Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 23:46, реферат
Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігеріНиколай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.
Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.
Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігеріНиколай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.
Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.
Витаминнің мал
үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин
жеткіліксіз болса, малдың өнімі
төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға
шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері
жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы,
А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не
бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді,
сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы
мүмкін. Малға қажетті витамин балауса
шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде,
тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға
шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен
жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық
Құнарлы тағамдар
Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Тағамда витаминдердің
жеткіліксіз болуы, адам ағзасын
әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз
деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы,
ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу,
сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа
аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік
болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып,
оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті
нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі
күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы
кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не
сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда
ағзада витамин жетіспеушілік артады.
Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы
витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек
пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік
және гиповитаминоз жануарларда да болады.
Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде
ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық
мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы,
В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шо
Витаминдердің топтары мен түрлер
Жемістер мен көкөністер құрамында дәрумендер көп
Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.
Майда еритіндерге А, D, Е, К витаминдері жатады.
Суда еритін витаминдерге С, РР және В тобындағы барлық витаминдер жатады. соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа боледі: алифатты , алициклды, ароматикалық, гетероциклды,
Дәрумендер жане мөлшерлері
Майда еритін витаминдер
А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына
әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра
алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде
көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі
жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді.
Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып,
түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы
өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады.
Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр(куриная слепота)
деп атайды. А витамині бауырда, сүтте,
жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің
кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, кызанақ
D витамині (кальциферол) адамның терісінде
күннің ультракүлгін сәулелерін
Суда еритін витаминдер[өңдеу]
С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы
ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады.
Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді.
С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың
түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді
түзетін ферменттердің құрамына кіреді.
Терідегі қантамырлардың қабырғасының
бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині
жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды,
сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек
қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе,
адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады.
Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен,
тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині
ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек
қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер
және тұздалған орамжапырақ құрамынд
Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары[өңдеу]
Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С витамині жойылып, В тобындағы витаминдердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы витаминдер толығымен сақталады.
Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады. Витаминдерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарынпайдаланады.
В1 витаминi
В1 витаминi (тиамин ) ағзада дұры с зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ор ганизм тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 витаминіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 витаминін көп қажет етеді.
В2 витамині
В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.
В6 витаминi
В6 витаминi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин ағзада жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.
В12 витамині
В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.
В15 витаминi
В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.
Е витаминi
Е витаминi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.
К витаминi
К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ.
Р витаминi
Р витаминi
(биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының
беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа
түсіріп отыратын биологиялық заттар то
РР витамині
РР дәрумені (ниацин) . Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі.Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады,бауыр жэұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді.РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы,еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы,іш өту және бұлшық ет ауруы.Көктем мен жаз кезінде теріде қызғылт тез өсетін дақ пайда болады,зақымданған тері жуандайды да кір қызыл-қоңыр түске боялады,қабыршықтанады.
Фолий қышқылы
Фолий қышқылы (фолацин) қан құралу процестерімен тығыз байланысты. Негізінен жапырақты көкөністердің құрамында болады, сонымен бірге помидор, алма, картопта, бауыр, бүйрек, ашытқыла бар.
Пантотен қышқылы зат алмасуының маңызды реакцияларына қатысады. Мал өнімдерінен және өсімдіктен дайындалатын көптеген тағамдардың құрамында бар. Бұл витаминнің тәулік ішінде адам ағзасына қажет мөлшері күнделікті тамақ құрамында жеткілікті болуға тиіс. [5]
Витаминдер (Дәрумендер )— денсаулық
тірегі
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді
бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді
дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді.
Бұл дұрыс емес.
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақ-тану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын жәнс реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алицикдды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары.
Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды жөн көрдік.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам
витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін
витаминдер ферменттердің простетикалық
топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар
ферменттердің активтілігін жоғары-латады.
Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін
витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің
адам организміне қабылдану мөлшері де
түрлішс болады.
Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану
гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі.
Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер
мен басқа да заттардың құрамында кездесетін
вита-миндерді түрлі түсті сапалық реакциялар
көмегімен ашуға болады.
Суда еритін витаминдер Гиамин
(В] витамині, аневрин). Тамақ құрамында
тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери
немесе полиневрит деген ауруға шалдығады.
Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады,
жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішск
трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту
сөлінің секрециясы төмендсйді, судың
алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.
Азия және оңтүстік Америка материктерінде
тұратын халық-тардың арасында «бери-бери»
ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені
белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе
Жапония, Шығыс Азия, Филлппин аралдары,
Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы
көп пайдаланатын еддерде жиі тараған.
Европа елдерінде «бери-бери» ауруы, керісінше
өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы
тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш
емес, олар қара нан, әр түрлі тағамдар
мен овощтар жиі пайдаланады. Голланд
ғалымы Эйхман 1890—1897 жылдары Ява аралында
жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны
байқады: адамның жегенінен қалған таза
күріш берілген тауықтарда «бери-бери»
ауруларының белгілері пайда болған. Ал,
әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар
бұл аурумсн ауырмаған. Осы байқауларға
сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің
нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери-бери»
ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде
көп кездесетін В) витаминінің (тиаминнің)
жетіспеушілігінен екені анықталған.