Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 10:06, реферат
Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдырының жиынтығын айтады.
Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтауүшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат. Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.
Санитарлық тазалық.
Дезинфекция, дезактивация, дегазация туралы түсінік.
Жеке адамдарға арналған Аи-2 аптечкасы.
Бактериалогиялық қару.
Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдырының жиынтығын айтады.
Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтауүшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат. Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары –тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі-адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттарды адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс. Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Дезинфекция (залалсыздандыру) – бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені.
Дезинфекция кешеніне алдын-алу, жойғыштық өңдеу және қорытындылау дезинфекциялары жатады:
Дезинфекцияның тиімділігіне әсер етеді:
Дератизация – алдын-алу және жойғыш шаралар жүйесі, кеміргіштердің санын азайту мен эпидемиологиялық жағдайда өте қауіпті және экономикалық шығындар әкелуін жоюға бағытталған.
Дератизациялық жұмыс екі кезеңмен жүргізіледі:
Мақсаты – кеміргіштердің орындарын, сандарын мен түрлерінің құрамын анықтау. Жұмыс жоспары мен материалдық құралдар шығыны. Арнайы әдістер мен нысаналы бақылау құралдары.
Мақсаты – обьектідегі кеміргіштердің көп санын жою, обьектінің барлық аумағында жойғыш шараларын жүргізу, қолданылған әдістер мен түрлерінің технологиялары мен тиімділігін сақтай отырып, толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жойғыштықтың арнайы әдістерін пайдалану керек:алдамшы,алдамшы емес және механикалық. Жойғыштық құралдарды егеуқұйрықтың көп жиналған жерлеріне, үй тышқандарының тығылған жерлеріне пайдалану керек. Жойғыштық технологияның кезеңдері кеміршігтерге қарсы жаңа родентициялық құралдардың өткір және созылмалы әсерін пайдалану керектігімен қарастырылған.
Дезактивация — әскерлерді радиоактивтік заттардың әсерінен (зақымынан) сактау максатымен каружарақтан, киім-кешектен, азық-түліктен, судан, корғаныс бекіністерінен және т.б. уланған объектілерден радиоактивті заттарды кетіріп, кауіпсіздік дәрежеге жеткізу.
Дезактивация 3 тәсілмен жүргізіледі.
Толық дезактивация (Полная дезактивация) — зақымданған қаружарақты, ұрыс техникасы мен езге де объектілерді радиоактивтік заттардан тазарту. Қару-жарак, ұрыс техникасы мен кәлік құралдарын толық дезактивацияды оңайлату және дезактивация ерітінділерін үнемдеу үшін алдымен балшықтан, кәю жаққыштардан тазарту керек. Толық дезактивация әскерлер ұрыс міндеттерін орындап болғаннан кейін арнайы тазалау орындарында немесе тікелей бөлімшелерде табельдік және қол астындағы құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Дегазация – газдан тазарту, зақымдалған нысандардағы улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінің ең тиімдісі –химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен оқшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға қайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды қыздыру, уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады.
Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін, клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.
Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Берілу жолдары:
Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.
Симптомдары:
Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады. Жіктелуі:
Оба(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар.
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады.
Аурудың ортақ белгілері:
Аусыл - жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі індет түрі.
Белгілері:
Аусылды емдеудің дәстүрлі шаралары көп:
Аусылдан сақтану үшін:
Жеке дәрі дәрмек қорапшасы өз өзіне көмек көрсетуге және радияциямен, улағыш заттармен және бактериологиялық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. АИ2 қорапшасының көлемі – 90x100x20мм, салмағы -130 грамм, қызғылт сары түсті.
Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:
1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.
2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады.
3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.
Информация о работе Дезинфекция, дезактивация, дегазация туралы түсінік