Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:57, реферат

Описание работы

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ
2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгiленген аумақ

Файлы: 1 файл

1.doc

— 63.50 Кб (Скачать файл)

 

 1-бап. Осы Заңда  пайдаланылатын негiзгi ұғымдар      

 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
      1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ  
      2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгiленген аумақ  
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасы - ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерi жүзеге асыратын және уәкiлеттi орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерiн қоса алғанда, жануардың жеке нөмiрi туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректердi, сондай-ақ жануардың иесi туралы деректердi тiркеудiң бiрыңғай, көп деңгейлi жүйесiн көздейтiн ветеринариялық есептiң бөлiгi;  
      4) бақылау аймағы - буферлiк аймақ пен қолайлы аймақ арасында белгiленген аймақ  
      5) буферлiк аймақ - инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жануарларға жүйелi түрде егу жасалатын және басқа да ветеринариялық iс-шаралар жүргiзiлетiн қолайсыз аймақ пен бақылау аймағының арасында белгiленген аумақ  
      6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми бiлiмдер мен практикалық қызмет саласы;  
      7) ветеринариялық бақылау бекетi - шекара және кеден пункттерi аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзетiн пункттер) орналасқан, уәкiлеттi орган ведомствосының өткiзiлетiн (тасымалданатын) объектiлердi ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруға қажеттi жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлiмшесi; P940748 
      8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - уәкiлеттi орган бекiтетiн, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;  
      9) ветеринариялық құжаттар - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретiн ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; жануарға, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң ветеринариялық дәрiгерi беретiн ветеринариялық анықтама;  
10) ветеринариялық паспорт - жануарларды және ветеринариялық iс-шараларды есепке алу мақсатында малдың иесi, түрi, жынысы, түсi, жасы, жүргiзiлген ветеринариялық дауалаудың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiлетiн уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы құжат;  
      11) ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнiмдiлiгiн арттыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау үшiн жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын немесе синтетикалық тектi заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретiнде пайдаланылатын заттар;  
      12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы - ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу, тiркеу сынақтары, сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану;  
      13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу - уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары сараптамасының, оларды байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарының нәтижелерi бойынша оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзуi және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi;  
      14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмi - уәкiлеттi орган шығаратын мемлекеттiк тiркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндiруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етiлген ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары туралы мәлiметтерi бар тiзбе;  
      15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары - ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстер, әдiстемелер кешенi;  
      16) ветеринариялық препаратты, жемшөп пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткiзу - ветеринариялық препаратты, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ветеринария практикасында пайдалану мүмкiндiгiн анықтау үшiн, оның иммундық-биологиялық қасиеттерi мен эпизоотологиялық тиiмдiлiгiн, олардың жануар организмiне тигiзетiн әсерiнiң зардаптары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауiпсiздiгiн айқындау мақсатында, шектеулi зертханалық және (немесе) өндiрiстiк жағдайларда уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен сынақтан өткiзу;  
      17) ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың тағамдық қауiпсiздiгi, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiнiң жай-күйi;  
      18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеру;  
      19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - iшкi сауда объектiлерiнде және (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi;  
      20) ветеринариялық iс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеудi немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi;  
      21) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiгi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;  
      22) есептiк нөмiр - өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрi мен нөмiрiн қамтитын код;  
      23) ет өңдейтiн кәсiпорын - жануарларды сою және сойылған өнiмдердi өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндiрiстiк цехы, өндiрiстiк ветеринариялық-санитариялық бақылау бөлiмi және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетiн басқа да қосалқы объектiлерi бар өндiрiстiк кешен;  
      24) жануарды ветеринариялық тексерiп қарау - жануар саулығының жалпы жай-күйiн айқындау мақсатында ветеринариялық дәрiгердiң, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың оны клиникалық тексерiп қарауы;  
      25) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндiктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндiктер;  
      26) жануарлар ауруларының диагностикасы жөнiндегi референттiк функция - жануарлардың аса қауiптi, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендiрудi жүзеге асыру (белгiлi бiр түр iшiндегi типтiк айырмашылықтарды айқындау), сондай-ақ күмәндi немесе даулы жағдайларда түпкiлiктi диагноз қою;  
      27) жануарлардан алынатын өнiмдер - ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi, балық және балық өнiмдерi, жұмыртқа және жұмыртқа өнiмдерi, сондай-ақ балара шаруашылығының өнiмдерi;  
      28) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық тексерiп қарау - қауiпсiздiктi алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрiгер жүзеге асыратын жануарлардың ұшасы мен ағзаларының, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың көзге көрiнетiн өзгерiстерiн, оларда аурулардың пайда болуының патологиялық белгiлерiн анықтау үшiн тексеру жүргiзу;  
      29) жануарлардан алынатын шикiзат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсiпте пайдаланылатын терi, жүн, түк, қыл, бағалы аң терiсi, мамық, қауырсын, эндокриндiк бездер, iшек-қарын, қан, сүйек, мүйiз, тұяқ, басқа да өнiм;  
      30) жануарлардың аса қауiптi аурулары - уәкiлеттi орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуiне, үлкен әлеуметтiк-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;  
      31) жануарлардың жұқпалы аурулары - жануардың организмiне инфекцияның өзiндiк ерекшелiгi бар қоздырғышын (инвазия) енгiзу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұғатын жануарлар аурулары;  
      32) жануарлардың жұқпалы емес аурулары - жануарларды азықтандыру, ұстау, күтiм жасау және шаруашылық мақсатқа пайдалану ережелерiн бұзу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұқпайтын жануарлар аурулары;  
      33) жануарлардың энзоотиялық аурулары - уәкiлеттi орган айқындайтын, белгiлi бiр жерде тұрақты немесе жиi қайталанатын көрiнiсiмен, әлеуметтiк-экономикалық залалмен сипатталатын жануарлардың аурулары;  
      34) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшiн пайдаланылатын, құрамында сiңiрiлетiн түрдегi қоректендiргiш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерiн тигiзбейтiн өсiмдiктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық тектi өнiм;  
      35) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетiспейтiн қоректендiргiш және минералдық заттар мен дәрумендердiң көздерi ретiнде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық тектi заттар;  
      36) карантин - эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;  
      37) қолайлы аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ  
      38) қолайсыз аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ  
      39) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер (бұдан әрi - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсiмдiктердiң сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшiн пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлерi және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдайтын көлiк құралдары;  
      40) сараптама актiсi - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық зертханалар беретiн құжат;  
      41) сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) - ет өңдейтiн кәсiпорын немесе сою пункттерi жоқ кезеңде, ветеринариялық-санитариялық ережелер сақталып және жануар мен оның сойылған өнiмдерiне ветеринариялық тексеру жүргiзе отырып, мал сою үшiн белгiленетiн бейiмделген үй-жай (орын);  
      42) сою пунктi - ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзiле отырып, жануарларды соятын және жануарлардың сойылған өнiмдерiн бастапқы өңдейтiн жабдықтармен жарақтандырылған, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетiн мамандандырылған үй-жай;  
      43) iшкi сауда объектiлерi - сауда объектiлерi және қоғамдық тамақтандыру объектiлерi;  
      44) шектеу iс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткiзу мақсатында эпизоотия ошағы мен қолайсыз пунктте шаруашылық байланыстарды iшiнара шектеуге және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;  
      45) эпизоотия - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;  
      46) эпизоотия мониторингi - эпизоотологиялық зерттеудi және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсiрiлген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргiзiлетiн ветеринариялық iс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректердi жинау жүйесi және оларды кейiннен ветеринариялық iс-шаралардың тиiмдiлiгiн талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуiн және жойылуын болжау үшiн статистикалық өңдеу;  
      47) эпизоотия ошағы - инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейiм жануарлар тұрған шектеулi аумақ немесе қора-жай.

 


Информация о работе Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар