Далалы жерлердегі өсетін өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 21:13, лекция

Описание работы

Қазақстан территориясының 30 % –ға жуығы далалы аймақ 110 га-дан көбірек жерді алып жатыр. Бұл зонаның ерекшелігі рельефінің жазықтығы болып табылады. Мұнда онша биік емес Мұғалжар таулары және Қазақстан аласа тауларының солтүстік бөлігі оқшауланады. Орманды далалармен салыстырғанда климат континенталдық өсуімен – жылудың көбеюімен, жауын-шашынның азаюымен ерекшеленеді.

Файлы: 1 файл

Далалы жерлердегі өсетін өсімдіктер.doc

— 163.00 Кб (Скачать файл)

         Далалы жерлердегі өсетін өсімдіктер 

 

Қазақстан территориясының 30 % –ға жуығы далалы аймақ 110 га-дан көбірек жерді алып жатыр. Бұл зонаның ерекшелігі рельефінің жазықтығы болып табылады. Мұнда онша биік емес Мұғалжар таулары және   Қазақстан аласа тауларының солтүстік бөлігі оқшауланады. Орманды далалармен салыстырғанда климат континенталдық өсуімен – жылудың көбеюімен, жауын-шашынның азаюымен ерекшеленеді. Далалы аймақтағы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-300 мм-ге дейін. Олардың максималдық мөлшері (60-80 процент) жылдың жылы мезгілінде жауады. Қаңтар айындағы орташа температура -16-19 градус айналасында, орманды далаға қарағанда жазы барынша ыстық және құрғақшылық жиі болып тұрады. Шілде айындағы орташа температура +18-ден+22 градусқа дейін, кейде күндіз +35 -40 градусқа дейін жетеді. 

                

Қазіргі кездегі  жіктеу бойынша далалы аймақты үш аймақ астына бөледі. Топырақтарының түріне қарай, климатының құрғақтығына және өсімдіктерінің түріне қарай. Кәдімгі  топырақты және оңтүстік қара топырақты бірінші аймақ - әр түрлі шөпті-ақселеу, бетегелі далалар, қызғылт қоңыр және сарғыш топырақты екінші аймақ-бетегелі ақселеу, құрғақшылық жерде өсетін әртүрлі шөпті далалар, ақшыл сары топырақты үшінші аймақ-жусанды-қау далаларға басым.

Шөптесін өсімдіктер арасында әдеттегі топ, оның ішіндегі басымдары  ақселеу, бетеге, сұлыбас бірлестігі. Ал бұталы топқа, шайқурайжапырақты  тобылғы, аласа бадам, қарақан бірлестігі. Ормандар дала аймағының азғана бөлігін  алады. Мұнда кәдімгі қарағай, қайың, орманның жекелеген бөлімдерінде қара қандыағаш.

Дала өсімдіктері өсіп тұрған жерлеріне сәйкес, жазы ыстық  та, құрғақ, қысы суық. Ауа райы континентальды және құрғақ. Жауған жаңбыр өсімдік  пен топырақтан буланған су мөлшері-жауған, ағып келген су мөлшерінен әлдеқайда кем диспропорция. Сондықтан да жыл бойына өсімдіктерде су мен ылғалдылық тың жетіспеуі байқалады.

Дала топырағы әртүрлі  қара топырақты, каштанды. Топырақ құнарлығы  өте жоғары. Осы қасиеті үшін көптеген далалық жерлер жыртылып, ауыл шаруашылық дақылдары егіліп келеді. Негізінен дала өсімдіктері түрлері әртүрлі шымды злактар, жартылай бұта өсімдігі аз. Эфемерлер алғашқы көктем топырақ ылғалдылығымен өсіп, жеміс беріп үлгереді. Даланың бір ерекшелігі орман ағаштары жоқ. Себебі, орман ағашы өсетіндей ылғал жетіспеуі және ауа райының қолайсыздығы деп түсіндіріліп келеді.

Дала зонасы солтүстік  ғаламшарда, Евразия мен Солтүстік  Америка жерінде үлкен аумақты  жерлерді алып жатыр. Даланың тағы бір  ерекшелігі қандай материк болмасын, материк ортасына орналасқанда, ешбір дала, мұхит, теңіз жағалауына жақындамайды. Оңтүстік ғаламшарда да дала аумағы үлкен емес.

 

             

Сақталып қалған бөлігінің  түрі дамылсыз мал жайылуының әсерінен өзгерген. Дала аймағында Наурызым және Қорғалжын қорықтары бар. Олар Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтауда үлкен роль атқарады. Төменде осы аймақта кездесетін едәуір танымал өсімдіктердің суреттемесі беріледі.

Кәдімгі қарағай   (Қарағайлар тұқымдасы) Қазақстанда кездесетін барлық қарағай тұқымдастарының ішіндегі баршаға таныс және кең тараған ағаш. Қазақстанның ұсақ шоқыларында және Алтай тауларында, жазықтағы орманды далада және далада, құмда және құрғақ топырақта жабайы түрде өседі. Қазақстанның басқа жерлерінде көгалдандыру мақсатында адамдар тұратын табиғи мекендерде – құмды және тау беткейлерінде әртүрлі табиғи апаттардан сақтау мақсатында өсіріледі.

Топырақты тұрақтандыру қасиеті, тамыр жүйесінің құрылым ерекшелігімен  түсіндіріледі. Жазықтағы қалың  орманда қарағайдың тереңге бойлап кететін кіндік тамыр өзегі жетіледі. Құмда, тау беткейінде тереңге кететін кіндік тамырдан өзге жанама тамырлар шығады. Олар топырақтың жоғарғы қабатында орналасады. Биік 35 м-ге дейін ағаштар, қарағайлар көз тартарлық әдемі болып, биіктей береді. Мұндай биікте түзу діндерден кемелер үшін қажет заттар кеме желкенінің ағашын жасайды.

Оқшаулана жарықта өсетін кейбіреулері өзіндік әдемілігімен ерекшеленеді. Жуан дінді айнала орналасқан ашық-жасыл түспен бірге сарғыш түсті  жолақ сүрек кездеседі. Дің зақымданған  жағдайда мөлдір жас тамшысына ұқсас хош иісті смола ағады. Желдің жалпы барлық қылқан жапырақтылардың өмірінде жоғары маңызы бар, әсіресе айқас тозаңдандыруда. Қарағайдың тозаңды тұқымында екі ұшуға арналған қалталары бар. Солардың көмегімен ұзақ ұшып кете барады.

Қарағайдың  адам өміріндегі маңызын бағаламау мүмкін емес. Ауаны тазартады, қарағай 400 жылдай өмір сүреді, су қорын сақтайды және топырақты тұрақтандырады. Құрылыс материалын, жиһаз, музыкалық аспаптар үшін, сондай-ақ машина үшін түрлі детальдар, тік ұшақтар, вагонға, кемелерге қажет заттар жасайды. Әрбір кесілген ағаш шығынсыз тіршілікке пайдаланылады.

Қабығынан –қармаққа  сүзгіш, кескеннен түсетін үгіндісінен  сия, спирт, канифол, комфора, ал тұқымынан  –құрамындағы қою майы бар зат  олифа т.с.с. алынады. Қарағайдан жиналып  алынған бүршіктердің құамында түрлі  пайдалы заттар бар, сондықтан медицинада кеңінен қолданылады. 

Кәдімгі емен (Шамшаттар тұқымдасы) Қазақстандағы туыс түрлерінің жалғыз ғана өкілі, жабайы түрінде тек Батыс Қазақстан облысында ғана кездеседі. Емен отырғызатын жерлер соңғы жүзжылдықта шұғыл қысқарып кеткен. Осылайша Х1Х ғасырдың ортасында емен жабайы түрде Орал қаласынан оңтүстікке қарай 200 км жерде жай ғана ағаштардың қатарында болған. Қазір тек шектеулі жерлерде: оңтүстік шекарасы қаланың солтүстік шығысында 30 км қашықтықта, яғни Республиканың солтүстік шекарасына дейінгі аралықта ғана кездеседі Орал және Елек өзендерінің аңғарларында. Олар беткейдегі жарларда өседі. Кейбір анықтамалар бойынша табиғи еменнің Қазақстандағы алып жатқан жері 830 га-дан аспайды.

Емен-біздің еліміздегі ең мықты ағаш болып есептеледі. Биіктігі 40 метрге жетеді, кәрі емендердің діңдерінің жуандығы бірнеше метрге жетеді. Тамыр жүйесі мықты өзекті тамыры 5 м-ге дейін тереңдеп жуан діңнің жетілуіне жағдай жасайды. Жас өркендердің қабығы тегіс, жылтыр, сұр, үлкен емендердің қабығы майлы қызғыштанып жарылып тұрады, қара-қоңыр түсті. Жапырағының пішіні өте әдемі-ұзын тақтасының үстіңгі беті қою-жасыл, астыңғы жағы ақшыл-жасыл, жылтыр, жиектері терең ойықталған, мұндай жапырақ тақтасының пішіні қалың қабыққа, жапырақтың көп мөлшерде түсуін қамтамасыз етеді.

Пайдасы жағынан  қарағанда едәуір бағалысы еменнің  сүрегі-мықты, қатты, әдемі суретті. Бәрінен бұрын оны кеме жасауда  қолданады. Сондай-ақ жиһаз, паркет төсеніштер, арнайы ыдыстар, бөшкелер жасауда қолданады. Бұл ағаштың қабығы пайдалы. Ерте кезден бері тері өңдеуде қолданылады.

Бояғыш заттар алу үшін  жас қабық, жапырақ, кесілген ағаштардың өңделген кездегі қалдықтары,үгінділері, бұтақтар, қиындылар және т.б қолданылады.  Еменнің қабығы біраз уақыттан бері заласыздандыратын дәрілік зат ретінде қабынуға қарсы тістің қызыл еті, асқазан және ішек пайдаланылады Ерте кезде жаңғағы адамдарға азық болған. Қазір кейбір жағдайда олар кофенің орнына пайдаланылады. Үй жануарларына азық ретінде қолданылады.  Бірақ, ең жоғары бағалануы бұл ағаштың сәндік мақсатқа пайдалануы және ұзақ өмір сүретіндігі 400-500 жылға дейін ол топырақты қорғап, оның құрамындағы ылғалды сақтайды. Бұл түр қызыл кітапқа енгізілген. Сондықтан табиғи өскен ормандар мен қолдан отырғызылған әрбір ағаш қатаң қорғалуы керек. 

Шайқурай тобылғы (Раушангүлділер тұқымдасы) Қазақстандағы нағыз далаға тән бұта. Оңтүстік батыс және оңтүстік шөлейт аудандардан басқа республиканың барлық территориясына дерлік кеңінен тараған. Тау беткейлерінде кейде көбірек мөлшерде кездеседі және шілік құрады. Онша биік емес 1,5 м-ге дейін бұта –ұсақ, шатыса орналасқан бұталарымен, тегіс қоңыр немесе қызғылт түсті қабығымен ерекшеленеді.    

Тобылғының сүрегі өте  мықты және қатты. Қазақстанның барлық жерінде оны жақсы біледі. Одан қамшыға сап жасайды. Жапырақтары ұсақ, керілген, ұшы дөңгеленген. Олардың пішіні шайқурайға ұқсас, осыдан түрдің атауы келіп шығады. Гүлдері ұсақ, ақ түсті, диаметрі 0,5 см-ге жуық, құрылысы раушангүлділерге тән. Олар қою қалқан тәрізді гүлшоғырына жиналған, қысқа гүл табанына орналасқан. Бұл түр сәуір-мамыр айларында гүлдейді, жәндіктердің көмегімен тозаңданады. Жемісі маусым-шілдеде пісіп жетіледі.

Тобылғы шаруашылықта топырақты  тұрақтандыруда, сәндік мақсатта және омарталықта маңызды. Қабығы, жапырағы және гүлдері халықтық медицинада аяқ-қол ауруына, тері және басқа ауруларға қарсы ем ретінде пайдаланылады. Қазақстанның кейбір жерлерінде үйде немесе киіз үйде тобылғының бұтағын  тіл-көзден қорғау үшін іліп қояды.   

Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда – боз, бетеге, атқонақ, еркек шөп, кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады. 

 Даланың  оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен  қатар жусанның кейбір түрлері  өседі. Кей жерде бұлар тұтас  учаскелерді алып жатады. Дала  өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік  өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайшөп, итмұрын, дәрілік валериан кездеседі.


Информация о работе Далалы жерлердегі өсетін өсімдіктер