Қазіргі гендік инженерия және тағам өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 00:33, реферат

Описание работы

Жалпы микроорганизмдер мен вирустар генетикасы жалпы генетиканың ерекше саласы ретінде өткен ғасырдың 40 жылдары қалыптасты. Бұл саланың пайда болуына үлкен әсерін тигізген Р.Муреи мен М.Дельбрюктың 1943 жылы шыққан вирусқа сезімді бактериялардан вирусқа төзімді бактериялар пайда болады деген мақаласы болды. Сонымен қатар 1952 жылдары бактериялардың генетикалық рекомбинация жолдары ашылды. Генетикалық рекомбинация арқылы бактериялардың ДНҚ лары гендер мен алмасатындығы, нәтижесінде хромосомада гендердің жаңа қисындасулары пайда болатындығы анықталды.

Содержание работы

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а)Гендік инженерия
ә) Гендік инженерияның мақсаты мен міндеттері
б) Генетикалық модификациялық тағамдар және олардың қолданылу аясы
в) ГМО-ның пайдасы мен зияны
г) Трансгенді организмді алу әдістері
д) Тағам өндірісінде гендік инженерияның мүмкіндіктері мен жетістіктері
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реферат гендік инженерия және тағам өндірісі.docx

— 37.21 Кб (Скачать файл)

Шет елде  гербицид глифосат (коммерциялық аталуы Roundup) кең қолданысқа ие. Глифосат 5-енолпирувилшикимат-З-фосфатсинтаза (ЕПШФ-синтаза) ферментіне әсер етіп  маңызды ароматтық амин қышқылдарының синтезін тежейді. Глифосфатқа төзімді өсімдіктерден ЕПШФ-синтаза гені бөлініп алынған және бірқатар өсімдіктердің (петуния, түсті қырық қабат) осы гербецидке төзімділігі арттырылған. Атразин – ФЖ II белоктарымен байланысып, электроандардың тасымалдануын тоқтатады, осының салдарынан өсімдіктің  фотосинтезі тежеледі. Бұл гербицидке төзімді химералы өсімдіктер алынған.

 Ал қазіргі трансгенді  өсімдіктерді алудың екінші толқыны "метаболиттік инженерия" деп аталады. Метаболиттік инженерияның мақсаты мен міндеттеріне өсімдіктерде бар қасиеттерін жақсартумен қатар, өсімдікте жоқ қасиеттерді, мәселен медицинада, химиялық және т.б. өндіріс салаларында қолданылатын жаңа қосылыстарды синтездейтін трансгенді өсімдіктерді алу көзделген.

 Бүгінгі таңда дүние жүзінде ГМӨ алу және оларды зерттеу жұмыстарымен жүздеген коммерциялық фирмалар айналысады.  Олардың жалпы капиталы  жүз миллиард доллар құрайды. 1999 ж. трансгенді өсімдіктер 40 млн. га егілді, бұл Ұлыбританияның алып жатқан аймағынан да асып түседі.  АҚШ-та генетикалық  модификациялан өсімдіктер (GM Crops) жүгері мен қытай бұршағы егін алқаптарының 50 %, мақта егін алқабының 30-40% құрайды. 

Бұл өсімдіктердің гендік-инженерлік биотехнологиясы адам рестурстары  мен финанстық ағымдарды қызықтыратын тағам өндірісінің маңызды саласының  бірі болып табылатындығын дәлелдейді. Келешекте трансгенді өсімдіктердің егін алқаптары анағұрлым кеңейеді деген болжам бар.

Өсімдіктердің гендік инженериясы. Гендік инженерияның мүмкіндіктері .

          Трансгенді өсімдіктер алғаш рет 1983 жылы (темекіге микроорганизм генін енгізу арқылы) алынды. 1986 жылы АҚШ-та вирусты инфекцияға төзімді темекінің трансгенді түрі алынды.  1994 трансгенді өсімдіктердің мутагендік, токсикалық, аллергенді т.б. қасиеттерін анықтау нәтижесінде, осы өсімдіктерден тағамдық өнімдер алына басталды. Мәселен, "Calgen" фирмасы кеш пісетін қызанақты Flavr Savr сортын шығарды, "Monsanto" серіктестігі гербицидке төзімді қытай бұршағын  шығарды. Бір-екі жылдан кейін биотехнологиялық фирмалар саудаға ГМӨ (қызанақ, бұршақ, картоп, темекі, қытай бұршағы, рапс, кәді (кабачки), шалған (редис), мақта) ұсынды.

Қорытынды.

       Қазіргі уақытта гендік инженерия ұшқыр дамып келе жатыр және дүкен сөрелері мен дастарханымыздағы тамақ өнімдерінің көпшілігі генетикалық модификацияланған құрамдас бөліктерді пайдалану арқылы дайындалады. Солай бола тұрса да, генетикалық модификацияланған өнімдердің адам ағзасына тигізер әсері соңына дейін зерттеліп біткен жоқ және тиісінше, оны қолдану-қолданбауды әр ел өзінше шешу үстінде. Жасыратыны жоқ, гендік модификацияланған тағам өнімдері жылдан-жылға еселеп өсіп келеді. Бұған қарсы адамдар да шығып жатыр.ГМО ны қолдану әркімнің өз құзырында.

           Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1)Интернет желісі. Нур КZ.

 Википедия

2)Шығаева М.Х;Қанаев  Ә.Т;Микробиология және вирусология

3)Уалиханова Г.Т.   Өсімдіктер биотехнологиясы

4)Бегімқұлов     Молекулалық биология және генетика 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазіргі гендік инженерия және тағам өндірісі