Организмнің бейспецификалық тұрақтылық факторлары.Фагоцитоз.Табиғи киллер жасушалар мен жедел фаза белоктары.Организмнің гуморалды бей

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 13:37, реферат

Описание работы

Өзінің жұмысын атқару үшін фагоциттерде ферменттердің жинағы болады және де олар алыстан жасушалардың мембранасына зақым келтіретін тотықтармен иондерды қорытып шығарады. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммуноглобулиндердің құрамымен, гистоминмен және тағы да басқалармен байланысатын рецепторлар болады. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда қандай да болмасын заттарды (қорытып) жіберетін 100-ден артық ферменттер түрі бар.

Содержание работы

1.Ағзаның бейспецифиалық төзімділігін қамтамасыз ететін фактор
2.Фагоцитоз ,сатылары, бұзылыстары
3.Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері
4. Интерферон

Файлы: 1 файл

Микробиология.ppt

— 2.29 Мб (Скачать файл)

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті. 

 

Кафедра: Микробиология,вирусология және иммунология 

 

 

Тақырып: Организмнің бейспецификалық тұрақтылық факторлары.Фагоцитоз.Табиғи киллер жасушалар мен жедел фаза белоктары.Организмнің гуморалды бейспецификалық қорғаныс факторлары.Цитокиндер және интерферондар

 

 

 

                                                                 

                                               Орындаған:Телемисова. Г .Н                                              

                          Факультет: ЖМ

                     Топ: 08-040

                                            Тексерген:Тауырбаева.Н.Т

Жоспар:

 

1.Ағзаның бейспецифиалық төзімділігін қамтамасыз ететін фактор

2.Фагоцитоз ,сатылары, бұзылыстары

3.Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері 

4. Интерферон

 

 

 

 

 

Ағзаның бейспецифиалық төзімділігін қамтамасыз ететін факторлар:

а) бөгде заттардың ағзаға кіруіне бөгет болатын механикалық кедергілер (тері, тыныс жолының,ас қорыту жүйелерінің шырышты қабығы, тыныс алу жолының желпілдегіш эпителиі және шырышты )

б) антигендердің құрылысын бұзушы физикалық химиялық кедергілер(ферменттер,біріншіден ас қорыту жүйесінікі, ортаның рН шы, органикалық қышқылдар т.б.) 

в) қорғаныстың арнайы факторларымен бірлесіп, антигендерді бөгде заттар ретінде ұстап жұтып және құрылысын бұзушы иммундыбиологиялық кедергілер (фагоциттер,комплемент, интерферон,қан ұюын қолданушылар,фибронектин).

   Арнайы қорғанысты қамтамасыз ететін факторлар: антиденелер, иммундық фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксикалық әрекеті, ЖСЖТ (жоғарғы сезімталдықтың жедел түрі),толеранттық және иммунологиялық есте қалу.

 

 

  

Физика -

химиялық

 

Иммунды

биоло-

гиялық

 

 

3 кедергі 

 

 

Механи-

калық

Фагоцитоз 

 

     Фагоцитоз (грек.phagos- жұтамын,обимын, cytos- жасуша), ағзаны бөгде заттардан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл құбылысты Мечников ашқан және зерттеген.

         И.И.Мечников барлық фагоциттерді Микро және макрофагтар деп бөлді. Біріншісіне нейтрофилдік гранулоциттер жатады. Олардың цитоплазмасында лизосомалардан тұратын азурофилдік түйіршіктер және лизосомалық емес ферменттері  (лизоцим,негіздік фосфотаза, лактоферрин) катиондық нәруыздар мен нейтрофилдік пироген (дене қызуын көтеретін фактор) болатын ұсақ арнайы (спецификалық)  түйіршіктер бар. Азурофилдік және арнайы түйіршіктердің ішкі мембранасында  Н насосы болады. Ол сутегі иондарын фагоциттің цитоплазмасында фагосоманың ішіне ауыстырады. Осыдан оның ішіндегі рН 4-5-ке дейін төмендейді де, ондағы микробтар тіршілігін жояды. Артынан бұл тіршілігін жойған микробтар фагосоманың ішінде азурофилдік түйіршіктердің қышқыл гидролазаларының қатысуымен ыдыратылады.

 

 Макрофагтар, нейтрофилдерге

қарағанда көптеген белсенді заттар 

өндіреді.Оларда:

-түзілістік үрдістерді арттыратын заттар;

-интерфлейкин-1 

-интерферон

-жіті қабынудың салдарынан тән

нәруыздарынан түзілуін арттыратын

заттар өндіріледі 

 

Жақындасу

 

Қорыту

 

Жұту

 

Фагоцитоз

сатылары

 

Жабысу

Фагоциттерде екі түрлі жолмен бактерияны жоятын әсер етіледі.Біріншісі оттегіне тәуелді,екінші жолы оттегіне тәуелсіз.

 

  • Оттегіне тәуелді бактерия жоятын әсер оттегінің белсенді бос радикалдарының құрылуы арқылы іске асырылады.Бұл радикалдар  фагоциттердің бактерияға жабысуынан кейін өндіріле бастайды.Фагоциттер желінетін затпен жабысқаннан кейін оттегіні тым артық пайдалана бастайды. Осындай құбылысты “тыныстық жарылыс” деп атайды.Оның дамуы НАДФН-оксидаза ферментінің белсенділігі артуымен байланысты болады.
  • Оттегіге тәуелсіз бактерия жоятын әсер нейтрофилдер мен эозинофилдерде болады. Нейтрофилдердің лизосомаларында  миело – пироксидоза, эозинофилдерде пероксидаза ферменттері өте күшті бактерия жойғыш әсер етеді. Бұл ферменттер моноциттер мен макрофагтарда болмайды.

      Фагоциттердің ішінде кейбір  микробтар тіршілігін жоғалтпайды.Мәселен,туберкулез таяқшалары сыртқы қапшықтармен және фагоциттің цитоплазмасымен қоршалып, микробқа қарсы ықпалдардан оқшауланады.

Фагоцитоздың 

бұзылыстары

 

Туа біткен 

Фагоцитоздың

 бұзылыстары

 

Жүре пайда болған 

фагоцитоздың 

бұзылыстары

 

Лейкоциттердің 

адгезиясы 

бұзылуынан

 

Хемотаксис 

құбылысының 

ауытқуларынан

 

Қантты диабет

 

Ауыр металдармен улану

Фагоцит физиологиясының      
ерекшеліктері

 

        Өзінің жұмысын атқару үшін фагоциттерде  ферменттердің жинағы болады және де олар алыстан жасушалардың мембранасына зақым келтіретін тотықтармен иондерды қорытып шығарады. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммуноглобулиндердің құрамымен, гистоминмен және тағы да   басқалармен байланысатын рецепторлар болады. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда қандай да болмасын заттарды (қорытып) жіберетін 100-ден артық ферменттер түрі бар.

       Фагоциттердің  қабығына заттардың қонуы әлсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады.Фагоциттердің заттарды “басып алуы”  фагоциттерде көптеген тотықтардың қорытылып шығарылуы себепкер болады.Ол заттар жасушалардың немесе олардың молекулаларының қайтарылмас зиянды өзгерістерін тудырады.

       Фагоциттердің белсенділігі опсонды- фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлық көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде “жұтқан”, не “қорытылған” микробтар санымен есептелсе,ал опсонды- фагоцитарлық индекс- иммундық және иммундық емес сарысулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тәжірибеде опсонды-фагоцитарлық индекс тұлғаның иммундық статусын жағдайын (деңгейін) анықтауға қолданылады.

Интерферон

 

Интерферон иммундық жүйенің  маңызды 

ақуыздарының қатарына  жатады. Ол  1957 жылы 

ашылған. А.Аизек және Ж.Линдемин  зерттеген.

(лат.inter–аралық,ferens-тасымалдаушы).  Ағзаға 

вирустар еңген кезде  не болмаса интерферон 

демеушілерінің  әсерінен  интерферонның түзілуі 

жоғарылайды. Интерферонның  ондай демеушілері 

интерфероноген деп аталады.Интерферонның

вирустарға қарсы әсерінен  басқа қатерлі ісіктің өсуін 

тежеу, иммунитет дәрежесін  жоғарылату және де басқа 

түрлі қасиеттері бар.

Интерферонның ерекшелігі

 

  • Адам ағзасына ,не лейкоциттарына қауіпсіз вирус түрін жұқтырып,оларды интерферон түзеуіне мәжбүр қылады, содан кейін интерферонды өңдеп,препараттар жасайды;
  • Гендік – инженерлік әдіс.Белгілі микроб түрінің ДНК-сына интерферонның генін жалғастрады.Өзгертілген микроб түрі арнаулы ортада өсіп интерферон түзеді.Интерферонның бұл түрі рекомбинатты деп аталады.Оның Ресейде алынған түрінің ресми аты “Реаферон”. Реаферон медицина тәжірибесінде кең қолданылады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  • Ә.Нұрмұхамбетұлы “Патофизиология”  Алматы,2007 ж.
  • С.Ә.Әміреев,Ә.Ә.Табаева “Жалпы микробиология” Алматы, 2008 ж.
  • Х.Қ.Сәтбаева,А.А.Өтепбергенов “адам физиологиясы” Алматы, 2005
  • Л.Б.Борисов “Медицинская микробиология,вирусология, иммунология” , Москва 2005 ж.

 

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

 

8

 

9

 

10

 

11

 

12

 

13

 

14

 

15

 

16

 

17

 

18


Информация о работе Организмнің бейспецификалық тұрақтылық факторлары.Фагоцитоз.Табиғи киллер жасушалар мен жедел фаза белоктары.Организмнің гуморалды бей