Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 19:19, реферат
Ал енді еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы ол мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да есірткіні тұтынатын жағдайларда болады.