Биологиялық қару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 19:06, реферат

Описание работы

Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның

Файлы: 1 файл

1.docx

— 348.19 Кб (Скачать файл)

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

Механика –математика  факультеті

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы                                                                            

 


 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Қазақстандағы  бактериологиялық қарулар өндірісі жəне оларды сынау

 

                                        

 

 

 

 

 

 

                                                                    

 

 

 

 

 

                                                                             

                                                               

Алматы  2011 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2

I. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУЛАР ОШАҒЫ – АРАЛ 3

1.1 «Возрождение» географиялық орналасуы 4

1.2 Бұл мәселе туралы тілшілер сөзінен 6

1.3 «Возрождение» аралы - ажал аймағы 7

1.4 «Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі 8

ҚОРЫТЫНДЫ 11

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 12

СІЛТЕМЕЛЕР 12

            

 

КІРІСПЕ

Табиғат адамзаттан өш алып жатқандай  болып көрінеді. Жер бетінде табиғи апаттар жиілеп барады, топан су қаптауда. Күн санап жақындап келе жатқан қасіретті сезінгендейсің. Бір ғалымдар осындай алапат қауіп-қатерден қалай құтылуға болады деп дабыл қағып жатса, екінші біреулері зертханаларда қарулар ойлап табуда. Адамзат  дамуының  тарихында  өркениеттің  жетекші  күштері тарих  және  алға  ұмтылу. Ғылым жаңалықтары қоғам дамуының   түрткісі болса, ал этикалық  келтірулер ашылған жаңалықтарды жүзеге  асыратын  сілтемелер  ретінде болып келген. Ғылымның арқасында адам  өз  иелігіне бу  машинасын, ядролы  реакторды, компьютер  және  пенициллинді  алды. Кез-келген  ғылыми  жетістіктер екілі  технологиялар, жақсылық  пен  жамандықты  көздеуші құралдар  ретінде бағаланулары мүмкін. Солардың бірі ретінде адамдардың  биологиялық қаруды  ойлап тауып, оларды  пайдалануын айтсақ  болады.

Адамзат дамуының  қолданбалы  тұрақты  модельдерін  құрастыру терииториялардың  кеңейтілу мәселелерін, ұдайы  өсу  ретімен  байқалатын ресурсты-демографиялық  кризиспен және  тағы  басқа  факторлармен  байқалады. Бұл  факторлардың  көбісі адамдардың  табиғи  ресурстарды  пайдалануда  шектеулерге, нәрестелердің  дүниеге  келулеріне,  халықтың  білім алуына және  т.б. әсерін  тигізеді.    Мұндай  шешілмеген  жағдайлар адамзатқа  кері  әсерін тигізетін  биоагрессиялар, биотерроризм  және «экологиялық  соғыстарға»  әкеліп  соғады. Мысалы, биологиялық  терроризм ресми  түрде АҚШ  ұлттық  қауіпсіздігінің потенциалды  қаупі  болып  табылады.  Мұндай  шешімге келуіне бұл мемлекетте  болған  террористік акциялардан кейін, сондай-ақ биология  және  биотехнология  ғылымдарының  жоғары  дәрежеде  дамуы себеп  болып  отыр.

Менің жұмысым ҚР аумағындағы бактериологиялық қаруларды жасау және сынақтан өткізу ошақтары жайлы болмақ. Бактериологиялық қарулардың әсері адамдарда, хайуанаттар мен өсімдіктерде жаппай ауру туғызуға қабілетті аурутудырғыш микроорганизмдерді пайдалануға негізделген.

ҚР аумағында 1945 жылдан бастап Арал өңірінде бактериологиялық қаруларды жасырын сынайтын полигоны болғаны белгілі болып отыр. Онда сарып, оба, шешек, тырысқақ және безгек ауруларының қоздырғыш бактериялары сыналған. Осы өңірде тіршілікке, адам өміріне қауіп туғызатын неше түрлі белгілі-белгісіз аурулар пайда болған. Соларды нақтырақ қарастыруға тырысып көрелік.

 

 

 

 

  1. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУЛАР ОШАҒЫ – АРАЛ

 

Бүгінгі таңда жер шарымыздағы  табиғи экологиялық апаттар саны еселеніп өсіп отыр. Сондай үлкен апаттың  біріне ұшырап отырған - Арал теңізі.

Қазіргі таңда Арал теңізінің  апатты жағдайын түзету мақсатында экологиялық  мәселе ретінде әлемдік қауымдастықта  шараларды қарастырыуымыз қажет. Оның зиянды әсерін қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттер басынан кешіруде. Сол  себептен Германия, АҚШ, Жапония және басқалары Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімін берді.

1992 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз  Қазақстан елінің Жоғарғы Кеңесі  «Арал аймағы тұрғындарының тұрмыстық  жағдайларын түбегейлі жақсартудың  бірінші кезектегі шаралары туралы»  жарлық шығарса, сол жылдың 11 сәуірінде  Ресей Федерациясының президенті  Б. Ельцин «Биологиялық қару  жөніндегі халықаралық келісімді  орындауды қамтамасыз ету туралы»  № 390-жарлыққа қол қойды. Ажал  аралына айналған Возрождение  әскери сынақ нысаны осыдан  кейін барып қана жабылған  еді. Бірақ, әскери нысанды  жапқанмен, басты қауіп әлі  алда болатын: ол - аралдың мүлде  қараусыз қалып, ондағы бактериялар  мен вирустардың ауа арқылы  жан-жаққа таралу қатерінің зор екендігі байқалатын. Өзбекстан жағы американдық мамандарды шақырып, 1995 жылы олар Возрождение аралына жасырын келіп, әлгі жерасты моласындағы антракс ұнтағын алып, соған тәжірибе жасаған. Сөйтсе, антракс споралары жер астында 10 жыл көміліп жатқанына қарамастан, өз күшін әлі жоймаған болып шығыпты. АҚШ бактериологтары сол өзбек жағының шақыруымен аралға тағы да екі рет (1997, 1999 жылдары) келіп, әлгі антракс спораларына американ вакциналары төтеп бере ала ма, жоқ па, соны тексеріп, тәжірибе оң нәтиже бергеннен кейін ғана барып кемелденсе керек».

Осындай ашық ауада жүргізілген  сынақ кезінде жұқпалы бактериялардың полигон сыртына шығып кетпегеніне  қазір ешкім кепілдік бере алмайды. Сонымен бірге бұл полигонда тәжірибе жүргізілетін жан-жануарлар болған екен. Олардың ішінде тышқан, қоян, қой, жылқы, тіпті маймылдар да болған және бұлардың барлығы да сынақ кезінде азаптан өлтірілген көрінеді.

Жануарларды қойып, бұл жерде  адамға да сынақ жасалған деген қауесеттер аз емес. Балық аулауға теңізге шыққан балықшыларды ұстап алып, қайығын теңізге батырып жіберіп, өздерін сынақ жасайтын жерге әкеліп, ешкімге көрсетпей сынақ жасаған деседі. Соңғы демі бітер кезде, оны басқа жаққа апарып, терең шұңқыр қазып, өлі денені өртеп жіберіп отырған. Бірлі жарым өртенген адамның бас сүйектері табылып отыр. «Возрождение» аралында биологиялық қарулардың қалдықтары да темір табытқа салынып жерленген көрінеді. Қазір ол темір табыттары жер астында 1,5-2 метр тереңдікте жатыр. Мамандардың айтуына қарағанда, бұл жер әледегі ең бір қауіпті орын болып саналады. «Возрождение» сынақ аралы, аралдың Өзбекстанға қарайтын жағы Мойнақ қаласына өте жақын. Бүгінгі күні бұл арал қараусыз жатыр. Бұл өңірде соңғы жылдары оба, т.б. да бұрын сирек тараған транслеасивтік ауру түрлерінің табиғи ошағы жанданғанын көрсететін нақты факті аз емес.

Өзбекстан Аралдың тиісті жағынабақылау орнатқан. Ал Қазақстан  жағы қалай болса солай, ашық күйінде  жатыр.

  1. «Возрождение» географиялық орналасуы

Кеңес Одағы дәуірінде  ҚР аумағында бактериологиялық қарулар жасаумен шұғылданатын төрт негізгі нысан болыпты. Әлбетте, бұлардың арасындағы ең қуаттысы да, маңыздысы да «Возрождение» сынақ полигоны орналасқан Аральск-7 қалашығы екен. Айтулы нүкте өзінің географиялық орналасуы жағынан болсын, климаттық ерекшелігі жағынан болсын, қарудың биологиялық түрлерін жасап шығаруға өте қолайлы саналыпты.

1-сурет. «Возрождение» аралы

Арал теңізінің нақ  ортасына орналасқан «Возрождение» аралындағы полигонда сынақтан өткен әртүрлі биологиялық элементтер КСРО Қорғаныс министрлігіне қарасты Степногорскідегі биопрепарат орталығында талданып, жасалып отырған. Қарудың мұндай патегендік түрлерімен бірге олардың тікелей әскери мақсат сипатындағысы да осы «Возрождениеде» жүзеге асқан. Мұндай сынақтар бактериялық аэрозалдан атмосфераға жайылу ауқымын зерттеу бағытында ара-тұра «Возрождениенің» үстіндегі ауа қабатына да жүргізіліп отырыпты.

2-сурет. Аралдың ғарыштан түсірілген бейнесі

Арал теңізі мен аудан  елді мекендерінің төбесінде сегіз  мәрте жарылыс болған көрінеді. Аса  құпия бұл нысанды арнайы бөлімшелер күзеткен. Қауіпсіздігін МҚК қамтамасыз еткен. АҚШ-тың орталық барлау басқармасы көпке дейін мұнда биологиялық қарулардың сынақтан өтіп жатқанынанхабарсыз болып келген. Олар Кеңес Одағында сынақ жұмыстарының жүргізіліп жатқанын білгенімен, нақтылы қай жерде екенін дөп басып айта алмаған. Зеңгір көкте жасын ойнатқан бір жарылыс 1956 жылғы екінші ақпан күні тіркеліпті.

«Возрождение» аралының ашық аспанның астында жүзеге асырылған келесі ядролық биологиялық жарылысы 1961жылдың кұзіндегі қыркүйек-қараша айларына тұспа-тұс келеді. Әуелі қыркүйекте 50 шақырым биіктікте қуаты 11,40 тонналық екі атмосфералық жарылыс жоғары ауа қабатын қамтыған. Олар көк жүзіндегі 150-220 шақырым биіктікте жалын шашқан. Осындай жаттығулардың барлық залал-зардабын қарапайым бейбіт тұрғындар, жайылымда жүрген қойлар, құмды далалық алқаптағы сан мыңдаған киік бостан-босқа қырылып қалды. Теңіз түбіндегі балықтардың өлігі су бетіне қалқып шықты. 1965 жылы Қарақалпақстанда холера ауруы тарап, көп адам көз жұмды. Оларды жерге көмбей өртеп жатты. Кейбір ауру шыққан үйлерді бала-шағасымен өртеп жіберді.

«Возрождение» аралы әлемнің ешбір географиялық немесе саяси картасынан орын алмаған, Байқоңыр қаласынан небәрі 200 шақырым жердегі Арал теңізінің Оңтүстік-Шығысында орналасқан. 1949 жылы «Возрождение» аралында әскери-жүк ұшақтар еркін ұшып-қону алаңы салынып, одан бірнеше шақырым қашықтықта «Көнтүбек» деген картада жоқ құпия көп қабатты үйлері бар поселкі бой көтерген. Ондағы ғылыми қызметкерлермен химиялық әскери бөлімнің жеке құрамы орналасқан. Елді мекеннің ортасында әскери бөлімнің штабы орын тепкен. Ал поселкінің ең шеткі аймағында арнайы әскери автомобиль техникалық паркі орналасқан көрінеді. Бұл Ұлы Отан соғысынан кейінгі қуатты КСРО-ның химиялық және бактериологиялық қару жасауға кіріскен алғашқы қадамдары болатын.

  1. Бұл мәселе туралы тілшілер сөзінен

Мәскеуде шығатын «Труд» газетінің тілшісі Валерий Бирюков  ешбір кедергісіз сол аралда болып, журналисттік зерттеулер жүргізген. Енді соның мақаласынан бір үзінді келтіріп кетейік: «Поселкіден бірнеше шақырым жерде лабораториялық ғимарат салынған. Айналасында бірнеше кепе түріндегі үйлер бар екен. Жанында полигон және қуатты электростанция тұрғызылған. Дәл осы жерде «химиялық бөлімнің көлеңкесінде» өте қорқынышты биологиялық қаруды өндіру және сынау нысандары жүргізілген.

Аралды үзіліссіз әскери қайықтар күзеткен, ал жағалауда патрульдер жүрген. Лабораториялық корпус бірнеше  тікенек сым темірмен қоршалған».

1992 жылдан бастап, бұл аралда тіршілік иесі қалмаған. Содан бері бұл жерге кім келіп, кім кетіп жатыр. Ол бақылаусыз қалған. Кеңес Одағы тараған соң «Возрождение» өмір сүруін тоқтатып, оның құпиясын ресейліктер өздерімен бірге ала кеткен.

Негізінен «Возрождение» аралының орналасуын шекара сызығы тұрғысынан қарастырсақ, оның басым бөлігі Өзбекстанның территориясына тиесілі. Сондықтан әскери бөлімдер кеткен соң бұл аралға өзбек ағайындар қожайындық етіп, оның барлық мұрасына бақылау жасап келді.

«Труд» газетінің тілшісі  Валерий Бирюков былай дейді: «Адамдар үйлеріндегі барлық жиһаздарын тіпті теледидар, мұздатқыштарын да тастап кеткен. Екі автопарк қозғалыстан  қалған. Мұнда су жаңа «ЗИЛ» жұк машиналары, «Кировск» тракторлары және басқа да тракторлармен бірге шеберханалар, қосалқы бөлшектер қоймасы да сол күйінде тұр екен.

Лабороториялық корпус пен  оған жақын орналасқан барактар да құпия сақталған. ...Биология жөнінде  бай кітапхана және орасан зор  арнайы ыдыс-аяқ пен түрлі шыны сыйымдылықтар қоймасы сақталған. Жер асты бөлмелерінің темір есіктері күйдіріліп пісірілген, ол осы күнге дейін ашылмаған екен. Түрлі көлемдегі сейфтер жан-жаққа лақтырылып тасталған».

Ол тағы да онда крематорий болғандығын хабарлайды. Одан бірнеше  щақырым жердегі Үстіртте тағы бір  полигонның орналасқанын жазады. 1992 жылы күзде ол әріптестерімен сол құпия нысандарда, яғни, ешкім тұрмайтын көп қабатты үйлерді көргенін айтады.

  1. «Возрождение» аралы - ажал аймағы

«Возрождение» аралы - Кеңес Одағының ең құпия әскери нысаны едi. Ондағы әскери полигондарда 1980 жылдардың аяғына дейiн бiрнеше кодты атаулары бар биологиялық қару мен жабдықтар сыналып келген. Әскери мамандардың айтуынша, сынақтар «Аральск-7», «Бархан» және «ПНИЛ-52» сынды ғылыми-зерттеу зертханаларында iске асқан. Бұрын Арал теңiзiнiң алып айдынында 300-ден астам арал болса, қазiргi кезде олардың арасындағы ең iрiлерi - Барсакелмес пен Көкаралдың өзi түбекке айналып барады. Ал Комсомол, Шұғыла, Константин, Лазарев аралдары бiрiгiп, «Возрождение» деген ортақ атқа ие. «Возрождение» - биологиялық қаруды сынау алаңы және әскери қалашық болып екiге бөлiнген. Қалашықта казарма, тұрғын үйлер, бастауыш мектеп, балабақша, асхана мен қоймалар және электр стансасы болған. Ал Аралдың оңтүстiгiндегi сынақ алаңында биологиялық қарудың аэрозол компоненттерi, модельдiң тарауын, оларды табу тәсiлдерi және биологиялық құралдары бар шағын колибрлi аэрозол бомбаларын ваккумда сынау жұмыстары жүргiзiлдi. Осылайша қырық жыл бойы азаматты түрлi аурулар арқылы жаппай қырып-жою тәжiрибесi жүрiп жатты. Ал 1988 жылдың көктемiнде АҚШ «Возрождениеге» қатысты дау шығарды. Америкалықтар ондағы мамандардың сiбiр жарасының ажал шашатын жауынгерлiк агентi- «Антракс» деп аталтын түрiне талдау жасап жатыр деген мәлiмет түскен. Антракс - өте ежелгi микроорганизм, әрi аса қауiптi биологиялық қару болып саналады. Ол қатерлi ауруды тез арада айналаға таратып, қоршаған ортаның күлпаршасын шығарады. Бұл шуды басу үшiн КСРО жағы тонналап жиналып қалған антраксты тез құртудың жолдарын қарастырды. Олар антраксты тот баспайтын болаттан жасалған арнайы ыдыстарға салып, үстiне хлорлы әктi төгiп, ауыр жүктi 24 вагонға тиеп, Орал бойынан Арал қаласына дейiн жеткiзедi. Содан берi антракс «Возрождение» аралында сақталуда. Ең сұмдығы - ғасырлар бойы бактериялардың сол күйiнде сақтала беретiндiгi. Одан құтылу мүмкiн емес. Ал оның қашан бұрқ ететiнi белгiсiз.

Информация о работе Биологиялық қару