Денің сау болса қандай тамаша!

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 06:19, доклад

Описание работы

Әр адамға өмір бір – ақ рет беріледі. Қамшының сабындай қысқа ғана өміріміз көзді ашып – жұмғанша өтеді де кетеді. Осы аз ғана өмірде адамның дені сау, көңілі көтеріңкі болып өтуіне не жетер дейсің?! Өмір сүру оңай емес, оның қызығы да қиындығы да бар. Бірде қуанасың, енді бірде мұңаясың. Осының барлығының негізі, түп тамыры –ол бірінші байлық денсаулықта деп есептеймін.

Файлы: 1 файл

Денің сау болса.docx

— 11.65 Кб (Скачать файл)

Денің сау болса, қандай тамаша!

Әр адамға өмір бір –  ақ рет беріледі. Қамшының сабындай қысқа ғана өміріміз көзді ашып –  жұмғанша өтеді де кетеді. Осы аз ғана өмірде адамның дені сау, көңілі көтеріңкі болып өтуіне не жетер  дейсің?! Өмір сүру оңай емес, оның қызығы да қиындығы да бар. Бірде қуанасың, енді бірде мұңаясың. Осының барлығының негізі, түп тамыры –ол бірінші  байлық денсаулықта деп есептеймін. Ал, денсаулықтың мықты болуы, он екі  мүшеңнің аман болуы – тек қана өз қолыңда. Егер салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен серік болып, жаман  әдеттен аулақ болсаң, онда сенің  сарқылмас қазынаң да әрдайым  сенің серігің болмақ. Ал, өзіңді заман аждаһасына  айналған зұлым заттардан аулақ болу керек. Менің ойымша, өміріміз мәнді де сәнді өтуі үшін адма баласына ең басты – денсаулық керек. Сол үшін, болашақ жастарға айтарым: өз денсаулықтарыңа балта шаппай, болашақтарыңның бұлыңғыр болуына жол бермеңдер. Бір бұзылған денсаулықты екінші рет қайтадан қалпына келтіре алмайсың. Дана халқым айтқандай: «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз» абзал болар еді.  Әр күніміз сәтті өтіп, өміріміздің соңына дейін еш ауырмай өтсек, соден асқан арман болмас еді деп есептеймін. Деніміздің саулығын бағалайық, ағайын! Өмір арнасынан қалып қоймай, әрдайым көпшілік ортасында аман – сау жүргенге не жетсін?! Деніміз сау болсын, достар!  

Нұрбол Гүлбарша 
9 – сынып оқушысы


Информация о работе Денің сау болса қандай тамаша!