Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 04:47, реферат
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мамандарының деректеріне сенсек, 20-55 жас аралығындағы адамға күнделікті 800-1000 миллиграмм кальций керек екен. Ал жас балаларға тәулігіне 600-800 миллиграмм кальций қажет. Дегенмен біз бұл керекті күнделікті ас мәзірінен ала алмаймыз. Бұл жетіс¬пеушілік ағзаны қандай күйге душар ететінін білесіз бе? Жалпы, кальцийдің міндеті қандай?
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мамандарының деректеріне сенсек, 20-55 жас аралығындағы адамға күнделікті 800-1000 миллиграмм кальций керек екен. Ал жас балаларға тәулігіне 600-800 миллиграмм кальций қажет. Дегенмен біз бұл керекті күнделікті ас мәзірінен ала алмаймыз. Бұл жетіспеушілік ағзаны қандай күйге душар ететінін білесіз бе? Жалпы, кальцийдің міндеті қандай?
Ең алдымен кальцийдің міндетіне тоқталайық. Ол, ең бірінші, ас қорыту жұмысына, жүйкеге, адамның қорғаныс қабілетінің жетілуіне және шауһат өндіру жүйесіне қатысады. Яғни кальций жетіспеушілігі әлсіздік, асты қорыта алмау ғана емес, белсіздік не бедеулікке басты себеп болады деген сөз.
Екіншіден, кальций қанды тазалау және жүректің бірқалыпты жұмыс жасауындағы басты құрам болып табылады. Адам салмағының 9 пайызын қан құрайды, ал жүрек қанды айдайтын «насос». Оны жұмыс істету үшін зор мөлшерде қуат керек. Сол қуаттың негізгі бөлігін кальций құрайды. Оның жетіспеушілігі «насостың» сыр беруіне жол ашады.
Кальцийдің үшінші міндеті жүйке жүйесі арқылы белгі беру. Оны ми басқарып отырады. Ми адамға тойғаны, ұйқысы келгені туралы хабар жібереді. Осы хабарларды жүйке жүйесінің талшықтары арқылы керекті жеріне жеткізуге кальций жауапты. Мысалы, кешке мидан «ұйықта» деген бұйрық келеді, ол қажетті жеріне жетпесе адам ұйқысыздыққа душар болады.
Кальций, төртіншіден, бұлшық еттердің ширығуы мен босаңсуына жауап береді. Ол қанның ұю процесіне де жауапты. Кесіп алған жерден қан тоқтамаса, таңертең тіс тазалағанда үнемі қызыл ет қанайтын болса, бұл ағзада кальцийдің жетіспейтіндігінің белгісі.
Адам ағзасы миллиардтаған жасушалардан тұрады. Олардың бір-бірімен өзара байланыста болуы аса маңызды нәрсе. Бұл ағым жасушалар арасындағы сұйықтың тығыздығына байланысты. Егер кальций жетіспесе адамның сезу, көру, сөйлеу, тағы басқа мүмкіндіктері бұзыла бастайды.
Егер кальций аз болса ми безі ағза мүшесінің белгілі бір бөлігіне бұйрық береді де, ол басқа бір мүшенің есебінен толықтырылады. Мысалы, сүйектегі қанды алып, оны қан құрамының өзегіне қосады. Осы кезде сүйек жұқарып, ериді. Нәтижесінде шаш, тырнақ сынғыш, тіс құрттағыш, бел мен тізе жиі қақсайтын болады.
Жалпы, адам ағзасы 35 жастан асқаннан кейін жетіспеген кальцийді сүйектен алады. Содан сүйек кеуектене бастайды. Ал 70 жасқа жеткенде кальцийдің 30 пайыз қорын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан бас ауруы, ұйқысыздық, іш қатуы, аяқтың қақсауы жиі мазалай бастайды. Сүйектің жұқаруы – остеопороз дерті де кальций жетіспеушілігінен туындайды.
Ал енді кальцийдің мөлшеріне тоқталайық. Адамның дене салмағының 2 пайызын кальций құрайды. Оның 99 пайызы қаңқа сүйектерінде, тіс пен шашта, тырнақта. Осы қаңқа сүйектері адамның жүріп-тұруын, ішкі мүшелерді қорғап тұрады. Ағзадағы барлық кальцийдің 1 пайызы қанда, адам тінінде және жасушалар арасындағы сұйықтықта болады.
Қысқасы, кальций жетіспеушілігі адамды іштен «кеміріп», түрлі сырқаттарға соқтырады екен. Ал ауырған адам оның себебін басқа жақтан іздеуі мүмкін. Мұндай қателікке жол бермеу үшін дәрігермен кеңесіп, ағзадағы кальций мөлшерін қалыпты сақтауға әрекет жасаған жөн-а
Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Қаңқаның мықтылығы оның құрамындағы элементтер фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-тендік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ Д витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор нерв клеткаларының қызметі үшін де керек, сондай-ақ ол — күш-қуат көзі. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді. Адам ағзасында 250 – 300 г NaCl болады, тамақпен 10 – 15 г күнделікті қайта толықтырылып отырады. Натрий хлоридінің артық мөлшері ішкі ағзаларға (бауыр, бүйрек) әсер ететіндігі зерттелген. Ал, Жамбыл облысындағы тұз бассейндері кендерінің (Ресей ғалымдарының зерттеулері бойынша барлығы 54 тұз бассейндері бар екендігі келтірілген) осы уақытқа дейін ашық болуы, желдің әсерінен тозаң түрінде аймаққа таралуы экологиялық ахуалының нашарлығын көрсетеді деуге болады.
Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс — денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дүрыс сіңбеуі асқазандагы түз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Ал, тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тастар түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті. Демек, облыс көлемінде халықтың денсаулығының төмен көрсеткіштері оларды қоршаған табиғат ортасына, экологиялық сипатына тікелей байланысты деуге болады. Жоғарыда айтылған элементтердің тәуліктік нормасын зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады: ересек адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері: алюминий — 49,01 мг, бром — 0,821 мг, темір — 1,1-30 мг, йод — 0,2 мг, кобальт — 0,05-0,1 мг, марганец — 5—7 мг, мыс — 2-3 мг, молибден — 0,15—0,3 мг, никель — 0,63 мг, рубидий — 0,35-0,5 мг, фтор — 2-3 мг, мырыш — 10—15 мг. Әрине, бұл көрсеткіштер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін марганецтің мөлшері тәулігіне 5-6 мг. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек қажет болады. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Қоректік зат, оны пайдалану барлық тірі организмге тән қасиет. Қоректену нәтижесінде ағзада көптеген биологиялық, химиялық және физикалық үрдістер, яғни, көбею, өсу, даму, еңбек ету, т.б. жағдайлары болады. Адамның денсаулығы дұрыс болып қалыпты өмір сүру үшін ең қажеттісі — қоректік заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Әрбір қоректік заттың энергетикалық балансын сақтау ең басты шарт болып табылады. Қоректік заттың құрамындағы әр түрлі бөліктерінің мөлшері, сапасы (белоктар, майлар, комірсулар, минералды заттар, макро және микроэлементтер, витаминдер) саны белгілі ретпен бір-біріне тығыз байланыста болатындығы анықталған. Төменде ағзаға қажетті кейбір негізгі қоректік заттардың мөлшерлері келтірілген (кесте1)
Ағзаға қажетті негізгі қоректік заттар
Негізгі қоректік заттар |
Тәуліктің мөлшері |
Негізгі қоректік заттар |
Тәуліктің мөлшері |
Белоктар Майлар |
85г 102г |
Көмірсулар |
380-400г |
Минералды заттар |
|||
Кальций Марганец Молибден Магний Темір Мыс |
800 мг 5-10 мг 0,5 мг 400 мг 14 мг 2 мг |
Кобальт Фосфор Хром Фторидтер Йодтар |
0,1-0,2 мг 1200 мг 2-2,5 мг 0,5-1,0 мг 0,0-0,2 мг |
Витаминдер |
|||
В1 (тиамин) В2 (рибофлавин) В6 (пиридоксин) В9 (фолацин) В12 (цианкобаламин) |
1,7 мг 2,0 мг 2,0 мг 200 мкг 3 мкг |
С (аскорбин қышқылы) А (ретинол) Е (токоферол) Д (кальцийферол) РР (ниацин) |
70 мг 1000мкг 10 мг 2,5 мкг 19 мг |
Кестеде келтірілген заттардың арасынан фторидтерге тоқталатын болсақ, оның ағзаға қажетті мөлшері 0,5-1,0мг аралығында. Ал, судың құрамында болуға тиісті шекті мөлшері-0,75мг. Жамбыл облысы аймағындағы фторидтердің мөлшері шектен артық екендігі зерттелді, яғни, Талас-Аса бойындағы мөлшерлік шамасы 1,5-6,25мг/л. Фторидтердің тотығу-тотықсыздану үрдісінен кейін ағза үшін маңызды иод элементін ағзадан ығыстырып шығару мүмкіндігі жоғары. Сонда, иодты дәрі-дәрмек пен қоректік заттарды қанша пайдалансақ та ағзадағы иодты фторидтердің ығыстырып шығарып жіберуі қазіргі кезде белең алып отырған зоб ауруының көбеюіне негіз болып отыр.
Жамбыл облысы елді мекендерінің су құрамында тұздардың тиісті деңгейден артық болуы облыстың экологиялық жағдайының талапқа сай еместігін көрсетеді. Сондықтан да, кезінде өндіріс орталығы болған Жамбыл облысы аймағының су ресурстары мен топырағының құрамына экологиялық сараптаулар жасап және солардың негізінде әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шараларын жүргізудің маңызы ерекше.
Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңыздыларының бірі болып саналады. Оның маңыздылығы аталған аурудың кең етек жаюымен анықталады.
Йод жетіспеушілігі ағзаға
қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті
дәрежеде болмауынан пайда болады. Йод
жетіспеушілігі ауруларының мәселесін
шешу, әсіресе, Қазақстан үшін маңызды.
Өйткені қазіргі таңда біздің елімізде
йод жетіспеушілігінің тиімді алдын алу
бағдарламасының жоқтығы тұрғылықты халықтың
әртүрлі топтарында қалқанша безінің
эндемиялық ұлғаюына әкеліп соқтырып
отыр. Йод тапшылығының басқа аурулардан
зардабы еш кем емес. Өткен жылғы денсаулық
сақтау ұйымының берген мәліметі бойынша,
әлемде 650 млн адам осы дертпен күресуге
мәжбүр екен. Ал, 2 млрд адам ағзасында
осы дерттің айқын белгілері көрініс берген.
Біздің еліміз йод жетіспейтін аймақтардың
қатарында. Сол себепті де, бізді алаңдатып
отырған мәселе көп.
Йод – бұл маңызды микроэлемент, ол жер
бетіндегі тірі ағзалардың өсуі мен дамуына
қажет. Қазақстанда йод жетіспеушілігі
“жасырын аштық” деп саналады. Осыған
байланысты йод жетіспеушілігінің медициналық-әлеуметтік
және экономикалық маңызы денсаулық, интеллект,
білім сапасына әсер етіп отыр, уақыт өте
келе халықтың кәсіби әлеуетіне әсер етеді.Денсаулығы
қалыпты адам бір күнде 150 микрограмм йод
тұтынуы қажет. Бұл қажеттілік өтелмесе,
адам ағзасы түрлі ауруға шалдығады. Йод
жетіспеушілігі иммунитеттің әлсіреуін
тудырып, ағзаның түрлі инфекцияларға
қарсы тұру қабілетін төмендетеді.
Барлық аймақтарда қалқанша безінің эндемиялық
ұлғаюы (эндемиялық жемсау) ұл балаларға
қарағанда, қыз балаларда көбірек кездеседі
(45%-50%), эндемиялық жемсау 6-7 жастан басталып
пубертаттық жаста барынша жоғары көрсеткішке
жетеді.
Адам ағзасындағы йод – тиреоидты гормондар
үшін құрылыс материалы. Тиреоидты гормондар
ағзадағы барлық мүшелер мен жүйелердің
жұмысын реттейді және жақсартады. Балалар
үнемі өсу мен даму үстінде болады десек,
йод жетіспеушілігі салдарынан әлсіздік
бірден байқалады. Эндемиялық жемсау саны
балалар санымен бірге өсіп келеді. УЗИ
көрсеткіші бойынша 7 жаста – 15%, 12 жаста
– 25-30% балалар осы дертпен ауырса, жасөспірімдер
арасында ол 40%-ға дейін жетеді.
Балалардағы йод жетіспеушілігі салдарынан
бала ақыл-ойының артта қалуындағы әлсіз
көріністерден критинизмге дейін жетеді,
көңіл күйінің тұрақсыздығы, депрессия
болуы мүмкін, әлсіздік, ұмытшақтық, есте
сақтау қабілетінің төмендеуі, оқушылар
зейіні шоғырлануының төмендеуі, сабақтың
аяғына дейін отыра алмауы байқалады.
Содан барып жүйке жүйесімен қоса барлық
ағза зардап шегеді. Балалар бас сүйегі
ішіндегі қысымға байланысты бас ауруына,
әлсіздіктің пайда болуына, терінің сұрлануына
шағымданады, астеникалық синдром көріністері,
кардиологиялық өзгерістер – ырғақтың
бұзылуы, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі,
инфекциялық және суық тию ауруларының
жиілеуі, екінші иммундық жетіспеушілігі
салдарынан өткір аурулардың созылмалы
түрге өтуі, бұлшық ет сұлбасының әлсіреуіне
байланысты дене бітімінің өзгеруі болуы
мүмкін. Осының барлығының себебі – йодтың
жетіспеушілігі.
Еуропада жаппай алдын алу мақсатында
– йодталған тұз қолдану (өткен ғасырдың
20-шы жылдарынан белгілі), құрамында йоды
бар препараттарды топпен пайдалану жүргізіледі.Әркім-ақ
біздегі тамақтарда йодталған тұз бар
деп санайды. Алайда, Қазақстан тамақтану
академиясы жүргізген медициналық-демографиялық
зерттеу нәтижесі 5 844 отбасының 29%-ы йодталған
тұз қолданатынын, ал отбасылардың 13,4%-ы
сыртқы қорабындағы “йодталған” деген
сөз шындыққа жанаспайтын (тест нәтижесінде
йодтың ізі де болмаған) тұз пайдаланатынын
көрсеткен.Тағам арқылы йодты қабылдау
экономикалық, физиологиялық, рационалдық
жағынан дұрыс деп есептелсе де, қазіргі
таңда ол жеткіліксіз болып отыр. Әлсіз
топтар, ерте жастағы және мектеп жасындағы
балалар арасындағы йод жетіспеушілігін
жою үшін топтық алдын алу жұмыстарын
жүргізу қажет, ол үшін әлемдік тәжірибеге
сай йодид,йодомарин 100 және йодид,йодомарин
200, йодид-прт органикалық емес йод қолданылады.
Осыларды ұсына отырып, біз өзгеріске
түскен қалқанша безі гормондар синтезін
қайта қалпына келтіруге ықпал етеміз.
Әрине, тек қана эндокринолог-дәрігерлер
бұл мәселені шеше алмайды, ата-аналар
мен педиатрлардың көмегі керек.Уақытында
йодтық алдын алу өскелең ұрпақтың – біздің
болашағымыздың денсаулық деңгейін, үйлесімді
дамуды, интелектуалды әлеуетті қалпында
ұстауға жағдай жасады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының
мәлімдемесі бойынша, балалардың ақыл-ойының
артта қалуы йод тапшылығынан болады,
бұл алдын алуға болатын интеллектуалды
жетіспеушіліктің жалғыз түрі. Йод тапшылығын
жоюға кететін шығынды есепке ала отырып,
жаңа туған баланың ақыл-ойының артта
қалуын емдемеушілікті қылмыс деп есептеуге
болады.
Бұл тапсырманың тиімді шешілуі барлық
мамандықтағы дәрігерлердің бірігуін
талап етеді. Әрбір дәрігер өз пациенттеріне
(оның отбасы мүшелеріне) йод тапшылығының
алдын алу мақсатында керекті препараттарды
қолдануға кеңес бергені жөн. Осы мақсатта
белгілі препарат – йодид,йодомарин 100,
200. Қалқанша безінің патологиясына күдіктенген
жағдайда дер кезінде эндокринологтан
кеңес алу қажет. Гейне өз сөзінде: “Мен
білетін жалғыз сұлулық – бұл денсаулық”
деген екен. Эндемиялық жемсау адамды
дұрыс емдеген жағдайда аурулар тізімінен
сызып тастауға болады. Бұл үшін қоғамның
осы бағытта жұмыс жүргізгені айрықша
маңызды.