Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 20:47, реферат
Тұқым қуалау құбылысын зерттеу барысында түрлі факторлардың әсерінен әр келесі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан оны ерекшелендіретін сипаттарды қабылдай алатыны дәлелденген. Бұл қасиетті өзгергіштік деп атайды. Осылайша тұқым қуалау мен өзгергіштік өзара тығыз байланыста болады.
Сонау XIХ ғасырда Ч.Дарвин тіршілік етіп жүрген барлық тірі ағзалар аз ғана формалардан өзгергіштік жолымен жаралып, ал тұқым қуалай берілетін пайда болған өзгерістерді эволюциялық үрдістердің негізі болатынын дәлелдеген.
Микроағзалардың генетикасы
Тірі ағзалардың белгілі сипаттарын көптеген ұрпақ бойында сақтау қабілетін тұқым қуалау деп атайды.
Тұқым қуалау құбылысын зерттеу барысында түрлі факторлардың әсерінен әр келесі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан оны ерекшелендіретін сипаттарды қабылдай алатыны дәлелденген. Бұл қасиетті өзгергіштік деп атайды. Осылайша тұқым қуалау мен өзгергіштік өзара тығыз байланыста болады.
Сонау XIХ ғасырда Ч.Дарвин тіршілік етіп жүрген барлық тірі ағзалар аз ғана формалардан өзгергіштік жолымен жаралып, ал тұқым қуалай берілетін пайда болған өзгерістерді эволюциялық үрдістердің негізі болатынын дәлелдеген.
Генетикалық зерттеулердің алғашқы нысаны ретінде зертханалық жағдайда өсіріндісі жақсы өсетін ішек таяқшасы қолданылды. Сонымен қатар осы бактериялардың морфологиялық, дақылдық және биохимиялық қасиеттерінің жақсы зерттелгені маңызды болды. Келесіде генетикалық зерттеулерің нысаны ретінде басқа да бактериялар, сонымен қатар вирустар қолданыла бастады. Микроағзалардың генетикасын зерттеу олардың генетикалық ақпаратты тасымалдаушысы рөлін ДНҚ атқаратының көрсетті (кейбіреулерінде РНҚ).
ДНҚ құрамына 4 азотты негіздемелер- аденин, гуанин, цитозин және тимин кіреді. Түрлі ағзалардың тізбегінде олардың орналасу тәртібі ДНҚ-да жасырылған тұқым қуалаушы ақпаратын анықтайды.
Тұқым қуалаудың функционалдық бірлігі болып ген табылады. Ол ДНҚ жібінің бір бөлігі. Гендерде жасуша қасиеттеріне қатысты барлық ақпарат бар.
Жасушада
бар гендердің толық жинағын ге
Гендерді құрылымдық және реттеуші-гендер деп жіктейді.
Микроағзалардың өзгергіштігін зерттеу барысында өзгергіштіктін зерттеу барысында өзгергіштіктің ерекше формасы- диссоциация анықталады. Өзгергіштіктің бұл түрі П. де Крюи және Дж. Аркрайтпен сипатталады. Олар бірқатар өсірінділерді тығыз қоректік ортаға еккенде, колониялардың екі түрге бөлінетінің анықтады: жиектері тегіс, домалақ, жылтыр колониялар-S- пішінді және жиектері тегіс емес, пішіні дұрыс болмайтын,мөлдір емес колониялар-R-пішінді. Сонымен қатар өтпелі пішіндер де болады: М-пішінді және g-пішінді
S-пішіндісіне жатысты
Колониялардың S-және R- пішіндерінің сипаттамасы
S-пішінді |
R-пішінді |
Колониялар жылтыр, тегіс, дұрыс дөңес пішінді |
Колонияларының пішіні дұрыс емес, күнгірт, бүдір. |
Сорпада өсіріндісін дайындағанда-біртекті күңгірттеу |
Сорпада тұнба түрінде өседі |
Қозғалғыш бактерияларда шыбыртқылары бар |
Қозғалғыш бактерияларда шыбыртқылары болмауы мүмкін |
Капсульді бактерияларда капсула болады |
Капсулалары жоқ |
Биохимиялық белсенді |
Биохимиялық қасиеттері әлсіз білінеді |
Ауру туындатқыш |
Бактериялардың басым көпшілігі ауру туындатпайды |
Жиі жағдайда аурудың жедел кезеңінде бөлінеді |
Әдетте аурудың созылмалы түрінде бөлінеді |