Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 22:18, реферат
Прокариоттық жасушаларда тек бір ғана репликациялық көзше қызмет атқарса, эукариоттарда ДНҚ молекуласының мөлшеріне байланысты жүздеген, мыңдаған репликациялық көзшелер қызмет етуі мүмкін. Репликациялық көзше тек арнайы нуклеотиттер жүйесі орналасқан учаскелерде ғана түзіледі. Ұзындығы 300 нуклеотитке шамалас келетін мұндай учаскелер репликация басталатын нүкте немесе «О» сайты ( ағыл. origin) деп аталады. ДНҚ дағы жалпы репликациялық учаскелердің саны ағзаның генетикелық бағдарламасының мөлшерңмен анықталады.
ДНҚ репликациясы
Прокариоттық және эукариоттық ДНҚ- полимеразалар
Репликондар
Прокариоттық жене эукариоттық ағзалардың ДНҚ репликациясы
Артта қалған тізбектің үздікті репликациясы
Бастаушы тізбектің үздіксіз репликациясы
Жаңадан синтезделген ДНҚ молекулалары ұштарының толық репликацияланбауы
Репликация процесінде ДНҚ ның жаңа тізбектері синтезделместен бұрын алдымен РНҚ праймердің синтезделіп, қызметін атқарып, соңынан шығарылып тасталатыны айтылды.
Эукариоттар репликациясының ерекшелігі, осы синезделген РНҚ праймер бөлініп кеткеннен соң,әр репликация аяқталғанда түзілген сәл қысқалау келеді. Жаңадан синтезделген тізбектің жетіспейтін бөлігінің ұзындығы РНҚ праймерлердің мөлшеріне сәйкес болады, Былайша айтқанда бастапқы матрицалық тібектің 3! Ұшынан жаңа тізбектің комлементарлы 5! Ұшы қысқа болып аяқталады.
Өйткені ДНҚ полимераза ферменті жаңа тізбек синтездеу үшін өзінің алдыңғы РНҚ праймердің 3! ұшын Пайдалануы тиіс . Соңғы праймер алып тасталғандықтан, оның 3! Ұшы да болмайды. Сондықтан РНҚ праймер жоқ жнрде ДНҚ полимераза жаңа фрагмент синтездей алмайды, нәтижесінде , түзілген тізбек қысқалау болып, репликацияның толық жүрмегендігін сипаттайды. ДНҚ ның мұндай бірі ұзын, бірі қысқа ұштарын үшкір немесе оверхенгтер деп атайды. Бұл жағдай эукариоттарға тән сызықтық ДНҚ молекуласының репликациясы кезінде артта қалған тізбектің синтезделуі нәтижесінде байқалады,
Шын мәнісінде ДНҚ молекуласының жаңадан синтезделген артта қалған тізбегінің қысқаруы 10-20 нуклеотидке емес 50-65 нуклеотиттерге шамалас келеді. Өйткені ДНҚ полимеразалық жиынтықтың аумағы едәуір көлемді болғандықтан жаңа фрагмент синтездеу үшін ол матрицалық тізбектің бірнеше ондаған нуклеотиттерден тұратын учаскесіиен байлансуы тиіс. Артта қалған тізбектің репликациясының толық жүрмеуі хромосомаларның теломералары аймағында байқалады. Теломераларда гендер болмайды, сондықтан да толық емес репликация геномның тұқым қуалаушылығына әсер етпейді.
Теломералардың болуы ДНҚ ның тғқым қуалау ақпарат жазылған учаскелерінің репликацияланбай қалуынан сақтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер: