Листериоз
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 20:23, реферат
Описание работы
Листериоз – Listeria monocytogenesқоздыратын, фекальды – оральды жолмен берілетін, клиникалық көрінісі полиморфизммен ерекшеленетін жұқпалы ауру, оның ішінде менингиттік, сепсистік және жүктілерде ұрықты зақымдайтын түрлері жиі кездеседі. Листериоз қоздырғышын М. Хапфес1911 жылы ашқан.
Файлы: 1 файл
Листериоз – Listeria monocytogenesқоздыратын,
фекальды – оральды жолмен берілетін,
клиникалық көрінісі полиморфизммен ерекшеленетін
жұқпалы ауру, оның ішінде менингиттік,
сепсистік және жүктілерде ұрықты зақымдайтын
түрлері жиі кездеседі. Листериоз қоздырғышын М. Хапфес1911
жылы ашқан.
Туыстастық хирург Д. Листер
атымен аталған. Listeria туыстастығына бактерияның
6 түрі кіреді. Адамдар мен жануарларға
тек қана L. monocytogenes патогенді,
ал L. iwanovii жануарларға патогенді. L. monocytogenes-тің
16 серовары бар.
Морфологиясы. Listeria monocytogenes – қысқа, аздап иілген, грам оң,
полиморфты, қозғалмалы таяқша. Жағындыда
бір-біріне қатарласып немесе бұрыш құрып
жиі орналасады. Талшықтары жә-не капсуласы
бар, спора түзбейді.
Дақылдандыру. Листериоз қоздырғышы – факультативті
анаэроб, кеңінен қолданылатын қоректік
орталарда сілтілі жағдайда жә-не 370С температурада
өседі (бірақ нашар өседі). Қан қосылған
қо-ректік ортада жақсы өседі – ұсақ, жартылай
мөлдір, нәзік гемолиз аймағы бар колониялар
түзеді. Кейбір штамдары сары немесе қы-зыл
пигмент түзеді. Микроаэрофилдер болғандықтан
5-10% СО2 бар атмосферада
жақсы дамиды.
Патогенділік факторлары. Листериоз қоздырғышы эндотоксин
түзеді. Эндотоксинінің гемолитикалық
және лецитовителлазалық белсенділігі
бар, моноциттерді ынталандырушы қасиетке
ие (осыған байланысты monocytogenes деп аталады).
Патогенді листерияларда биологиялық
белсенді молекулалар мен ақуыздар жиынтығы
кездеседі (листериолизин О, фосфолипаза
С, лецитиназа, интерналин, ActA және PrfA ақуыздары).
Бұлар листерияларға тек қана фагоциттарда
ғана емес, сонымен қатар эпите-лиялық
және эндотелиялық жасушаларға белсенді
түрде еніп, көбеюлеріне мүмкіндік береді.
Эндотелиялық жасушаларды бұзып, қан тамырларына
енгеннен кейін қоздырғыш ми тіндері мен
плацентаны зақымдауға мүмкіндік алады.
Резистенттілігі. Листериоз қоздырғышы жабайы
және үй жан-уарларының, құстардың, балықтар
мен жәндіктердің 90-нан астам түрлерінен
табылған. Олар қоршаған орта объектілерінде
кеңінен тараған: топырақта, суда, қида,
жануарлар төсеніштерінде, сүрлемде және
т.б. Листериялар айтарлықтай тұрақты:
төменгі температурада, кептіргенде жақсы
сақталады, қайнатқанда 3-5 минут ішінде
жойылады. Төменгі температура жағдайында
суда, дәндерде, сабан-да бірнеше жылдар
бойы сақталуы мүмкін. Сүт пен етте 40С-та жойылмайды,
және де көбейе алады.
.
Патогенезі. Листериоз көбінесе әлсіреген
иммундық статус негі-зінде дамиды. Жүктілер,
ЖИТС-пен ауыратын немесе АИВ-жұқты-рылғандар
арасында және де басқа да иммундық патологиясы
бар науқастарда жиі кездеседі. Эпителиялық
және эндотелиялық жасу-шалардың зақымдануы
салдарынан бактериемия, бауыр, көкбауыр,
лимфа түйіндерінің, жүйке жүйесінің зақымдалуы
байқалады. Ішкі ағзаларда зақымдалған
жасушаларда түйіншіктер – листериомалар
түзіліп, келесі кезеңінде листериомалардың
некрозы мен ағзалардың дистрофиясы дамиды.
Бұл – созылмалы түрлердің да-муына әкеліп
соқтырады.
Инфекцияның ену қақпасы –
көбіне ас қорыту, тыныс алу жолда-рының
шырышты қабығы, жарақатталған тері болады.
Листериялар ыдырағанда ағзада интоксикация
туғызатын эндотоксин бөледі. Фагоциттердің
зақымдалуы нәтижесінде иммундытапшылық
жағ-дайы асқынады.
Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі 3 аптадан 70
күнге дейін созылады. Науқастар арасында
көп жағдайларда ОЖЖ за-қымдалуы басымдылық
көрсетуі мүмкін (менингиттер, энцефалит-тер,
мидың абсцесі, психоздар), кей кездерде
баспа, сепсис, сүзек түрінде өтеді. Ағымы
бойынша листериоздың жедел, жедел асты
және созылмалы түрлері бар. Сепсис түріндегі
листериоз жаңа туылған нәрестелерде
анағұрлым ауыр өтіп жоғары өлімге әкеледі
(50%-дан жоғары).
Микробиологиялық
диагноз қою. Зерттеу әдістері – бактерио-логиялық,
серологиялық, аллергиялық, ПТР. Жеделдетілген
әдіс: ИФР, Калина модификациясы бойынша
грамша бояу. Листериоздық инфекцияның
ең ақырғы диагнозын қою үшін L. mo-nocytogenes-тің
таза дақылын бөліп алып, стандартты микробиоло-гиялық
әдістермен идентификациясын жүргізу
қажет.
Бактериологиялық
әдіс.Зерттеу заты ретінде – қан,
жұлын сұ-йықтығы, көмей шайындысы, ұрық
айналасындағы су алынады. Алынған заттарда
микрофлора өте аз болады, сондықтан оны
алды-мен байытып алады. Зерттеу затын
– глюкозалы-сарысулы сорпаға, глюкозалы-қанды
агарға сеуіп, таза дақылын бөліп алып,
грамша бояу, ферменттік қасиеттерін,
АР, антибиотикке сезімталдығын анықтайды.
Листерияларды бөліп алуда кеңінен таралған
селектив-ті орталарға Оксфорд-агар және
ПАЛКАМ-агар жатады. Оксфорд-агарда 24 сағаттан
кейін ұсақ (диаметрі 1 мм), қара қоршауы
бар, сұрлау колониялар өсіп шығады. 48
сағаттан кейін колониялар қа-рая түсіп,
диаметрі 2 мм-ге ұлғаяды. ПАЛКАМ-агарда
24 сағаттан кейін ұсақ, диаметрі 1 мм, жасыл-сұр
немесе зәйтүнді-жасыл түсті, ортасы қара
колониялар өсіп шығады. Колонияларды
қызыл түсті агар үстінде қара аумақтар
қоршап жатады. 48 сағаттан кейін коло-ниялар
көлемі 1,5-2 мм-ге жетіп, ортасы ішіне қарай
түсіп, жасыл түсі мен қара қоршауын сақтап
қалады.
Селективті орталарға себінді
жасау тікелей клиникалық заттан да, байыту
ортасында өсірілген дақылдан да жүргізіледі.
Себінділерді 48 сағат, 300С-та инкубациялайды.
Листериялар өсу барысында эскулинді
пайдалануы және агардың қараюы көрініс
бе-реді. Келесі кезеңде патогенді листерияға
күдік туғызатын, шеттері қарайған, ұсақ,
сәл бұлыңғырланған колонияларды листерияларды
идентификациялауға ұсынылған селективті
орталарға себеді.
Селективті-дифференциалды
диагностикалық орталарда өсіп шыққан,
листерия деп болжап отырған колонияларды
әрі қарай идентификациялау үшін 1% глюкоза
немесе ЛФГА қосылған ЕПА-ға, ашытқы экстракты
бар триптонды-соялы агарға себінді жасай-ды.
Себінділерді 24 сағатқа (300С) термостатта
қалдырады. Ашыт-қы экстракты бар триптонды-соялы
агарда диаметрі 1-2 мм, том-пайған, түссіз,
бұлыңғыр, беті шықталған, тұзды ерітіндіге
ауыс-тырған кезде агар бетінен оңай алынатын,
гомогенді суспензия тү-зетін колониялар
өседі. 1% глюкоза немесе ЛФГА қосылған
ЕПА-да листериялар ұсақ, сұрлау түсті,
жартылай бұлыңғыр, шықталған колониялар
түзеді.
Сонымен, L. monocytogenes-ке зерттеулер
жүргізу барысында зерттеу затынан грамша
оң боялатын таяқшалар табылса, каталаза-оң,
18-200С-та қозғалмалы,
360С-та қозғалмайтын,
эскулинді пайда-ланатын, рамнозаны қышқыл
түзе отырып ыдырататын, маннит пен ксилозаны
ыдыратпайтын, қанды агарда в-гемолиз
аймағын түзетін қоздырғыштар табылса,
таза дақылын бөліп алдық деп санауға
бо-лады.
Серологиялық әдістер. КБР, қос сарысумен қойылатын
жанама гемагглютинациялық реакция, ИФТ
және листериозды диагности-куммен қойылатын
АР (динамикалық түрде) жүргізіледі. Молекулалық
– генетикалық әдіс: ПТР.
Қорытынды: Listeria monocytogenes қоздыратын листериоз
се-кілді жұқпалы аурудың фекальды-оральды
жолмен берілу меха-низмін, клиникалық
көріністерін, патогенезін, емдеуі және
алдын алуын әрбір азамат немесе өз денсаулығына
салғырт қарамайтын, яғни өз денсаулығына
жауапты әрбір адамның білуі өте маңызды.
Себебі, «денсаулық – басты байлық». Әсіресе
жүкті әйелдер үшін листериоз аса қауіпті
болып саналады, өйткені бұл аурудың қоз-дырғышы
анасының құрсағында жатқан ұрыққа өте
қатты зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар,
листериоздың менингиттік және сепсистік
түрлері бар екендігін де ұмытпағанымыз
жөн.
Жоспар:
I.Кіріспе.
Листериялар туралы жалпы
түсінік
II. Негізгі бөлім.
- Листерияларды дақылдандыру.
- Ферменттік белсенділігі.
- Листериялардың антигендері
немесе антигендік қасиеттері.
- Экологиясы мен эпидемиологиясы.
- Патогенділік факторлары. Патогенезі. Әйелдер патологиясындағы рөлі.
- Клиникалық көріністері және
иммунитеті.
- Зертханалық анықтауы. Микробиологиялық
диагностикасы (бактериологиялық және
серологиялық әдістер).
- Алдын алуы және емдеуі.
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Руководсто к лабораторным
занятиям по микробиологии Л.Б.Борисова
- Медициналық микробиология
Рамазанова және Құдайбергенұлы
- Интернет желісі Google. kz
Информация о работе Листериоз