Микробиология негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 21:37, практическая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі кез-келген аймақтарда таралған микроорганизмдер ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген.Тірі ағзалар өзара және айналадағы табиғи орта жадайларымен үнемі қарым-қатынаста болады. Оны ғылым тілінде экология немесе тепе-теңдік құбылысы деп атайды.Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс ғалымы Эрнест Геккель.

Содержание работы

Микроэкология туралы түсінік
Микроорганизмдердің эволюциясы.
Алғашқы жер атмосферасы
Химиялық эволюция.
Биологиялық эволюция
Прокариоттық эволюция
Алғашқы атмосферадан оттегі бар атмосфераға өтуі
Эукариоттық эволюция.

Файлы: 1 файл

Микроэкология негіздері.ppt

— 5.09 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

 

 

                                                  Орындған:Мырзакулов Б.М

                                                       Мамандық:Жалпы медицина.

                                               Топ:238

                     Тексерген

Семей 2013

Микроэкология негіздері.Микробтар  паразитизмінің және патогенді  түрлерінің пайда болу эволюциясы.

Жоспар    

 

  • Микроэкология туралы түсінік                                                                                                                                                                                                                                                                                                     
  • Микроорганизмдердің эволюциясы.
  • Алғашқы жер атмосферасы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            
  • Химиялық эволюция.
  • Биологиялық эволюция
  • Прокариоттық эволюция
  • Алғашқы атмосферадан оттегі бар атмосфераға өтуі
  • Эукариоттық эволюция.
  • Қазіргі кездегі кез-келген аймақтарда таралған микроорганизмдер ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген.Тірі ағзалар  өзара және айналадағы табиғи орта жадайларымен үнемі қарым-қатынаста болады. Оны ғылым тілінде экология немесе тепе-теңдік құбылысы деп атайды.Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс ғалымы Эрнест Геккель.Геккельдің пікірі бойынша экология ғылымы тірі ағзалардың бір-бірімен өзара қарым-атынасын және олардың айналадағы табиғи орта жағдайларымен байланысын зерттейді.
  • Микроорганизмдер экологиясы грек тілінен аударғанда “эйкос”-үй,”логос”-ғылым деген мағынаны береді.Яғни микроорганизмнің бір-бірімен қоршаған ортамен өзара ара қатынасын зерттейді.Топырақ, су,ауа,өсімдік,адам,жануарлар организмде микроорганизмдер кеэдеседі.Олар биоценоздың құрамды бөлшегі.Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығы микробиоценоз деп аталады.

Микроорганизмдердің эволюциясы.

 

  • Биохимиялық бірлестік  қағидасын көптеген он жыл бұрын жоққа шығарған.Бірақ қазіргі кезде бұл қағиданың дұрыстығы дәлелденген.Барлық тірі организмдер,өзінің ең кіші көлемдік деңгейден үлкен көлемде даму барысында бірдей құрылымдық элементті және ары қарай дамуы үшін бірдей энергияны пайдаланады.Яғни қарапайымдылардан күрделі формалар қалыптасады және маманданған күйге жетіп,біздің ортамызға түседі.Организмдердің  бұл даму эволюциясы –биология саласында үлкен мәселердің біріне жатады 

Алғашқы жер атмосферасы.

 

  • Жер өз қалыптасуының алғашқы кезендерінде айтарлықтай салқын болған.Кейін келе өз ішіндегі радиоактивті заттардың ыдырауы нәтижесінде біртіндеп қыза бастады. Жер қойнауының температурасы 100С-дан артқан езде ондағы қатты жыныстар балқып,бір-бірімен реакцияға түсе бастады.Реакция нәтижесінде көп мөлшерде бөлініп шыққан газдардың қысымы артып,жерді жарып шығып,оның айналасында атмосфера түзілді.Атмосфера құрамында Н2О,СО2,СО,Н2S,СН4,заттар болды,бірақ оттегі жоқтың қасы.Міне,осылай алғашқы мұхитар түзілді.

Химиялық эволюция.

 

Алғашқы атмосферада оттегі  мен озон болмағандықтан энергияға  бай сәулелер жер бетіне мол  түсіп,олар өзара химиялық реакцияларға  түсіп,соның нәтижесінде мұхитта  көмірсулар,азотты қосылыстар молая  түсті.Олардан біртіндеп абиогендік  жолмен қарапайым ақуыздар,нуклеин  қышқылдары,липидтер түзіле бастады.Бұл  микроорганизм эвлюциясының 1-ші  қадамы болды.

Биологиялық эволюция.

 

  • Өлі ағзалардың тірі ағзаларға айналуы өте ұзаққа созылды.Бұл дәуір 3,1-4,5 млрд жылға созылды.Пайда болған клеткалық организмдер үлкен ұйымдасқан күйде болды,себебі алғашқыда болған организмдер ығыстырылды.Себебі клеткаға дейінгі формалар сақталмаған тіпті қазылған күйінде де.Өлі ағзалардың тірі ағзаларға өту кезеңі өте тез.

Прокариоттық эволюция.

 

  • Алғашқы атмосферада прокариот организмдері дами бастады.Алғашқы прокариоттар мұхит,теңіздерде пайда болды,олар органикалық заттарға бай болып, анаэробтық жолмен тыныс алды.Бұл эволюциялық кезенде темір мен никельден тұратын тетрапиррол болған жоқ,сонымен қатар көміртектің автотрофтық ассимиляциясы жүрген жоқ.Сульфаттардың сульфиттерге айналуынан кейбір микроорганизмдер оны Н2,СО2,ретінде пайдаланып,нәтижесінде ацетогенді бактериялар,сонымен бірге бактериялар пайда бола бастады.

Алғашқы атмосферадан  оттегі бар атмосфераға өтуі

 

  • Бұл дәуір тірі организмдер пайда бола бастады.Бактериялардың акцепторлы электрондарды оксидаза және оттегі ретінде пайдаланып,оларда жаңа метаболитикалық тип-аэробты тыныс алу жүрді.2,7млрд жыл бұрын аздаған оттегі пайда бола бастады.1,2 млрд жылда бүкіл тіршілік өсімдіктерден бөлініп шығатын,яғни фотосинтез барысында оттегіне тәуелді болды.0,6млрд жыл бұрынатмосферада   оттегі 2%-ке ғана өсті.Тек өсімдіктер жерді қаптап,жасылданғанда ғана оттегінің мөлшері көбейді.Бұл кезде бактериялардың түрлері,соның ішінде цианобактериялар тіршілік ете бастады.Олардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай болып, аэробты жолмен тыныс алатын аэробты бактериялар пайда болды.

Эукариоттық эволюция.

 

  • Эукариоттық клеткалар атмосферада оттек пайда болған кезде тіршілік етті.Барлық эукариоттар аэробтық организмдер болып табылды.Жаңа қоршаған ортадағы аэробтық жағдайда көп энергия алуға жағдай туды,бірақ оны жұмсауға үлкен клеткалар және құрылымды дифференцировкасы кең жағдай және сәйкестендірілген ауқымы үлкен геном қажет болды,себебі көптеген ақпараттарды сақтау үшін.Бұнда қазіргі кезде тіршілік ететін көптеген микроорганизмдер,бактериялардың түрлері,вирустар,паразитті организмдер өмір сүреді.

Қорытынды сұрақтар

 

  • 1.Микроорганизмдер экологиясы дегеніміз не?
  • 2. Алғашқы прокариоттар қайда пайда болды?
  • 3.Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс ғалымы?
  • 4. микробиоценоз дегеніміз не?

Қолданылған әдебиеттер.

 

  • Жалпы микробиология-Г.Шлегель
  • Биология-Т.Қасымова,Л.Аманжолова.
  • Паразитизм-Бабичев
  • Микробиология-Покровский.

Информация о работе Микробиология негіздері