Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 04:09, реферат
Лимфа жуйесі - жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйыктық — лимфа ағады.Лимфа қанға ұксас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы — лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады.
Лимфа жуйесі - жүрек-қантамырлар жүйесінің
бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан
қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу
өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір,
түссіз сұйыктық — лимфа ағады.Лимфа қанға
ұксас болғанмен құрамында нәруыз өте
аз және онда эритроциттер болмайды.
Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы
— лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір
бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа
жүйесінде артерияларға ұксас тамырлар
болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады.
Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан
айырмашылығы — лимфа қылтамырларының бір
ұшы тұйык. Олар ұлпа жасушаларының арасынан
басталады. Қылтамырлар қантамырларына
қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы
өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі
ұшы да ашық. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шемірш
Лимфа тамырлары
Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.
Лимфа түйіндері
Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні — домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне — лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.
Лимфаның ағуы
Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай әсер етеді:
1 Лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңка бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты.
2 Кеуде қуысының тынысалу қозғалыстарының әсерінен.
3 Ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады.
3 Мүшелер жүйесі
Мүшелер жүйесі.
Мүшелер жүйесі (система органов);
(systema organum, лат. systema — жүйе, грек, organon —
мүше, ағза) — құрылысы ұқсас, шығу тегі
мен дамуы біркелкі және белгілі бір қызметтерді
атқаруға маманданған мүшелер тобы. Мүшелер жүйелері адам ме
Қан айналым жуйесінің филогенезіне сипаттама
Қан өзіне тән физиологиялық
қызметтерді бір ғана жағдайда -тоқтаусыз
айналымда болғанда атқарады. Ал оның
қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым
жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты.
Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің
әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің
қызметіне тікелей байланысты.
Қан айналым жүйесін организмде сорап
(насос) қызметін атқаратын жүрек пен қан
тамырлары – артериялар (қызыл тамырлар),
веналар (көк тамырлар) және капиллярлар
(қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен
ұлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды
артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін
тамырларды – веналар деп атайды. Ұлпалар
мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен
венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы
жалғасады.
Барлық омырқалыларда қан
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңберідеп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала
Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері
Жануарлар әлемінде қан айналым жүйесінің екі түрі кездеседі: тұйықталған және тұйықталмаған (ашық) жүйелер.
Тұйықталған жүйеде қан тұйық кеңістікте (қуыста) айналып отырады, одан шықпайды, жүректен ұлпалар мен мүшелерге арнаулы арналармен (тамырлармен) жеткізіледі де, сол қуыстан шықпай жүрекке қайта оралады. Мұндай қан айналым жүйесі – буылтық құртгарға, бас-аяқты моллюскаларға (былқылақ денелілерге), тікенек терілілер мен хордалы жануарларға тән. Бұл жүйе қан айналым қуыстарында айтарлықтай үлкен қысымның қалыптасуын, қаннынң әр түрлі мүшелер арасында таралуын, жүрекке шапшаң оралуын қамтамасыз ететін механизмнің болуымен ерекшеленеді.
Тұйықталмаған қан айналымдық жүйеде жүретген басталатын қан тамырлары денеде ашылып (үзіліп), қан ұлпалар мен мүшелерді шаймалағаннан соң ғана тамырлар арқылы кері – жүрекке оралады. Мұндай қан айналым жүйесі буын аяқтыларда, былқылдақ денелілерде (бас-аяқтылардан басқа) жөне қабықшалыларда дамыған. Тұйықталмаған жүйеде қысым төмен болады, мүшелерге қан бірдей деңгейде таралмайды жөне жүрекке баяу оралады.
Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Оларда қан ірі веналардан тұрады.
Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады.
Жүрек етінің құрылымдық ерекшеліктері
Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі миокард талшықтары, ал екіншісі – жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өткізгіш ет талшықтары.
Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына ұқсас. Оның саркоплазмасында актин және миозин протофибрилдерінен құралған миофибриллалар болады. Жүрек еті талшықтарында саркоплазмалық тор (ретикулум) сиректеу. Бұл екі түрлі ет талшықтарында да жиырылу процесі кезінде саркоплазмалық тордан кальций иондары саркоплазмаға шығады. Миокардта бұл иондар саркоплазмадан кері бағытта да өте алады. Саркоплазмадағы кальций ионы жүрек еті талшықтарының жиырылу күшін арттырады. Жүрек етінде қаңқа етімен салыстырғанда аэробты процестер басымырақ болады және ол шабандау жиырылады.
Миокард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ендірме табақша – нексус арқылы қосылады да, біртутас тор, немесе синцитий, құрайды. Бұл ендірме табақшалардың электрлік кедергісі өте төмен, сондықтан бір жасушада пайда болған қозу көрші жатқан жасушаға оңай беріледі. Осының арқасында миокард әрекетінде біртұтастық қасиет пайда болады.
Жүректің бейқалып (атипті) элементтерінің де өзіне тән ерекшелктері болады. Олардың көлденең жолақтары сиректеу, гликогені мен саркоплазмасы мол. Бұл элементтер негізгі ет талшықтарынан дөнекер ұлпалы қабықпен шектеледі. Осы атиптік ұлпа элементтері жүректің белгілі бір бөліктерінде түйіндер мен шоқтар құрып, жүректің өткізгіш жүйесін түзеді. Өткізгіш жүйені Кис-Фляк (синус, жүрекше), Ашофф-Тавар (жүрекше – қарынша) түйіндері, Гис шоғыры, Гис сабақтары жөне Пуркинье талшықтары құрайды. Өткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді.
Жүрек етінің үшінші құрылымдық ерекшелігі онда қабырғалық (интрамуральдық) нерв түйіндерінің болуында. Бұл түйіндер алғаш рет 1838 жылы Ремак еңбектерінде, кейінірек Людвиг (1848), Бид-дер (1852), Догель (1895) зерттеулерінде суреттелген. Олар жүрекше қабырғаларында, жүрекше аралық пердеде және қарынша ертерінің табан (жоғарғы) бөлігінде орналасады. Бұл түйіндер кезеген нервпен тығыз байланысты және қозғағыш не сезімталдық қызмет атқарады,
Жүрек етіне физиологиялық қасиеттері
Жүрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық, автоматия және рефрактерлік касиеттері тән.
Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған және қозбаған бөліктерінің арасында потенциалдар айырмасы туыңдайды. Миокард жасушаларында (кардиомиоцитгерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).
Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет жасушалары – пейсмекерлерде – пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай барлық ет талшықтарына жая таратады.
Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қандылар жүрекшелері қабырғасьшен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен – 0,8-0,9 м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 – 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттерінде қозудың 4,7- 5 м/сек жылдамдықпен тарайтынын айтып өтейік.
Жиырылғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бұлшық еттермен салыстырғанда шабандау – баяуырақ жиырылады.
Автоматия. Жүрек етінің сыртқы әсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқыңдарының ықпалымен жұмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызмеііне байланысты.
Рефрактерлік – қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолюггік (толық) рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік және экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын пголық рефрактерлік деп атайды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргііике жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды.
Жүректің жұмысы
Жүректің негізгі қызметі қанды қозғалтып, оның тамырлармен айналуын қамтамасыз ету. Бұл жұмысты ол еттерінің жиырылу (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарады. Жүрек еттері жиырылғаңда қан жүрекшелерден қарыншаларға, қарыншалардан қан тамырларына айдалады және артерия мен вена жүйелерінде кысым айырмашылығы пайда болады. Бұл қанның тамырлармен жылжуын қамтамасыз етеді. Жүрек еті босаңсыған кезде жүрек куыстарындағы қысым күрт төмендеп, қан веналардан жүрекшелерге сорылады, ал жүрекшелер жиырылғанда қан карыншаларға құйылады. Босаңсыған жүрек еті біраз уақыт тыныштық күйде болады, оны журек үзілісі дейді.
Жүректің бір айналымында төрт кезең байқалады. Олардың екеуі систолалық, екеуі – диастолалық кезең.
Систола кезінде ширығу (кернеу) және қанды құю кезеңдері байқалады. Ширығу кезеңі екі сатыда етеді. Олар – асинхронды жиырылу және изометриялық жиырылу. Ал қанды құю кезеңінде қанды құюдың пәрменді және баяу сатылары байқалады.
Диастола кезінде босаңсу және толу кезеңдері атқарылады. Босаңсу кезеңінде протодиастола (босаңсудың басынан жарты айшық қакпақшалар жабылғанға дейінгі мерзім) және изометриялық босаңсу сатылары болады. Толу кезеңі жылдам толу, баяу толу сатылары мен пресистоладан (жүрекшелер жиырылуымен байланысты толу) тұрады.
Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек етінің автоматизмінің табиғаты
Жүректегі қозуды туындатып, оның жүрекшелер мен қарыншаларға таралуын, осының нәтижесінде олардың үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ететін бейқалыл элементтердің (түйіңдердің, шоғырлардың, талшықтардың) жиынтығы журектің өткізгіш жуйесі деп аталады. Ол синус – жүрекше (Кис-Фляк) және жүрекше-қарынша (Ашофф-Тавар)
Жүрек автоматизмнің табиғатын түсіндіру мақсатында екі түрлі теория ұсынылған. Бірінші миогенді теория автоматизм қасиетін жүректің атипті ет талшықтарымен байланыстырады. Бұл теорияны жақтаушылар дәлел ретінде омырқалылар іштөлі (ұрығы) жүрегінің нерв элементтері пайда болмастан бұрын-ақ ырғақты жиырыла бастайтынын алға тартады. Екінші — нейрогенді теория автоматизм қасиетін жүректің нерв түйіндеріне таңады. Бұл теорияны қоддаушылар нерв жүйесінің қозғыштық қасиетіне сүйенеді. Бірақ терең морфологиялық зерттеулер атипті ет элементтері мен нерв түйіндері тығыз байланыста болатынын көрсетті, сондықтан қазіргі кезде автоматизм қасиетін жүректің жүйкелі – етті өткізгіш жүйесінің үйлесімді әрекеті қамтамасыз етеді деп есептейді. Жүрек автоматизмі Кис-Фляк түйініндегі зат алмасудың ырғақты өзгерістеріне байланысты.
Жүрек автоматизмнің табиғатын түсіндіру мақсатында екі түрлі теория ұсынылған. Бірінші миогенді теория автоматизм қасиетін жүректің атипті ет талшықтарымен байланыстырады. Бұл теорияны жақтаушылар дәлел ретінде омырқалылар іштөлі (үрығы) жүрегінің нерв элементтері пайда болмастан бұрын-ақ ырғақты жиырыла бастайтынын алға тартады. Екінші — нейрогенді теория автоматизм қасиетін жүректің нерв түйіндеріне таңады. Бұл теорияны қолдаушылар нерв жүйесінің қозғыштық қасиетіне сүйенеді. Бірақ терең морфологиялық зерттеулер атипті ет элементтері мен нерв түйіндері тығыз байланыста болатынын көрсетіп, сондықтан қазыргі кезде автоматизм қасиетін жүректің жүйкелі – етті өткізгіш жүйесінің үйлесімді әрекеті қамтамасыз етеді деп есептейді. Жүрек автоматизмі Кис-Фляк түйініндегі зат алмасудың ырғақты өзгерістеріне байланысты.