Дәрілік өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:30, курсовая работа

Описание работы

Өсімдік адам өмірінде де, сондай-ақ жануарлар тіршілігінде де орасан зор қызмет атқарады. Адам мен жануарлардың негізгі азық қоры - өсімдіктер. Өсімдіктерден азық түлік қана емес, сонымен бірге, дәрі-дәрмек, қара май, мата тоқитын талшықтар, каучук, целлюлоза және т.б. техникалық шикі заттар алынады.

Содержание работы

Кіріспе
1.1 Дәрілік өсімдіктердің маңызы
1.2 Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы дәрумендер
1.3 Дәрілік өсімдіктерге сипаттама
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

дарилик.doc

— 1.20 Мб (Скачать файл)


 

Мамандардың айтуынша, оның құрамында  флавоноид, сапонин заттары, қант, илік заттар (суда еритін құрамы жөнінен  алуан түрлі және күрделі саналатын  органикалық заттар тобы), С, К дәрумендері, каротин, алкалоидтер, эфир майы, бояғыш заттар және шайыр болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы. Шөп құрғатылып, ұнтақ күйдегі дәрілік препарат жасалады. Ол зәр айдайды және қызуды басады, сонымен бірге құрғақ жөтелге қарсы ем болады.

 


 

Емге оның сабағы, жапырақтары, қайнатынды суы қолданылады. Қалақайдың барлық түрінің құрамында белок, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады. Көктемде қалақай жаңа көктеп бой ала бастаған мезгілде ұсақтап турап беті жабулы эмальды ыдыста баяу жанған отта жарты сағаттай қайнатып, қалыпты мөлшерде бұрыш, тұз қосып жас еттің сорпасымен (50:50 мөлшерінде қосып) ішсе, таптырмайтын ем. Бұл қанды тазартады, жүрек демікпесін басады және қан қысымының қалыпты жағдайға келуіне, жүйке жүйесін тыныштандыруға, сонымен қатар есте сақтау қабілетіңізді нығайтуға бірден-бір ем.

 


 

Соңғы жылдары жүргізген  зерттеу жұмыстарының нәтижесінде  жүгері аналығының өт жүргізетін қасиеті  бар екені дәлелденді. Оның әсерінен өт секрециясы артады да, билирубин саны азаяды, өт сұйылады, қандағы протромбин саны артады, диурез күшейе түседі. 
         Жүгері аналығын басқа да дәрілік өсімдіктермен қосып холецистит, гепатит кезінде өт жүргізетін және өт бөліп шығаратын дәрі ретінде, сондай-ақ қан кетуін тоқтататын препарат ретінде қолданады. 
Соңғы кезде жүгері майы шипалы дәрі ретінде пайдаланып жүр. Жүгері майының құрамына кіретін май қышқылдарының қандағы холестерин санын кемітетін қасиеті бар, сондықтан жүгері майын күнбағар майымен бірге атеросклероздың алдын алуға және оны емдеуге қолдану ұсынылады.


Пияздың құрамында көмірсулар, гликозид, сапонин, кальций оксалаты және басқа  элементтер бар. Біріншіден, ас қорытуға жақсы әсерін тигізеді. Пияздың иісі өте жағымсыз екенін бәріміз жақсы білгілі. Алайда бұл көкөністің бойындағы ең құндысы да осы. Пияздың бойындағы эфир майы ауру қоздыратын – құрт, бактерияларды жояды. Сондықтан оны салатқа, бірінші және екінші тағамға, жалпы сәйкес келеді деген барлық тағам түрлеріне қосып, үнемі пайдаланған жөн.

Сүйелдер мен іріңді жараларға пияздың жылытылған ұсақ кесінділерін кір сабынмен араластырып (2:1) жағып, үстінен бинтпен орап тастайды. Бинтті күн сайын ауыстыру қажет.

Пияздың сөлі салқын тигеннен болатын ауруларға (тұмау, мұрынның бітелуі т.б) өте жақсы көмектеседі. Ол үшін сөл мен балды 1:1 араластырып, ас қасықпен күніне үш-төрт рет ішу керек. Егер тамақ ауырса, осы қоспаны бір шай қасықпен күніне үш-төрт рет ішеді. Тұмау болғанда пияздың сөлін мұрынның айналасына жағады немесе туралған пиязды екі-үш минут иіскеу керек. Бұл тәсілді ауру жаңа басталғанда қолданған өте тиімді. Туралған пиязды шағын ыдысқа салып, бала ұйықтаған кезде (тұмау болғанда) бас жағына қойса, мұрнының ашылып, жақсы ұйықтауына көмектеседі.

Қатты жөтелден арылмасаңыз, пияздың көмегіне жүгініңіз. Ол үшін әйнек бөтелкені туралған пиязбен толтырып, бөтелкенің сыртын қамырмен қаптап, духовкаға салыңыз. Сырты пісті-ау деген кезде духовканы өшіріп, суығанын күтіңіз. Содан кейін қамырынан аршып, бөтелкедегіні үлкендер екі ас қасықтан күніне 3-4 рет қабылдайды, ал балаларға бір ас қасықтан берсе де болады. Мұндай ем созылмалы гастриті барларға да зиянын тигізбейді.

Шамамен 50 грамм мейізге 200 мл қайнаған су құйып, жарты сағат қоя тұрады. Сосын оған бірнеше пияздың сығып алынған сөлін (үш ас қасық көлемінде) араластырады. Бұл тұнбаны жөтел кезінде күніне бір рет жатар алдында бір жұтым шамасында қабылдап алған жөн. Сонда жөтелден тез құтыласыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ғылыми жұмыстың барысында Түркістан қаласында  өсетін дәрілік шөптердің биологиялық  және емдік қасиеттері  зерттелді.   «Мың теңгелік дәрі сенің қоранда  өсіп тұр» дегені рас екен. Күнделікті тағам ретінде қолданып жүрген пияздың, жүгерінің қаншама ауруларға қолдануға болатыны анықталды. Әсіресе, қазір тұмау кезінде оқушыларға пиязды  ем ретінде пайдалану өте қажет.

 

Осы зерттеген  жұмыстың нәтижесінде:

 

  1. Мектептің оқушылар күштерімен дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын ескеріп, аурулардың алдын алу және ем ретінде пайдалану үшін тек дәрілік өсімдіктерден тұратын бау – бақшаны (лекарственный сад) өсіруді қолға алуды ұсынамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Ә.Іскендіров. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. – Алматы: Қазақстан, 1982. – 188 бет.
  2. http://www.greenrussia.ru/
  3. Қалиев Б. Өсімдік атаулары. Орысша-қазақша сөздік. - Алматы: Ана тілі, 1993.- 103 б.
  4. Сейітов., Саудабаев Ш., Абдрашов. Агрономия негіздері. “Қайнар”, 1989ж.
  5. «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» Б.Мұханов, Т.Мұсақұл, Н.Суворов, Алматы 1966 ж, 46-47 б.б.
  6. Сихымбаев Ә.Е., Керімбекова Т.Қ., Сихимбаева С.М. Оңтүстік Қазақстан облысындағы интродукцияланған өсімдіктер. Оқу-әдістемелік құрал. - Шымкент, 2005.-316.
  7. Красная Книга Казахской ССР. - Т. 2. - Редкие и находящиеся под угрозой изчезновения виды животных и растений. - Алма-Ата: Наука, 1981. - Ч. 2. - 263 с.
  8. Новиков В.С., Губанов И.А. Школьный атлас-определитель высших растений: Кн. для учащихся. — 2-е изд. — М.: Просвещение, 1991.
  9. Ә.Әметов. Ботаника. Алматы: Дәуір, 2003, 512 стр.
  10. Коровин  Е.П.  Растительность  Средней  Азии  и  Южного  Казахстана. ТашкенТ. :АНУзССР, 1961-1962.-Кн.1. -452 с.;Кн.2.- 548 с.
  11. Асанов К.А., Линьков А.А., Джумабаев П.М. Дендрарий Юга Казахстана.Чимкент, 1984.-43 с.
  12. Бабин, Д.М. Мир комнатных цветов. Изд-во: Мн: Миринда. 2002 г
  13. Верзилин, Николай.  Путешествие с домашними растениями. Серия: Научные развлечения. Изд-во: М.: Мещерякова. 2008 г.

 

 

 




Информация о работе Дәрілік өсімдіктер