Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 14:40, реферат
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Тақырыбы: « Қызықты математика» әлемінде. «Көңілді тапқышбектер» сайысы
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: Ойындар, сұрақ-тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар ойнайық
Ойлайық та ойнайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық!
1. Таныстыру, ұрандары
2. Математика пәні бойынша сайыс есептерін шығару.
Бірінші топ: «Білгірлер» Топтың ұраны: « Математика – ғылымдар патшасы ».
Екінші топ: «Тапқырлар» Топтың ұраны: « Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ ».
Еліміздің болашақ ұрпақтары – ертеңіміздің кемеңгері – сендерсіңдер. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлағалы отырмыз.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін математикаға берелік,
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік.
Жарысуға жалықпай
Үміт оты жалындай
Үйренуге білуге
Қош келіпсіз сайысқа.
Балалар сайыс 6 кезеңнен тұрады. Бірінші дұрыс жауап берген топқа қызыл шаршы, екінші жауап берген топқа көк шаршы беріп отырамын. Қызыл шаршы көп жинап, жеңімпаз атануға тырысыңдар.
1 кезең «Ойна да ойла» деп аталады.
Білім | ||||
10*60*8=78 20*30*5=45 | ||||
50*40*20=70 75*5*20=50 | ||||
30*3*60=93 | ||||
50*8=58 |
2 кезең «Көңілді жұмбақтар, санамақтар»
1 топ 2 топ
Оң қолымда бес саусақ Өткізген тырна сабаққа,
Сол қолымда бес саусақ, Қатысты жеті сауысқан,
Қосып едім екеуін, Үшеуі ғана олардың,
Болып шықты он саусақ. Дайындалған сабаққа.
Неше жалқау сауысқан
Қатысқан осы сабаққа?
3 кезең «Тапқыш болсаң тауып көр»
Ойын. «Доңғалақты тап»
| |
БОЛАШАҚ |
11 |
13 |
12 |
13 |
12 |
11 |
4 кезең
«Логикалық сұрақ – тапсырмалар
5 кезең «Блиц – турнир» Мұнда әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай беріледі.
1. Азайтудың нәтижесі қалай
2. 1 сағатта неше минут бар?
3. Қосудың нәтижесі қалай
4. Қарама – қарсы қабырғалары өзара геометриялық фигураны қалай атаймыз?
5. Оқу жылының алғашқы айы қандай?
6. Қосуға кері амалды ата.
7. Аптаның соңғы күні қалай аталады?
8. Бір тәулікте неше сағат бар?
9. 9+7 өрнегінің мәні қанша?
10. 60-7 өрнегінің мәні қанша?
11. 1 дм неше см болады?
12. 1 ғасырда неше жыл бар?
13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.
14. Периметрді қалай табамыз?
15. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата.
16. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
17. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.
18. Шаршы деген не?
19. Салмақ өлшем бірліктерін ата.
20. 1 дм 4см неше см болады?
6 кезең «Шығармашылық тапсырма»
« Ертегі – қойылым » «1 саны мен 0 саны»
Математикаға байланысты
Қорытынды.
Жеңген топты марапаттау.