерде жоғарғы  тыныс жолдар аурулары, қозғалыс аппараты аурулары, невралгиялар, коронаросклероз  жиі кездеседі.

Гиперстениктерде қан  қысымының жоғарылауы, инсульт, қант диабеті, семіздік, атеросклероз, жүректік ишемиялық ауруы, қан тамырларының тромбозы, холецистит, жоғарғы қышқылды гастрит көп кездеседі.

Астениктерде – гипокгликемия, қышқылдығы төмен гастрит жиі  кездеседі, төзімділіктері төмен, жарақаттар мен күйіктер шокпен асқынады, сепсис ауыр түрде өтеді, туберкулезбен жиі ауырады, тәбеті жоғары болады.

Төзімділік жасқа да байланысты. Нәрестенің АФЕ-рі тыныс  жолдары ауруларының, асқорыту ағзаларының  ауруларының, диатездің жиі кездесуіне септігін тигізеді.

1-3 жастағы балалардың  функциональды жетіспегендігіне  байланысты, иммунитеттің төмендегеніне  байланысты (организмі антиденелер  түзуге қабілеті төмен, плацента  және ана сүті арқылы анасынан  алған антиденелер жоғалуына  байланысты) баръерлік жүйенің жетілмегендігіне байланысты. Организмі инфекциялық ауруларды тез қабылдайды (қызылша, скарлатина, көкжөтел, күл).

Қартайған шақтағы адамдарда  қатерлі ісіктер, атеросклероз, жүрек  ишемиясының жиілігі артады. Бұл  жүйке жүйесі қызметінің төмендеуімен, баръерлік жүйенің нашарлауымен (әсіресе инфекциялық ауруларға бейім), тікелей байланысты. Дәрілік препараттардың метаболизмінің төмендігімен байланысты оларға аз дозамен тағайындалады.

Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез  бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогор-явтт аталады. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Гормондар

Бөлетін бездер ағзаға әсері

Тироксин  қалқанша безі, негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады

Паратгормон Қалқанша  маңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді

Инсулин Ұйқы бездің аралды бөлігі,бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді.

Глюкагон Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді

Адреналин Бүйрек үсті бездің без заты симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді

Норадреналин Қантамырларын тарылтады. 

Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді

Гиреотропты гормон қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді

Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді

Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді

Вазопрессин бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады

Тестостерон (андрогендер)Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді

Эстрадиол (экстрогендер)Аналық бездер  Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады.

 

Қызметі: 1. Гормондар  денедегі зат алмасу қарқындылығын  өзгертеді;

 

2. Ағзаның  тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

 

3. Өсу мен  көбеюді реттейді;

 

4. Ағзадағы  физиологиялық үдерістерді үдетеді  (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.

 

5) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

 

6) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

 Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.

Гипофиздің  артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-кесте).

Гипофиз безінің  қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық әсіресе  жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол  сүйектері ұзарып, маңдайы мен  бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Гипофиздің  гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа  бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің  зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Дене  бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене  бітімінің сәйкессіздігі  қалқанша бездің зақымдануынан  болады. Бұдан басқа  қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым  құрғақ болуы, зат  алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық  дамымауына да себеп болады.

 


Информация о работе Ағза реактивтілігі жыныстық әсері