Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 14:20, лекция
Сабақтың мақсаты: Балалардың ойлау, шығармашылық, таным қабілетін, тіл байлықтарын дамыту. Сахналауда кейіпкерлердің мінез-құлқын, сыртқы бет пішінін, ішкі көніл-күйін сезініп жеткізе білу қасиеттерін қалыптастыру, суреттегі айырмашылықтарды дұрыс ажырата білу дағдыларын жетілдіру. Ұйымшылдыққа, дер кезінде достарына көмекке келе білуге, адамгершілдікке жетелеу.
«Ертегілер әлеміне саяхат» кейіптендіру.
Сабақтың мақсаты: Балалардың ойлау, шығармашылық, таным қабілетін, тіл байлықтарын дамыту. Сахналауда кейіпкерлердің мінез-құлқын, сыртқы бет пішінін, ішкі көніл-күйін сезініп жеткізе білу қасиеттерін қалыптастыру, суреттегі айырмашылықтарды дұрыс ажырата білу дағдыларын жетілдіру. Ұйымшылдыққа, дер кезінде достарына көмекке келе білуге, адамгершілдікке жетелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, атребуттар, кастюмдер.
Әдіс-тәсілдер: логикалық ойындар, кейіптендіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн, қараңдаршы Уақыт машинасы бізде қонақта, кәне оны сөзге тартайық.
Уақыт машинасы: Жүректі мен ашайын,
Тәрбиеші: Уақыт машинасы сен бізді қайда апара аласың?
Уақыт машинасы: Мен сендерді өткен өмірге, болашаққа апарамын! Сендер қайда барғыларың келеді?
Балалар: Біз болашаққа барғымыз келеді.
Уақыт машинасы: Олай болса сендер менің антена бұрғышымды оңға бұраңдар сонда болашаққа, ал кері солға бұрасаңдар өткен өмірге түсесіңдер.
Тәрбиеші: Кәне Айбар оңға бұра, болашақты көрейік.
Бала байқаусызда солға бұрап жібереді.
Музыка ойнап балалар ертегі әлеміне түседі.
Уақыт машинасы: Сендер ертегі әлеміндесіңдер.
Тәрбиеші: Балалар мына ертегі әлемі керемет екен.
«Алдар көсе мен бай» ертегісінен көрініс.
Әуендетіп Алдар көсе шығады.
Нұрай (автор): Қыстың бір қақаған күнінде Алдар жаурап тұрған байға кезігеді.
Алдар: О, байеке мына қалың, әдемі шапаннан қалай ғана жаурап тұрсың?
Бай: Е, сен мына жыртық шапаннан мына қақаған, ызғарлы қыстың күнінде қалай ғана жаурамай тұрсың?
Алдар: (байды тағыда алдап көрейін) О, байеке менің мына шапаным жай шапан емес, сыйқырлы. Суық мына жыртықтан кірсе, мына жағынан шығып кетеді, жылу мына шапанда қалады.
Бай: Олай болса кел екеуміз шапанымызды айырбастайық.
Алдар: Сенен немді айайын, кғел айырбастайық.
Нұрай: сөйтіп Алдар байдың жылы шапанын алдап киіп кетеді.
Бай: Мына сыйқырлы шапанның ешщ жылуы жоққой, қап мына қу Алдар мені тағы да алдап кетті-ау.
Уақыт машинасы: Балалар енді мына менің тапсырмамды орындасаңдар, сендерді басқа әлемге апарамын.
Логикалық ойын «Айырмашылығын тап».
Уақыт машинасы: Бәрекелді тапқыр балалар екенсіңдер. Ой мына жануарлар қайдан жүр? Кәне сұрайық.
Алдыдан ит, аю, қасқыр шығып:Біз адасып жүрміз, бізге көмек керек.
Еркебұлан: Бұл орыстың халық ертегісі «Қоян мен түлкі» Ертегісінің кейіпкерлері.
Уақыт машинасы: Мен сендерді өз ертегілеріңе апарып салайын. (Музыка ойнап, «Қоян мен түлкі» ертегісінен көрініс)
Нұрай: Сөйтіп, қоянның алдынан айдарлы әтеш шығыпты.
Әтеш: Қоян сен неғып жылап отырсың?
Қоян: мені түлкі үйімнен қуып жіберді, енді далада үйсіз қалдым.
Әтеш: Кукареку: қоян сен жылама жүр мен саған көмектесем, түлкіні үйден қуып шығамын! (түлкіге қарап)
-Кукареку, түлкі шық үйден!
Түлкі: Әтеш мен сенен де қорқпаймын, үйден қайтсен де шықпаймын!
Әтеш: (қорқытып) Кукареку, шық үйден, әйтпесе мына найзадай өткір шалғымен басыңды шабамын.
Түлкі: (дірілдеп) Жарайды, жарайды әтеш басыма тиіспе, мен кетейін (үйден шығып кетеді)
Автор: сөйтіп, әтеш пен қоян бірігіп бақытты өмір сүріп дос болыпты.
Уақыт машинасы: ал енді балалар көңілімізді көтеріп денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Төскейден жел еседі
Төбемнен бұлт көшеді
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
Уақыт машинасы: Балалар мына суретте әжей немересіне қай ертегіні әңгімелеп отыр.
Балалар: «Мақта қыз бен мысық».
Музыка әуені ойнап, балалар әдемі сарайға келді.
Уақыт машинасы: Ал балалар мен сендерді Мақта қыздың әдемі сарайына алып келдім.
«Мақта қыз бен мысық»ертегісінен үзінді.
Автор: Сонымен мысық жапырақты алып сиырға келіпті.
Мысық: Мяу,мяу сиыр, сиыр мен саған жапырақтар әкелдім, енді маған қатық берші?
Сиыр: Мө-мө, рахмет саған мысық міне саған қатық.
Мысық: Мяу,мяу көп рахмет саған сиыр көмегіңе!
Автор: Сөйтіп мысық қатықты алып Мақта қызға келді.
Мысық: Мақта қыз, Мақта қыз міне саған қатық алып келдім, енді құйрығымды қайтаршы өзіме.
Мақта қыз: Мысық егер сен менін мына тапсырмамды орындасаң берейін.
Мысық: Мен кімнен қандай көмек сұрағанымды шатасып қалдым, кімнен көмек сұраймын?
Уақыт машинасы: Кәне балалар Мысыққа көмектесейік.
«Орындарын дұрыс қой»
Тәрбиеші: Кәне балалар мына суреттер ретімен дұрыс қойылған ба?
Балалар: Жоқ, орындары ауыстырылған, біз мысыққа кімнен қандай көмек сұрағанын есіне түсіріп, көмектесіп жіберейік.
Мақта қыз: Мысық достарың көп екен, екеуміз енді тату-тәтті болып, достасайық.
Уақыт машинасы: Балалар бүгін сендермен уақытты бос өткізбей, ертегілер әлеміне саяхатқа барып келдік, көп нәрсе көрдік. Кәне қандай ертегілерді тамашаладық, нелерден, кімдерден көмек сұрадық естеріңе түсірейікші?
Камила: «Алдар көсе мен бай» ертегісіне бардық.
Али: «Түлкі мен қоян» ертегісіне саяхаттадық.
Амина: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашаладық.
Музыка әуенімен балаларды уақыт машинасы топқа алып келеді.
Қорытынды бөлім:
Уақыт машинасы: балалар сендермен де қоштасатын уақыт та келді, сендерменболғаныма өте қуаныштымын! Сендер өте тапқыр, ақылды және өнерлі балалар екенсіндер, келесі жолы мен сендерді қайтсемде болашаққа сапарға алып барамын! Келесі кездескенше хош сау болыңдар!
Тәрбиеші: Міне балалар өткен өмірден, өз тобымызға да оралдық. Сендерге өте ұнаған болар. Сендерге көп рахмет айтамын.
№3 “Балбөбек” сәбилер балабақшасы
Саткенова Қ.И.