Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2014 в 15:30, реферат
Бактериялар, вирустар, өсімдіктік және жануарлық табиғаты бар кейбір улар, донорлық қан және организм үшін бөгде басқа да заттар антигендер қатарына жатқызылады. Олар тек қана организмнің ішкі ортасына өздерінің антигендік қасиеттерін өзгертпей түскен кезде ғана бөгде болып саналады. Ас қорыту процесі кезінде өздерінің антигендік қасиеттерін жоғалтатын азықтық заттар иммундық реакцияларды туындатпайды.
Иммунитет жасушалық және гуморальдік, ерекше немесе ерекше емес қорғаныштық реакциялармен қамтамасыз етіле отырып, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды