Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 19:01, реферат
Көбею- тірі организмнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті.Көбею барысында өсімдіктердің кейбір түолерінде особь сандарының артып, өз ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды. Бұл прогрессивті түрлерге тән. Ал кейбіреулерінде особь саны тұрақты,олардың таралу кеңістігі, ареалы көлемін ұлғайтпайды не кемітпейді.
Көбею процесі
Көбею түрлері: вегетативті, жынысты, жыныссыз.
Ұрықтану
Көбею, түрлері.Ұрықтану
Дәріс
мақсаты: Көбею мен ұрықтану туралы
түсінік беру
Көбею- тірі организмнің жеке санының
артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің
сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз
ету қасиеті.Көбею барысында өсімдіктердің
кейбір түолерінде особь сандарының артып,
өз ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді
қамтиды. Бұл прогрессивті түрлерге тән.
Ал кейбіреулерінде особь саны тұрақты,олардың
таралу кеңістігі, ареалы көлемін ұлғайтпайды
не кемітпейді.
Өсімдіктердің келесі бір түрлерін особь
сандары, соған сәйкес олардың таралу
кеңістігі үнемі кеміп отырады. Бұл регрессивті
түрлерге тән.Бұлар табиғи түрінде жойылып
кетеді.
Көбеюдің үш кейпін ажыратады. Олар: жынысты
көбею, жыныссыз көбею және вегетативтік
көбею. Жынысты көбею кезінде жаңа организм
әр түрлі жыныс клеткаларының қосылуынан
пайда болады. Жыныссыз көбеюде жаңа организм
жыныс тұрғысынан жіктеле қоймаған бір
клетканың өзінен жетіледі. Вегетативтік
көбеюде жаңа организмге бастаманы вегетативтік
мүшелер, олардың бөліктері және түр өзгерістері
береді.
Бұған дейін айтылғанындай, аналық аузына
түскен тозаң өсе бастайды. Тозаңның интинамен
қоршалған құрам бөлігі экзина порасы
сыртқа қарай жылжи келе тозаң түтігін
түзеді.
Тозаңдану мен ұрықтануға қажетті уақыт
әр өсімдіктерде әрқалай. Мысалы, кейбір
емендерде 12,14 ай, қандағашта 3-4 ай,орхидейлерде
бірнеше апта. Өсімдіктердің басым көпшілігнде
бұл кезең 1-2 тәуліктен аспайды,қараотта
3-4 сағат, шытырлақта 1 сағаттан кем, ал
көк сағызда 15-45 минутқа созылады.Тозаң
түтігінің өсуіне температура ауытқушылығы
әсер етеді. Мысалы, сасық меңдуана 330С кезінде тозаң түтігінің өсуі
110С кезіндегіден 3 есе тез жүретіндігі
белгілі.
Тозаң түтігі жатынға жеткеннен кейін
өзінің өсуін жалғастырып, тұқым бүршігіне
бағытталады және тозаң саңылауы арқылы
нуцеллусқа, одан ұрық қалтасына енеді.
Бұд тозаң түтігінің тұқым бүршігіне енетін
әдеттегі жолы, ол порогамия деп аталады.Тозаң
түтігінің тұқым бүршігіне енуінің басқа
да жолдары бар. Тозаң түтігінің халаза
арқылы енуі халазагамия, ал интегумент
арқылы енуі мезогамия деп аталады. Ұрық
қалтасының қабықшасы тозаң түтігімен
жанасқан жерде ериді, сөйтіп тозаң түтігі
ұрық қалтасына енеді де, жұмыртқа клеткасына
бағытталып өседі. Тозаң түтігі ұшының
қабықшасы жарылып, одан 2 спермий шығады.
Спермийдің біреуі жұмыртқа клеткасымен,
екіншісі ұрық қалтасының орталық ядросымен
қосылады. Сөйтіп ұрық қалтасына енген
екі спермий қосарынан ұрықтануды іске
асырады.Қосарынан ұрықтану ашық тұқымды
өсімдіктрде кездеспейді, тек жабық тұқымды
өсімдіктерге тән.
Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан диплоидты
зигота, ал диплоидты орталық ядродан
триплоидты клетка қалыптасады. Тозаң
түтікшесінің вегетативті ядросы және
цитоплазмасы ұрық қалтасының цитоплазмасына
сіңіп кетеді. Дами келе зиготадан тұқымның
ұрығы, ал триплоидты клеткадан эндосперм
пайда болады. Тұқым бүршігінен тұқым
жетіледі.
Қосарынан ұрықтануды 1898 жылы орман лалагүлінің
эмриогенезін зерттеу барысында орыс
ботанигі С.Г.Навашин ашты.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: