Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 07:13, статья
Дермене – асыл шөп. Бойы 50 сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстанда, Арыс, Түркістан аймағында жиі кездеседі. Улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат – сантонин пайда болады. Сол себепті, одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Ел ішінде дермененің адам ағзасына зияны сонша тимейтіндей қарапайым екі рецепті бар.
Дермене –дәрілік өсімдік.
Дермене – асыл шөп. Бойы 50 сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстанда, Арыс, Түркістан аймағында жиі кездеседі. Улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат – сантонин пайда болады. Сол себепті, одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Ел ішінде дермененің адам ағзасына зияны сонша тимейтіндей қарапайым екі рецепті бар. Дермене – жусанның бір түрі. Көпсабақты, балауса кезінде сабақтары түкті әрі сарғылт жасыл болады. Өсе келе, сабағы тыңайып қатаяды. Түксіз қызғылт сары түске енеді. Тамыры жуан, тармақтанған, сүректі. Дермененің төменгі жапырақтары сағақты. Ұзындығы 2,5-4 сантиметрдей және тілімденген. Жоғарғы бөлігіндегі жапырақтары бүтін, айыл пішінді, қысқа. Дермене Қазақстанның шөлді өңірлерінде өседі. Орта Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Дермененің ел ішінде бірнеше атауы бар. Мысалы, дәрмене, дермене жусан. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген.
Дермене емдік қасиеті мол өсімдік.
Ол тек қана Арыс өзені бойында өседі.
Одан алынатын
Сантонин дәрісі ішқұртынына қарсы әлемдегі
бірегей дәрі. Ол дәрі әлемде тек қана
Шымкент сантонин заводында шығарылады.