Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 19:36, контрольная работа
Биологиялық мембрана — клетканың және клетка ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), белокты-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты клеткада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана клеткалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты белокты-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды.
5-сурет. Жай диффузия 6-сурет. Жеңілдетілген диффузия
Жай диффузия кезінде зарядталмаған заттар липид молекулаларының арасынан немесе ақуыздар жасайтын каналдар арқылы өтеді, ал жеңілдетілген диффузия кезінде арнайы тасымалдағыш ақуыздар заттарды косып алып, оларды мембрана арқылы өткізеді. Жеңілдетілген диффузия нейтральдыға қарағанда жылдам жүреді. Жасушаға су осмос (грек. osmos – қысым) жолымен түседі.
Белсенді тасымалдау
арнайы өткізгіш-ақуыздардың
7-Сурет. Натрий-калий насосы 8-сурет. Концентрация градиентіне қарсы глюкозаның тасымалдануы
1. Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы мен қызметі.
2. Беттік кешен. Плазмалемма. Гликокаликс.
3. Заттардың тасымалдануы, олардың түрлері.
4. Белсенді және сылбыр тасымалдау. Эндоцитоз және экзоцитоз.
5. Бір және екі заттың тасымалдануы. Унипорт. Котранспорт.