Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:04, реферат
Ген дегеніміз – бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауапты генетикалық ақпараттын бірлігі болып табылатын ДНҚ молекуласының кесіндісі деп аталады.
Тірі организмдер өзінің құрамына кіретін клеткалардың типіне байланысты эукариоттар және прокариоттар болып бөлінеді. Эукариоттық клеткаларда геномның ДНҚ-сы ядролық қабықшамен қоршалған, яғни эукариоттық клеткалардың ядросы бар, ал прокариоттарда айкын көрінетін ядро жоқ (грекше аударғанда эу – «мен» жұрнағына сәйкес (ядромен), про – «сыз» жұрнағын (ядросыз), ал кариос – ядро.
Геном – жасушаның, ағзаның тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық генетикалық ақпарат жазылған ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ-сының барлық гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Геннің құрылысы мен қызметі
Прокариот және эукариот гендері
Гендерінің экспрессиялануының (активтенуінің) реттелу механизмдері
Прокариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі
Эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Эукариоттық геномның транскрипциясы реттеуші гендердің немесе жасушалық мембрананың алуан түрлі арнайы реттеуші молекулаларымен реттеледі. Ол молекулаларға жатады:
Трансляциялық бақылау
Гендер экспрессиясын трансляциялық деңгейде бақылау прокариоттар мен эукариоттарда түрліше жолдармен іске асырылады, Прокариоттардың көпшілік а-РНҚ-ларының трансляциясы транскрипциямен қатар бір уақытта жүреді.
Трансляциялық бақылаудың іске асырылу жолдары:
Эукариоттардың қалыпты жағдайдағы а-РНҚ-сы 3 сағатқа жуық өмір сүреді де соңынан ыдырап кетеді. Ал фибриондық а-РНҚ бірнеше күн өмір сүріп, сол уақыт аралығында фибрионның 109 молекуласын синтездеп үлгереді.
Посттранскрипциялық бақылау
Транскрипцияның соңы мен трансляция басталудың арасындағы кезең посттранскрипциялық кезең деп аталады. Онда мына процестер жүреді:
Эукариоттар гендерінің экспрессиялануының реттелу жобасын 1972 жылы Г.П. Георгиев жасаған.
Көп жасушалы ағзалардың ДНҚ молекуласының ұзындығы бір жасушаларға қарағанда әлдеқайда ұзын, бірақ сол ДНҚ молекулясының бәрі бірдей а-РНҚ –ға айналмайды, себебі алғашқы про-а-РНҚ (Гя-РНҚ) түзіліп оның тек азғана бөлігі – 10% ғана, а-РНҚ-ға айналады. Адам геномы 2,9 х 106 нж тұрады десек, одан пайда болған а-РНҚ мөлшері 2 х 108 нж тең. А-РНҚ гендерінің орташа ұзындығы 1800 нж тең десек адам геномында 110000-ға жуық құрылымдық гндер кездеседі (соңғы кездері адам геномындағы гендерінің саны 30000 деп айтылуда).
Эукариотар гендерінің экспрессиялануының реттелу механизмі прокариоттарға ұқсас. Дегенмен, оның кейбір ерекшеліктері де белгілі. Эукариоттар гендері экзон-интрон учаскелерінен тұрады. А-РНҚ пісіп жетілуінде (процессинг, сплайсинг) интрондар үзіліп түсіп, экзондар бір-бірімен жалғанады. Сол сияқты, эукариоттар жасушасында ДНҚ молекуласы гистонды белоктармен өте тығыз байланысқан, ал бұл көп жағдайларда РНҚ – полимераза ферментінің әсеріне беріле бермейді де а-РНҚ синтезделмейді.
Эукариоттар гендерінің транскрипциялануының инициациясы прокариоттар сияқты промотордан бастиалады. Промотор учаскесіне жақын жерлерде А – Т нуклеотидтері жиі кездесетін ген орналасқан, оның ұзындығы 20-30 нуклеотидтерге тең. Бұл аймақты Гольдберг-Хогнесс боксы немесе «ТАТА...» тізбегі деп атайды. «ТАТА...! тізбегі РНҚ-полимераза ферментімен байланысып транскрипцияның басталу нуктесін анықтайды.
Қорытынды
Гендер активтілігі жасушалардың ( ағзалардың ) нақты тіршілік жағдайларына байланысты болып, тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуының барлық кезеңдерінде түрлі механизмдермен бақыланады.
Генңің әсері немесе активтілігі ағзаның нақты білгісі дамуының соңында көрінеді. Көпшілік гендер барлық жасушаларда тұрақты, үздіксіз қызмет атқарып тіршілікке қажетті, маңызды белоктардың биосинтезін қамтамасыз етеді.
Прокариоттардағы гендер экспрессиясын реттелу - Белоктың құрылымы және информация құрылымдық гендерде жазылған. Бір хромасоманың бойында қатар орналасқан гендер тіркес гендер деп аталады. Бұл гендердің активтілігі басқа бір реттеуші геннің бақылауында болды. Реттеуші белоктың бақылауына сай белок ферменттері қажет кезде ғана синтезделіп қажетсіз уақытта синтезделмейді. Реттеуші ген құрылымдық геннен қашытықта орналасқан. Реттеуші генде құрылымдық геннің жұмысына кедергі болатын репрессор белогі туралы информация сақталады. Репрессор белогі құрылымдық генге оператор гені арқылы әсер етеді.
Эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі - Эукариоттар организмде гендердің реттелу механизмі прокариоттармен салыстырғанда күрделі процесс. Өйткені, эукариоттарда ядро қабығының болуы хромосома санының көп болуы, гендердің өзара әрекеттесуі, оператор гені санының артуы, сондай-ақ құрылымдық гендердің транскрипциясында индуктор ретінде гормондардың және жүйке жүйесінің қатысуы геннің жұмысының реттелуін күрделендіреді. 1972 жылы Григорьев ұсынған схема бойынша әр бір оперон информациясы бар зона құрылымдық гендерден және информациясы жоқ акцепторлық аймақтан тұрады. Эукариот гендерінің экспрессиясы реттелуі 5 кезеңнен жүреді:
Пайдаланған әдебиеттер
Информация о работе Эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі