Цитология және эмбриология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 21:16, творческая работа

Описание работы

Цитология (гр. κύτος — «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. λόγος — «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.
Эмбриология (embryologia, грек, embryon — ұрык, logos — ілім) — ұрыктың пайда болуы және дамуы туралы ілім.

Файлы: 1 файл

цитология, эмбрология.pptx

— 2.95 Мб (Скачать файл)

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Гистология кафедрасы

 

 

СӨЖ

Тақырыбы:Цитология және эмбриология

 

Орындаған: Каримова К.

                       2-010 ОМ

Тексерген:Койшиманова У.С.

 

Қарағанды 2014

Жоспар

 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1.Цитология

2.Эмбриология

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

 

    • Цитология (гр. κύτος — «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. λόγος — «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.
    • Эмбриология (embryologia, грек, embryon — ұрык, logos — ілім) — ұрыктың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтантыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы.

Цитология

 

    • Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесі (вирустан басқасы) жасушадан тұратыны сендерге мәлім. Жасушаның құрылысы электронды микроскоптың көмегімен терең зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша құрылымдарының өте ұсақ бөлшектеріне дейін анық көруге болады. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (гр. kytos - жасуша, гр. logos - ғылым) дейді. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр түрлі болады.
    • Плазмалық жарғақша (лат. membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртындацитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады.
    • Жарғақшаның қызметі:
    • Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен кажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде жұқалтырлы ұсақ тесікшелер - шұрықтар болады. Заттардың барлығы осы шұрықтар арқылы өтеді.
    • Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді;
    • Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаныңцитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.

 

    • Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро қабықшасында да өте ұсақ тесіктер - шұрықтар бар. Ядро солар арқылы цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро кабықшасы (жарғақшасы) заттардың козғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады
    • Цитоплазма (гр. kytos - жасуша, гр. plasma - іркілдек сұйықтық) - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады. Егер қоршаған ортаның температурасы көтерілсе (жоғарыласа), цитоплазманың козғалысы да күшейеді, төмендесе - баяулайды. Жоғары температурада цитоплазмада зат алмасу үдерісі (қоректену, тынысалу) жылдамдайды.
    • Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.
    • Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
    • Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.
    • Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.
    • Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

 

     Эмбриология

 

 

 Ағзаның ерте стадияда дамуынан бастап, яғни ұрықтанғаннан туылғанға дейінгі кезеңді  зерттейтін ғылым саласы болып табылады.

 

                      Онтогенез 

 

 

           Дамудың жеке сатысы.Оны ғылымға алғаш рет Э.Геккель негізген болатын. Қазіргі теория бойынша онтогенез (грекше ontos- тіршілік, genesis - даму)- жеке дамудың толық циклі, оның негізінде қоршаған ортаға байланысты тұқымқуалаушылық ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа беруімен, зигота пайда болғаннан бастап өлгенге дейінгі кезеңді айтамыз.

 Қоршаған ортаға байланысты адам дамуы екі кезеңге бөлінеді:

     Пренатальды- ұрықтанғаннан туылғанға дейінгі аралық.

     Постнатальды- ағзаның туылғаннан өлгенге дейінгі кезеңді айтады.

     Үшінші кезең – ғалымдар бұл кезеңді “гаметогенез”, ұрықтануға қатысатын жыныс жасушаларының дамуы.

    

    • Онтогенез  постнатальды сатылары (VII Халықаралық симпозиумда жасерекшелік мәселесі бойынша морфология, физиология және биохимия бойынша 1965 жылы қабылданған):

Жаңа туылған нәресте (алғашқы 1-10 күн аралығы),

Емшектік (10 күннен 12 айға дейін),

Ерте баладық шақ (1 жастан -3 жасқа дейін),

Алғашқы балалық шақ (4 жастан- 7 жасқа дейін),

Екінші балалық шақ (8 жастан-  13 жасқа дейін),

Жасөспірімдік кезең (13 жастан- 16 жасқа дейін),

Жеткіншектік кезең (17 жастан- 21 жасқа дейін),

Ересектік кезең (22 жастан- 56-60 жасқа дейін),

Егде жастық кезең(56-60 жастан- 74 жасқа дейін),

Қарттық кезең ( 75 - 90 жастар аралығы)

Ұзақ жасаушылар  (90 жастан жоғары).

               Ұрықтану  – күрделі үрдіс, сперматозоид жұмыртқа жасушасына еніп, олардың ядролары бірге қосылуы.

 

        Ұрықтану процесі

 

    Жатырішілік кезең – адам дамуының 280 күнге созылатын және үш кезеңге бөлінеді:

   Алғашқы кезең- ұрықтанғаннан кейінгі бірінші аптасы

   Эмбриональді кезең- алғашқы екі ай

   Ұрықтық кезең- 3-9 айлар аралығы

         Бөлшектену- зиготаның жылдам түрде бір-бірімен бөлінуі. Бластоцистаны түзумен аяқталатын кезең болып табылады.

 

Алғашқы кезең

        Гаструляция  кезіндегі үш ұрық жапырақшасының  түзілуі мен гистогенез бен  органогенез  дамуымен жүретін  кезеңді айтамыз.

 

Эмбриональді кезең

        Бұл өте күрделі үрдіс,ұрықтық жапырақшалар түзіле бастайды. Алғашқы этабында экто және энтодерманың түзілуі жүрсе, екінші этабында мезодерманың түзілуі жүреді. Инвагинация, деляминация эпиболия және иммиграция жолдары арқылы жүреді.

  

 

Гаструляция

   

       

 

 

         Эмбриональді  сатыдан кейін өтеді де, бұл  жерде мүшелер мен мүшелер  жүйесі қалыптаса бастайды. Дамудың  үшінші айынан бастап ұрық  деп атала бастайды.

   

 

Ұрықтық кезең

Қорытынды

 

    • Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды аналық организмнен тыс пробиркада жүргізіп, ұрықтарды мұздату өдістері, клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция және ұрықтарды басқа организмдерге көшіру және т.б. өдістер. Эмбриология — медициналық және ветеринарлық пәндердің (акушерство, педиатрия, гинекология) іргетасын қалайды

Пайдаланылған әдебиет

 

    • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
    • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
    • Ғаламтор

Информация о работе Цитология және эмбриология