Биологияны интерактивті оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 05:35, курсовая работа

Описание работы

Интерактивті тақта арқылы оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.

Файлы: 1 файл

Биологияны интерактивті оқыту.doc

— 89.00 Кб (Скачать файл)

Биология — XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологияларымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімге зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне, осы жағдайда жаңа технологиялардың көмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары (датчиктері) қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды.Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.Оқушылар биология сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Биология пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы биология бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тірі табиғатты, ағзаларды толығымен түсінуге ықпал жасайды. Биология пәнінің кейбір тараулары ойлануды, талдай білуді, салыстыруды қажет етеді. Оған биология кабинетінің жағдайы келе бермейді. Айталық, адам қаңқасы, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сутеттер т.б. тәжірибе жасайтын құралдардың болмауы.

 

Биология сабағында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалімі мен оқушының оқудың жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысу. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетеленеді. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданады.

Олар:

 

— Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар;

 

— Блок-схема, графиктер, диаграмма, т.б.;

 

— Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары;

 

— Ойын арқылы оқыту;

 

— Сөзжұмбақ, ребустар;

 

— Тестілеу;

 

Биология сабағын меңгертуде компьютерлік анимациялардың маңызы зор. Оқушыларға жануарлардың мен өсімдіктердің суреттерін, сызба нұсқаларды көрсетіп қолдануына қолайлы. Биология бойынша «Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің және әлеуметтік дарвинизмді сынау», «Жер тарихы және оны зерттеу әдістері. Жер тарихының шежіресі. Полеозой заманында тіршіліктің дамуы» тақырыбындағы өткізген сабағымда: сөз жұмбақты табуға, нәсілдердің түрлерін, олардың көздерінің, шаштарының және терісінің түстерінің қандай екенін бір-біріне айырмашылықтарына толық көздерін жеткізіп көрсетілді. Мысалы:

Нәсілдердің түрлері

Негроидтік (қара түсті) Еуропеоидтік (ақ түсті) Монголоидтік (қоңырқай түсті)

Жер тарихында тіршіліктің пайда болуы, әр кезеңде өсімдіктердің, жануарлардың түрлерінің дамуы туралы суреттерін, сызбанұсқалары пайдаланылды.Мазмұны

Жер тарихының шежіресі

1 Архей – ежелгі заман

2 Протерозой – алғашқы  тіршілік

3 Палеозой – ертедегі  тіршілік

3.1 Кембрий кезеңі

3.2 Ордовик кезеңі

3.3 Силур кезеңі

3.4 Девон кезеңі

3.5 Тас көмір кезеңі

3.6 Пермь кезеңі 

4 Мезозой заманында тіршіліктің  дамуы

4.1 Триас кезеңі

4.2 Юра кезеңі

4.3 Бор кезеңі

5 Кайнозой заманындағы  тіршіліктің дамуы

5.1Үштік кезең

5.2 Төрттік кезең

 

Биологтардың өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар биологиядан тіршіліктегі барлық организмдер жөнінде энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Олар оқушыларға заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы мәліметтер алуға көмектеседі. Рефераттар жазу барысында оқушылар өз беттерімен Интернет кеңістігінің материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады.Сонымен қатар «Әлемдегі терең сыр, ғылыммен ғана ашылмақ…» химия-биология пәндері апталығында өткізілген «Экологиялық дағдарыстың аймақтық сипаты» атты тақырыптағы дебат ойынының компьютерлік нұсқасын пайдаланып, өз сабақтарымда компьютер көмегімен слайдтар дайындалады. Слайдтарды қолдану нәтижесінде оқушыларға жаңа материалдарды меңгерту жеңіл, әрі уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқушыларда оларды ойша елестету және тақырыпты түсіну қиынға түседі. Оқушылар бұл ойын арқылы өз білімдерін шыңдайды. Сонымен биология сабағын компьютер көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды:

Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттыру.

1) Оқытудың көркемділігін  арттырады, яғни оқушыларға қиын  да күрделі материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді.

2) Оқытудың тиімділігін  жоғарылатады және оқу материалын  түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

3) Оқушылардың ғылыми  дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра  отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады.

4) Мұғалімді техникалық  жұмыстан босата отырып, үнемдеген  уақытта олардың шығармашылықпен  жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

5) Мұғалім мен оқушының  жұмысын жеңілдетеді.

Интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы:

1) Интерактивті тақтада өтілген сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақ үстінде оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен орындайды, оқып жатқан материалға қызығушылықпен қарайды, оқушыда компьютер алдындағы қорқыныш жоғалады. Оқушылар биология пәні бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушыарда жоғары нәтиже көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға қызығушылықтары пайда болады.

Интерактивті технологияның ерекшеліктері:

1) Бормен тақтаға жазған  кескінді экрандағы түрлі –түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға  болмайды. Тақта мен бордың көмегімен  әр түрлі қосымшалары бар жұмысты  түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.

2) Сабақта көрнекілікті  қолдану деңгейі артады.

3) Оқу материалын беру  логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне  оң әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді.

Биология пәнінен сабақ өту барысында интерактивті оқыту технологиясын, яғни белсенді «Естігенді мен ұмытпаймын», «Істеген ісіме жауап беремін» әдістерін қолдану оқушыларды іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге тәрбиелейді. Менің міндетім-сабақта берілген материалдарды оқушылар толық түсіну үшін, қолайлы жағдай туғызамын.

 

 

Жақсы білім алу үшін қажетті ұстанымдар:

 

— Оқушы білім алуға дайын;

 

— Білім беруге түрлі әдістер мен тәсілдер қолданамын;

 

— Қайталау –білімді бекіту үшін қажетті элемент

 

— Қаншалықты оқу барысы шынайы болса, соғұрлым білім беру тиімдірек.

Мектеп емтихандарына даярлау кезіндегі мұғалім үшін де, оқушы үшінде таптырмас құрал. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық — психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені. Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Болашақ мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңестігінен» мемлекетімізге лайықты орын алуға білім саласындағы қызметкерлерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән берілді. Өйткені елімізді көркейтетін де, өркендететін де білікті, білімді жастар екені түсінікті. Сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімнің үздіксіз ізденуі, шыңдалуы, шығармашылықпен айналысуы, білімін жетілдіруі қажет. Соның нәтижесінде ғалымдар жаңа технологияларды көптеп шығаруда. Себебі, жаңа оқыту технологияларын енгізу заман талабына сай білім беру бағыты өзгерді, өздігінен білім ала-алатын логикалық пайымдай, талдай қорытындылай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыру қажет.

Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезіледі. Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналды.

Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі. Заман ағымына сай күнделікті сабақка видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтижелер береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді.

Компьютерді қолдану негізінде Биология  пәніне және басқада пәндерге   оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады.Мектептегі ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, оны оқыту.

 

 


Информация о работе Биологияны интерактивті оқыту