Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 18:23, реферат
Бір организмдер – температураға, ылғалдыққа, жарыққа төзімділігі немесе қажетсінуі, өзге бір организмдердікіне қарағанда басқаша болып келеді. Мысалы, қайың ылғалды ауа райында жақсы өседі, ал шыршаларға- ылғалдығы төмендеу ауа райы қолайлы. Ылғалдылықтың немесе әртүрлі температураның тіршілікке қолайлы және қолайсыз жақтары болады. Тіршілікке қолайсыз жағдайлар- пессималды жағдай немесе пессмум деп аталады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім.
2.1.Биологиялық ырғақтар.
2.2.Фотопериодизм
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер
ЖОСПАР
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім.
2.1.Биологиялық ырғақтар.
2.2.Фотопериодизм
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бір организмдер – температураға, ылғалдыққа, жарыққа төзімділігі немесе қажетсінуі, өзге бір организмдердікіне қарағанда басқаша болып келеді. Мысалы, қайың ылғалды ауа райында жақсы өседі, ал шыршаларға- ылғалдығы төмендеу ауа райы қолайлы. Ылғалдылықтың немесе әртүрлі температураның тіршілікке қолайлы және қолайсыз жақтары болады. Тіршілікке қолайсыз жағдайлар- пессималды жағдай немесе пессмум деп аталады.
Егерде организмнің дамуы жылдың маусымдық ырғағымен сәйкес келмесе онда түр жойылады. Мәселен, күзге қарай ағаштардың жапырақтарының түсуі, жануарлар дүниесінің тіршілігіндегі өзгерістер (жүннің қалындауы, тері асты май қабаттарының қалындауы, ұйқыға кету, т.б.) мұның айқын мысалы бола алады. Аталған өзгерістер организмдердің тіршілігінде жыл сайын бұлжымай қайталанып отырады.
Фотопериодизм дегеніміз- организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімдерінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы
Биологиялық ырғақтар.
Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін біз жоғары температура, ылғал, жарық, қысым, атмосфераның электромагниттік өрісі, мұхиттар мен теңіздердің толысуы мен қайтуы, күннің ұзақтығы, т.б.климаттық факторлардың маңызы туралы көптеген мағлұматтар алдық. Сол сияқты жердің өз өсін айналуы және күн жүйесіндегі әлемдік тартылыстар заңдылықтары, жылдық және тәуелдік алмасулар, жер шарындағы жылулық және географиялық белдеулер бойынша организмдер тіршілігіндегі болатын өзгерістер жайлы түсініктер қалыптасты. Жер шарындағы табиғат белдемдері мен климаттық және географиялық белдеулердің жіктелуі негізінен күн сәулесінің түсуіне және мүхиттардан алыс немесе жақын орналасуына да байланысты. Табиғаттағы осындай жүйелі түрде ауысып келіп отыратын факторларға байланысты қ\өсімдіктер мен жануар тіршілігінде де құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осыған орай, әрбір өсімдік пен жануарлардың түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері туындайды. Ол- анатомиялық- морфологиялық физиологиялық, биохимиялық, т.б.түрдің жеке өзіне тән қасиеттерімен сипатталады. Әрбір түрдің өзіне ғана тән жыл маусымдарына, айнала қоршаған табиғаттың өзгерістеріне қарай даму, көбею, таралу ырғағы қалыптасады. Жылдың, тәуліктің ырғақты ауысу мерзіміне байланысты әрбір организмнің де тіршілігінде тәуелді түрде қайталанып отыратын даму ырғағы пайда болады. Бұл құбылыс тіршілік үшін күресте ұзақ жылдар бойы қалыптасқан даму эволюциясының жемісі. Егерде организмнің дамуы жылдың маусымдық ырғағымен сәйкес келмесе онда түр жойылады. Мәселен, күзге қарай ағаштардың жапырақтарының түсуі, жануарлар дүниесінің тіршілігіндегі өзгерістер (жүннің қалындауы, тері асты май қабаттарының қалындауы, ұйқыға кету, т.б.) мұның айқын мысалы бола алады. Аталған өзгерістер организмдердің тіршілігінде жыл сайын бұлжымай қайталанып отырады. Міне, осы құбылыстарды биологиялық ырғақтар дейді. Барлық организмдер жылдың маусымдарын дәл сезінеді және соған байланысты тіршілік процесіндегі тәуліктік, маусымдық, жылдық физиологиялық өзгерістер ырғақты түрде қайталанып отырады.
Жануралар дүниесінде бұл құдылыстарды шартты рефлекс арқылы реттеп отырады.
Биологиялық ырғақтың ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) қайталану құбылыстарын байқауға болады.
Ішкі немесе физиологиялық ырғақтар тарихи жағдайда қалыптасқан. Өйткені, әрбір физиологиялық процесс үнемі үздіксіз қозғалыста болмайды. Яғни, әрбір клетка, ұлпа немесе мүшелердің жұмыс ырғағы мезгіл- мезгіл қайталанып келіп отыратын ырғақты процестерден тұрады. Екінші сөзбен айтқанда, кез келген организмнің қалыпты тіршілігі үшін жоғарғы физиологиялық активті деңгейден пассивті немесе тыныштық деңгей арқылы алмасып отыруы тиіс. Сонда ғана организмдер тіршілігін жалғастырып отырады.
Тірі организмдер сыртқы ортаны өзгерістерніе немесе- ауытқуларға жауап бере отырып, өзінің ішкі физиологиялық процестерін реттеп, бейімдеп отырады. Бұл жағдайлар 3 негізгі фаткор арқылы жүзеге асады: Жердің өз өсін және Күнді айналуы, Жерге қатысты Айдың және кеңістіктегі жұлдыздардың ауысуы. Бірнеше фактор күн тәулігімен (24 сағат), екінші- айдың тәулігімен (24,8 сағат), үшіншісі- жұлдыздармен немесе тәулікпен (23,9 сағат) анықталады.
Көптеген жануарлардың тәуліктік қайталанулары ішкі физиологиялық реттеледі. Осы құбылыстар көбінесе күндізгі, алақараңғы және түнде тіршілік ететін жануарларға тән.
Маусымдық қайталанулар көбінесе тірі
табиғатқа жалпылама тән
Географиялық орнына қарай республика аймағындаорманды дала, дала, шөлейт және шөл белдемдері қалыптасқан. Қазақстаның оңтүстік- шығыс және шығыс таулы өңірлерінде ландшафтдың одан да алуан түрлі биіктік белдемдері байқалады.Сондықтан, жыл маусымдарының жақындап қалғанын немесе екіншісіне ауысқа бастауын біз өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерге қарап білеміз. Ал, өз кезегінде организмдер табиғат құбылыстарын, ондағы маусымдық немесе тәуліктік айытқұларды бұлжылтпай білетін биоиндикаторлар. Мәселен, маусымға қарай өсімдіктердің тішлігіндегі өзгерістерді байқасақ: вегетациялық кезеңнің басталуы, бүршік жарудың басталуы мен аяқталуы, т.б.алмасып келіп отыратын кезендерді ажыратуға болады. Осы құбылыстар өте дәлдікпен қайталанып отырады.
Ал, жануарлар дүниесінде де жыл маусымдарына байланысты тұрақты қайталану ырғағын көреміз. Аталған құбылыстардың бәрі де өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тіршілігіндегі жылдың метрологиялық өзгерістеріне беймделу ерекшелігі болып табылады. Организмдердің маусымдық өзгерістерге бейімделушілігін, тіршілігіндегі биологиялық процестерді фенология ғылыми зерттейді.
Кейбір организмдер тіршілігіндегі арғықты қайталану құбылыстары айға да қатысты болады. Бұл процестер, әсіресі, судағы организмдер тіршілігінде жақсы байқалды. Балықтар, шаяндар, судағы ірі сүтқоректілер өкілтерінің біразы айдың толуына байланысты немесе мұхиттардың толысуы мен қайтуына қарай тіршілік ырғақтарын бейімдеп отыратын анықталған. Мәселен, мұхиттардың ырғақты толысулары 12,8 сағат, ал айдың толуы 28 тәулік болса, айдың жартылау толуы 14-15 тәулекті қайталанып отырады.
Маусымдық немесе тәуліктік
ырғақтардае басқа организмдер
тіршілігінде көп жылдық ырғақты
қайталанулар да бар. Бұл құбылыстар
негізінен күн жүйесіне және ауа-
райындағы көпжылдыө
Сол сияқты жер шарында
ырғақты қайталанулардың
Адам баласының организмдер тіршілігіндегі ырғақты қайталанып отыру заңдылықтарын білуі өте маңызды. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы сан мөлшрін бақылап отыруға, оларды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелерін ғылыми тұрғыда шешіп отыруға көмектесері сөзсіз.
Фотопериодизм.
Организмедр тіршілігінде ырғақты қайталанулар процестерінде көптеген әсер етуші немесе қозғаушы факторлар бар. Соның ішінде жетекші рольді жарық атқарады. Жарыққа қатысты организмдер өздерінің тіршілігіндегі даму фазаларын (көбею, таралу, түлеу, т.б) реттер отыратыны анықталған. Мәселен, жануарлар қысқа дайындыққа күзден бастап кірісе бастайды. Негізгі белгілері: қысқы азық қорын жинау жүндерінің қалындары мен қоңдануы болып табылады. Осындағы негізгіқозғаушы күш- күннің ұзақтығының қысқаруына байланысты ауа- райының суый бастауы. Жыл бойы күннің ұзақтығы өте дәлдікпен ұзарып немес қысқарып отырады. Осыған байланысты организмдер тіршілігінде экологиялық факторлардың косплексі түрде әсері оған организмнің жауабы үйлесімді жағдайда алмасып отырады.
Фотопериодизм дегеніміз-
организмдердің тәуліктік жарық
пен қараңғы мерзімдерінің
Өсімдіктердің фотопериодизм құбылысына қарай 3 тобын ажыратуға болады. Олар: қысқа күнді өсімдіктер (гүлдеуі мен тұқымның жетілуі 8-12 сағаттық жарық мерзіміне тәуелді), ұзақ күнді өсімдіктер (16-20 сағаттық жарыққа тәуелді) және жарық мерзіміне тәуелсіз өсімдіктер.
Бірінші топтағы өсімдіктер көбінесі оңтүстік аймақтарға тән (тары, жүгері т.б.) Ал, қоңыржай белдеудің өсімдіктері негізінен ұзақ күнді талар етеді (арпа, сұлы, картоп, капуста, бұршақ, т.б.) . Бұл өсімдіктер қысқа күн жағдайында қалыпты өскенімен тұқым бермейді. Жануарлар әлемінде, әсіресе, күннің ұзақтығына жәндіктер өте сезімталдықпен жауап береді. Мәселен, Қазақстанда кездесетін капуста ақ көбелегі, қалақай кқбелегі, ақ қайын көбелегі, түт жібек көбелігі, көптеген шегірткелердің түрлері, түн көбектері қысқа күнді организмдер. Күннің ұзақтығы, әсіресе, организмдер тіршілігінде көбею, даму, түлеу, қысқа немесе жазғы үйқыға кету, таралу сияқты маңызды процестерді реттеп отырады. Жарықтың тәуліктік ауытқулары немесе күн режимі организмдердің күндіз және түнде тіршілік етуге тәуелді еткен. Бұл құбылыстар әрбір организмге тән түрліше көрініс береді. Мәсілен, бәрімізге белгілі ақшам өсімдігінің гүлі күн батысымен ашылса, ал күнбағыс өсімдігі ақшамда жабыла бастайды.
Организмдер тіршілігіндегі мұндай процестер тек қана жарық мөлшеріне ғана тәуелді болмайды, сол сияқты тәулектің күн мен түннің кезектесіп келуіне және ұзақтығына да байланысты болады.
Қорытынды
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым- қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Экологиялық факторлардың уақыт және кеңістік бойынша өзгеруі- геологиялық, гелиоклиматтық )күн көзіне байланысты ауа райының қалыптасуы) және астрономиялық құбылыстарға байланысты және олар тіршілік иелеріне, тірі организмдерге өз дегеніне көндіретін басқарушы қызметін атқарады.
Биологиялық ырғақтар мен фотопериодизм – организмдер тіршілігіндегі ырғақты қайталанулар процестерінде көптеген әсер етуші немесе қозғаушы факторларлар.
Пайдаланылған әдебиеттер.