Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 22:40, реферат
Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді.
I. Кіріспе 1.1 Хелицералылар тип тармағы –CHELICERATA.................2
II. Жалпы бөлім 2.1 Кенелер......................................................................3
Ш. Негізгі бөлім 3.1 Кенелер - нағыз паразит жәндіктер.........................6
3.2 Кенелер классификациясы......................................10
3.3 Кене энцефалиті.......................................................14
3.4 Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері.............................................15
IV.Қолданылған әдебиеттер………………………………………………17
Энцефалит, қырым
геморрагиялық аурулардың
Аргазид кенелері –Argasidae, ұзындығы 2-13 мм, адамның және омыртқалы жануарлардың паразиттері және ауру (спирохетоздарды кене қайталама сүзекті) таратушылары. Негізі өкілдері: Ornithyodorus papillipes адамға, Argas persicus құстарға шабуыл жасайды.
Саркоптид кенелері немесе қышыма қотыр кенелері – Sarcoptidae, ұзындығы 0,1-0,3 мм , адамның және жануарлардың терісінің астында тіршілік етіп, қышыма ауруына шалдықтырады. Негізгі өкілі қышыма кенесі - Sarcoptes scabiei. Ұрықтанған аналығы адамның тері қабатына өтіп, ұзындығы 3 мм-ден 2 см-ге дейін қуыс жол жасап, соған жұмыртқаларын салады. Личинкалары нимфаға айналып, теріні тесіп, бетіне шығады да, сол жерде қоректеніп ересек түріне айналады. Ауру адамда қышыма пайда болып, денесі бөрітіп, қотыр болып, тері қабынады. Қышыма қотыр ауруы ауру адамнан сау адамға жұғады. қотыр - өте азапты және шалдықтыратын ауру. iске қосыла, ол адамға үлкен бейнеттердi келтiредi және оның жұмысқа қабiлеттiлiгi төмендетедi. бұдан басқа, сүрiктiң бұзылуы және болмай қалмайтын тарамдар әр түрлi инфекциялар үшiн қақпалармен қызмет көрсете алады. қотырды әр түрлi сылақшылардың сылауы, қай қышуырақ қырып-жоятын және малдарды шомылдырған ерiтiндiлердiң қолдануымен емдейдi. ( 5.Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. М,: Просвещение, 1975.334-335 бет.)
Демодицид кенелері – Demodicidae, ұзындығы 0,1- 0,7 мм, денесі ұзарған, адамның май бездерінде терінің астында паразиттік тіршілік етеді, теріні қабындырып, беттің безеулігін қоздырады. Негізгі өкілі - безеу кенесі - Demodex folliculorum
Бұзғынша кенелер – Tetrapodidae, ұзындығы 0,1-0,6мм, денесі құрт тәрізді қалқаншамен жабылған алдыңғы және ұзарған артқы бөлімінен тұрады. 1500-ге жуық түрі бар. Өсімдіктердің шырынымен қоректеніп бұзғыншаның пайда болуына әкеліп соғады. Көпшілігі ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері, өсімдіктің вирус ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар - бидай жолақ мозайкасын, сарымсақ мозайкасын .
Гамазид кенелері - Gamosidae, ұзындығы 0,2-2мм, 4000 түрі бар. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалары да бар. Топырақта, орман төсенішінде тіршілік ететін жыртқыштар, ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді. Көптеген түрлері омыртқалылардың эктопаразиттері, қанмен қоректенеді. Мысалы, тышқан кенесі (Allodermanyssus sanguieneuc). Кейбірпелері инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар. Жыртқыш түрлерін өсімдік қоректі кенелермен күресуде қолданады.
(1. Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы: Қазақ университеті, 1 бөлім, 348-352 б)
Кене энцефалиті
Кенені көктемнің күн сәулесі оятады. Салқын кезде кенелер қауіпсіз. Кенелер наурыз, сәуір, мамыр айларында адамдарға жабысып, денеге жетісімен шат, қолтық, іш, құлақ жарғағы сияқты жайғасуға қолайлы, терісі жұқа жерлерді іздеп табады, содан кейін ауыртпай сора бастайды.
Тек 2-3 күн өткеннен кейін сорған жердің ауырғаны білінеді. Олар тұмсығы арқылы теріні тесіп өтеді, алайда адам оны сезбей қалады. Сөйтіп, кенедегі аурулардың қоздырғыштары адамға ауысады.
Кене вирусы сорған жерден қанға, содан кейін нерв жүйесіне өтеді. Инкубациялық кезең орта есеппен 7-15 күнге созылады. Ауру көбінесе тез білінеді. Адамның басы ауырады, әлсіздік пайда болады. Содан барып қалтырау, дірілдеу басталады. Аурудың құсқысы келеді. Кене энцефалитіне ұшырамау үшін ең алдымен кенелер кездеседі-ау деген жерден аулақ жүрген абзал. Ал бара қалған кезде олар денеге өтпейтіндей етіп киініп, сақтық шараларын қолданған жөн. Туфли орнына етік кейіп, шалбардың балағын қонышына салып, пиджак пен көйлектің барлық түймелерін түймелеп, мойынды міндетті түрде орамалмен байлап алу керек.
Неше түрлі препараттармен кенені жоғалтуға болады. Бұл препараттар дилметилфталат, репудин деп аталады.
Кенелер адамдармен, жануарлармен, сондай-ақ орман-тоғайдан жинаған гүлдер мен шөптер арқылы келуі мүмкін. Жабысқан кенені тұмсығын теріде қалдырмай абайлап алып тастаган жөн. Ол үшін кенеге кез-келген май немесе керосин тамызып, пинцетпен немесе ілмектеліп байланған берік жіппен жақсылап іліп, алдымен ырғап, содан кейін біртіндеп тарту қажет. Егер теріде тұмсығы қалатын болса, оны тікен сияқты алып тастайды және шаққан жерді йодпен немесе әтірмен сүртеді.
Денесіне жабысқан кене табылған адамдар 2 апта бойы дәрігерлік бақылауда болуы тиіс. Бұл - ауруды анағұрлым жеңілдететін немесе алдын алатын ерекше гаммогабулинді дер кезінде егу үшін керек.
Міне, осы айтылғандардың бәрі ұқыпты өткізіліп отырса, аурудың болмауына, ал бола қалган жағдайда оның таралуына жол бермеуге толық мүмкіндік жасалады. Сондықтан да барша адамдардың кенеден сақ болғаны, сырқаттан сақтанғаны дұрыс дер едік. (7. Қазақ энциклопедиясы, 4 том)
Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері.
Кенелер азық-түлік қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер (қамба, сүтсірне кенесі) азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе -қамба кененің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады.
Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауықта) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады. Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұлар - қышыма кенедей ірірек - 1 мм шамасындағы жәндіктер. Кене теріге жабысып алады. Ол малдың қайын сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең - қаны шығар. Киімді қаға берсең — шаңы шығар» демекші, терінің жүні түседі. Содан мал азып, титықтайды. Тері кенесінен құтқару үшін қойды жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады. «Қансигек» ауруы еліміздегі мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 пайызы шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы - пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41-42С-ге дейін көтеріліп, тынышсызданады; жүректің және асқазан жолы бұзылып, қан аралас зәр шығарады, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі.
Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейт кетеді. Сондықтан мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды. Бұл кенелер қорексіз 9 ай тіршілік ете алады. Мұндайда кенелер кездескен жайылымнан малды 9 айдай басқа кенесіз табынға ауыстыру керек. Сонда мал пироплазмозбен (кене арқылы жүғатын ауру) ауырмайтын болады. Құрт пішінді, мөлшері 0,1-0,2 миллиметр ден аспайтын ұсақ берішкенелер әр түрлі өсімдіктердің шырынын сорады. Олардың ұлпасын және мүшелерін зақымдайды. Сөйтіп өсімдік денесінде беріш (шорланған ісік) түзіледі.
Алма кенесі - тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Ол алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7 - 9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта кененің 2 - 4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады. Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі - өрмеккене. Мөлшері 0,2-1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяқтарында өрмек бездері болады. Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорады. Сондықтан өсімдік өніп-өсе алмайды. Сөйтіп, әлсізденген өсімдік солады. ұрықтанған аналық кенелер қыркүйек - қараша айларында қыстамаға жатады. Олар ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі.
(6. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. Учебник. М.: Просвещение, 1999, 408 б.)
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы: Қазақ университеті, 1-3 бөлім
2. Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1999.
3. Абрикосов Г.Г. и др. Зоология. М.: Высшая школа /Учебник, Т.1, 1966. 540с.
4. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.: Высшая школа, 1981. 606 с.
5. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. М,: Просвещение, 1975. 487 с.
6. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. Учебник. М.: Просвещение, 1999.
7. Қазақ энциклопедиясы