Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2014 в 19:45, реферат
Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиетерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Биосферада тірі ағзалар өте көптеп орналасқан. Оның бірі макроәлемді, басқалары -микроәлемді құрайды
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
Микробиология ғылымына жалпы сипаттама
Микробиологияның даму жолдары және кезеңдері
Микробиологияның мақсаттары мен міндеттері
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Микробиологияның мақсаты мен міндеттері.
Медициналық микробиология адамға патогенді микроорганизмдерді зерттейді: бактериялар, вирустар, саңыраукұлақтар, қарапайымдылар. Зертгелетін патогенді микроорганизмдердің табиғатына байланысты медициналық микробиология бактериологияға, вирусологияға, микологияға, протозоологияға бөлінеді. Бұл пәндердің әрқайсысы келесі сұрақтарды қарастырады:
-морфологиясын және
басқа зертгеу түрлерін қарастырады, патогенді микроорганизмдердің
зат алмасуын, қоректенуін, тыныс алуын, өсу және көбею
жағдайларын, генетикалык ерекшелілн зерттейді;
-микроорганизмдердің жұкпалы аурулар этиологиясы мен
патогенезіндегі орнын;
-микроорганизмдер тудыратын аурулардың негізгі клиникалык
көріністері мен таралуын;
-жұқпалы аурулардың арнайы диагностикасын, алдын алуын және
емдеуін;
-патогенді
Медициналық микробиологияға санитарлык, клиникалық және фармацевтикалық микробиология жатады.Санитарлық микробиология қоршаған ортадағы микрофлораны, микрофлораның организммен қарым-қатынасын, микрофлораның және оның өнімдерінің адам денсаулығынын жағдайына әсерін зерттейді, адамға микроорганизмдердің колайсыз әсерлерінін алдын алатын шараларды өңдейді.
Клиникалың микробиология-адамдағы аурулардың пайда болуындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің рөлін, осы аурулардың диагностикасы мен сақтандыру маңызын зерттейді. Фармацевтикалық микробиология дәрілік есімдіктердің жұқпалы ауруларын, дәрілік өсімдіктер мен олардың шикізатгарының микроорганизмдермен зақымдануын, дәрілік заттарды дайындау барысындағы, сондай-ақ дайын дәрілік түрлердін ластануын, асептика мен антисептика әдістерін, дәрілік препараттар өндірісіндегі дезинфекцияны, микробиологиялық және иммунологиялық диагностикалық, сақтандыру, емдеу препараггарын алу технологиясын зерттейді.Ветеринарлық микробиология медициналык микробиология мәселелерін, бірақ көбінесе жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдерді зерттейді.Ауыл шаруашыльщ микробиология топырақ микрофлорасын, өсімдіктер әлемін, оның өсімталдығына әсерін, топырақ құрамын, өсімдіктердін жүқпалы ауруларын және т.б. мәселелерді зерттейді.Теңіздік және космостық микробиология сәйкесінше теңіздік және су қоймаларындағы, космостық кеңістік пен басқа планеталардағы микрофлораны зерттейді.Техникальщ микробиология биотехнологияның бөлігі болып табылады, халық шаруашылығы пен медицинадагы әртүрлі өнімдерді (антибиотиктер, вакциналар, ферменттер, ақуьпдар, витаминдер) микроорганизмдерден алу технологиясын оцдейді. Қазіргі заманғы биотехнологияньщ негізі - генетикалық инженерия.
XIX ғ. екінші жартысындағы макро- және микроорганизмдер арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін микробиология саласындағы көптеген жаңалықтар иммунологияның қарқынды дамуына әкелді. Алғашында иммунология жұқпалы ауруларғаағзаның тұрақтылығы туралы ілім ретінде карастырылды. Иммунология диагностиканың зертханалық әдістерін, жұқпалы және көптеген жұқпалы емес (соматикалык) аурулардын, алдын алуы мен емдеуін өңдеуде, сондай-ақ иммунобиологиялық препараттарды (вакцина, иммуноглобулиндер, иммуномодуляторлар, аллергендер, диагностикалық препараттар) өңдеуде негіз болып табылады. Иммунобиологиялық препараттарды өңдеу мен өндірісімен айналысатын иммунологияның жеке бөлігі - иммунобиотехнология болып саналады. Қазіргі заманғы медициналық микробиология мен иммунология иммунды жүйенің бұзылысына байланысты көптеген жүқпалы және жұкпалы емес аурулардың (онкологиялық, аутоиммундық аурулар, мүше мен тіндердің трансплантациясы) диагностикасында, сақтандыру мен емдеуінде аса маңызды орынды алып үлкен жетістіктерге жетті.
Сонымен, микробиология ғылымы жер шарындағы тірі табиғатты жана жақты зерттеуді қамтамасыз етеді.Микроорганизмдер табиғат пен адам өмірінде аса үлкен орын алады. Олар табиғатта заттар мен энергия айналымын, топырақтың құнарлылығын, атмосфераның газдық қүрамын және басқа табиғи процестерді ұстап тұруды қамтамасыз етеді.Микроорганизмдердің көпшілігі адам үшін қауіпсіз, тіпті көбісі пайдалы. Тері мен шырышты кабаттағы, асқазан-ішек жолдарывдағы және зәр жыныс жолдарындағы микроорганизмдер адам ағзасының экологиялық бірлігін кұрайды және де оның тіршілігіндегі (эндоэкология) бірқатар процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Адам көптеген микроорганизмдерді тіршілігіне қажетті өнімдер мен материалдарды алу үшін колданады.Адам организміне зақым келтірмейтін және ауру тудырмайтын микроорганизмдерді патогенді емес немесе сапрофиттер деп атайды (грек тілінен аударғанда заргоз - шірік және рһуіоп - өсімдік), яғни өлі организмнің органикалык заттарымен коректенеді. Дегенмен адамда әртүрлі ауруларды және патологиялық процестерді тудыратын микроорганизмдер топтары кездеседі. Бүл микроорганизмдерді патогенді (грекше раthos - ауру) деп атайды; олар органикалық субстраттар арқылы қоректеніп өмір сүреді. Патогенді микроорганизмдердің саны өте көп -3000-нан астам түрлері бар (бактериялар, вирустар, саңыраукүлақтар), соның ішінде 1000-нан астамы вирустар. Организмнің қарсы түру қабілеті төмендегенде немесе сәйкес-қолайлы жағдайлар туындағанда сапрофиттер ауру туғызуы мүмкін, яғни олар патогенді микроорганизмдер сияқты болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Микробиология және вирусология, Ү.Т. Артықбаева, Г.Д.Асемова, К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова, С.К.Бисимбаева, Н.Б.Рахметова, Қ.Б.Қойшыбаева, Н.В.Калинина, Ғ.М.Сейтғалиев. Астана, 2005 ж.
2. Медициналық микробиология, Б.А. Рамазанова және Қ.Құдайбергенұлы Алматы, 2011ж.
3. Интернет желісі, www.google.kz