Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 18:47, реферат
Табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады.
Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер — микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді.
Д. И. Ивановский(1864—1920)
Дүние жүзілік және
отандық микробиология
Еңбегі сіңген ғалымдар
Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы микробиология да айта қаларлыктай жетістіктерге же-тіп, дамып келеді. Микробиологияның бүл саласына: С. Н. Виноградский, В. Л. Омелянский, С. П. Костычев, Н. Н. Худяков, В. С. Буткеевич, В. Н. Шапошников, М. В. Федоров, Н. А. Қрасильников, Е. Н. Мишустин сияқты ғалымдарымыз ұл-кен үлес косты.
С. Н. Виноградский (1856 — 1953)—өз өмірін топырақ микроор-ганизмдерін зерттеуге сарп еткен орыстың көрнекті оқымыстыларының бірі болғандықтан, ол топырақ ,микробиологиясының негізін қалаушы деп аталады. Өзінің алғашқы ғылыми жүмыстарында Виноградский күкірт бактерияларын зерттеген. Мұнда ол күкірт бактериялары өздерінін, тіршілік барысында кү-Виноградский С. Н. кірт сутегін күкірт қышқылынадейін тотықтыра алатындығын дәлелдеді. Осы реакция барысында бөлінетін энергия ауадағы көмір қышқыл газын күкірт бактерияла-рының сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан да бұл бактериялар органикалык қалдықтар жоқ ортада тіршілік ете береді. Бұл құбы-лысты Виноградский хемосинтез деп атады. Қейін дәл осындай құбылысты темір бактерияларынан да анықтады. Сонымен қатар ол топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар әсерінен органикалық қалдықтардың шіріп азот қышіқылына, ал кейіннен оның азот кышқылының тұздарына айналатындығын дәлелдеді. Микроорганизмдердің жеке тобына лайық қоректік ортаның біраз түрін үсынған да осы Виноградский еді.
Виноградскийдің ілімін одан әрі дамытқандардың бірі — В. Л. Омелянский (1867—1928). Ол клетчатканы ыдырататын микроорганизмдерді зерттеп, бүл құбылыстың бірқатар жақтарын анықтады. Ақыр аяғында оның 1909 жылы жазған «Микробиология иегіздері» деген ооқулығы тек микробиология ғана емес, басқа ғылым саласындағы оқымыстыларға әйгілі болды және бірнеше шет/тілдерге аударылды.
Микробиология тарихында орыс оқымыстысы М. С. Воронин да елеулі орын алады. Ол бұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырында тіршілік ететін және тіршілігі барысында ауадағы атмосфералық азотты өз бойына сіңіре алатын микроорганизмдердің ерекше то-бы — түйнек бактерияларын тауып, жете зерттеді. Осы кезеңде голландия оқымыстысы М. Бейеринк те бұл бактерияларды зерттеген болатын. Ол бұл бактериялардың атмосфера азотын сіңіретіндігін дәлелдеп қана қоймай, сонымен бірге осы микробтарды таза, жеке күйінде бөліп алып, арнаулы коректік ортада өсірді. Кейіннен ол осы бактерияларды бұршақ тұқымдас өсімдіктер тұқымына жұқтырып, жақсы нәтижеге ие болды. 1901 жылы Бейеринк топырақтың күнарлылығын едәуір арттыратын және топырақта бос күйінде тіршілік ететін азот бактерияларын тапты. Ал бұл бактериялардың атмосфера азотын қалай және қандай жағдайда сіңіре алатындығын С. П. Костычев жете зерттеді.
В. С. Буткеевичпен бірге ол микроскоптық саңырауқүлақтардың тіршілігі барысында түрлі органикальиқ қышқылдар түзетіндігін дәлелдеді. Мүның өзі елімізде лимон қышқылының енеркәсібін салып, өркендетуде зор роль атқарды. С. А. Қоролев (1876—1932) пен А. Ф. Войткевич (1876—1950) сүт қышқылы бактерияла-рының тіршілігін зерттеуде көп жұмыстар жүргізді. Олардың бұл еңбегі сүт тағамдарын даярлаудың технологиялық ережелеріне көптеген өзгерістер енгізді. В. Н. Шапоііниковтың және басқа да ғ/алымдардың зерттеулерінің нәтижесінде елімізде ендірістік микро-организмдердің көмегімен сүт қышқылын, ацетонды және бутил спиртін алу ғылыми жолға койылды. Әсіресе спирт өндіруде ашытқы саңырауқүлақтарын таза күйінде жеке бәліп алып, оларды өндірісте қайтадан пайдалану жұмысы Данияның ірі микробиоло-гы Э. X. Г а н с е н н і ң есімімен тығыз байланысты. Сірке қышқылы ашу процесінің күрделі мәселелерін шешуде Гансен кеп еңбектер сіңірді.Отандық ғалым Б. Л. Исаченко 1914 жылы арктикалық теңіздерде химиялық элементтердің өзгеріп отыруы микроорганизмдер тіршілігіне байланысты екендігін ашты. Сонымен бірге ол топырақтағы пайдалы микроорганизмдерден тыңайтқыштар дайындауда да елеулі еңбек етті.
Табиғаттағы кальций айналымында микроорганизмдердің зор маңызы бар екендігін зерттеген және микробтар өзгергіштігі туралы көп еңбек сіңірген Г. А. Надсон еді. Ол ашытқыш саңырауқұлақтардың ионданушы сәулелер әсерінен өзгеріске түсетіндігін және ол өзгергіштіктің тұқым қуалайтындығын зерттеді. Микроорганизмдерде трансдукция және трансформация, сонымен бірге ашытқыш саңырауқұлақтарда будандасу сияқты құбылыстардың болатындығын да осы Г. А. Надсон ашып, жете зерттеген болатын.
ҚПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер, .оветінің 1963 жылы 9 январьда «Биология ғылымдарын одан әрі дамыту және оньщ практикамен байланысын нығайту шаралары туралы» қаулысы биолсгия ғылымының, оның ішінде микробиологияның дамуында жаңа кезең болып есептеледі. Қаулыда биология ғылымының негізгі теориялық проблемалары мен ауыл шаруашылығын, медицинаны, тамақ өнеркәсібін дамытуға қажетті міндеттер белгіленген.
Бертін келе микробиология ғылымы көптеген жаңалықтармен теорияльііқ және практикалық жетістіктермён толықтырылды. Халық шаруашылығының түрлі кажеттері мен мақеаттарына сәйкес бұл ғылым — жалпы микробиология, техникалық немесе өнеркәсіп-тік микробиология, тағамдық микробиология, ауыл шаруашылық микробиологиясы, геологиялыіқ микробиология, санитариялық микробиология, медициналык микробиология, эпидемиология, мал дә-рігерлік микробиология және вирусология болып бірнеше салаға бөліңеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Биологиялық қауіпсіздік
Реферат
Тақырыбы: Микробиология ғылымының даму тарихы
БТ-205
Тексерген: Амантаева М.
Пайдалынылған әдебиеттер
«Мал дәрігерлік микробиологиясы»
Информация о работе Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері