Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 16:53, реферат
1. Дәрілік өсімдіктер. Тарихы;
2. Дәрілік шөптердің жалпы сипаттамасы;
3. Шөптерден жасалатын дәрі – дәрмектер;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасы
«Биологиялық белсенді заттарды өндіру технологиясы»
пәні бойынша
СӨЖ
Тақырыбы: Отандық шөптерден жасалатын дәрі – дәрмектер және олардың ерекшеліктері.
Орындаған: Биотехнология мамандығының
405 топ студенті Байсалыкова
Асель
(студенттің аты-жөні)
Тексерген: в.ғ.к., Морфология, микробиология және
биотехнология кафедрасының ассистенті
Кансейтова Нұргүл Тағайқызы_____________
(оқытушының аты-жөні, дәрежесі және қызметі ) (қолы)
Астана – 2012
Жоспар:
4. Қолданылған әдебиеттер.
1. Дәрілік – өсімдіктерді өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ дәрілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық дәрілік–өсімдіктердің сорттары еліміздің әр түрлі аумақтарында аудандастырылды.
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Адам денмсаулығын қорғау, ауруларға медециналық көмек көрсету денсаулықты қорғаудың басты мәселесі болып табылады. Өз уақытысында және сапалы дәрілермен қамтамасыз ету ұйымы осы мәселенің басты құрамды бөлігі. Медикаментозды көмек жұмысында дәрілік өсімдіктерді зерттеудің үлкен маңызы бар, оларды нарықтық қатынас жағдайында біріншілік мәнді иеленетін эффективті дәрілік препараттарды алу үшін зерттейді.
Жыл сайын қолданылатын
Культурада жасалынатын
Барлық елдер мен халықтардың дәрілік заттарды қолдануының көп жылдық тәжірибесі халықтың медицинаның дәрілік заттарының негізінде жатыр. Бірақ та өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмперикалық болып қала берді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік берді.
Дүние жүзілік Денсаулықты қорғау ұйымының болжауынша жақын он жылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 6% -тін құрайтын болады.
2. Дәрілік өсімдіктер негізінен, дәрілік қаситтері жағынан мынандай топтарға бөлінеді:
Қарандыз — жабайы өсiмдiктiң бiр түрi.Шығыс Қазақстанда өседi. Бронхит және т.б. тыныс жолдары ауруларымен ауырғанда қақырық түсiру үшiн тамыры мен тамыр сабағын қайнатып iшедi. Эфир майынан жасалған препараттар антисептикалық дәрi, қабынғанға және iш құрттарына қарсы дәрi ретiнде қолданылады.
Мия - жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Тамырынан жасалған дәрiлер қақырық түсiруге және iштi жүргiзуге, қабынғанға және түйнегенде басуға қолданылады. Глицерром препараты бронхиальдi астма, бүйрекүстi бездерiнiң қызметi төмендегенде, экзема жене аллергиялық дерматит т.б. ауруларға қарсы колданылады. Ликвиритон препараты несеп айдайтын дәрi ретiнде қолданылады.
Шырганақ - жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Жемiсiнiң майын күйiкке, ойылған жараға, жатыр мойынының эрозиясына қолданылады, сондай-ақ iшкi жара ауруларына қолданылады.
Алоэ, (сабыр) - лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.
Алоеден дайындалған биостимулятор препараты ауру организмнiң қорғану функцияларын күшейтедi.
Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т.б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді.
Жалбызтiкен - дәрiлiк жалбызтiкен, жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Тамырынан жасалатын тұнбасы және шырыны, сығындысы тыныс жолдарының ауруларын, трахея, бронхиттi емдеуге, қабынуға қарсы және кақырық түсiретiн дәрi ретiнде қолданылады, содай-ақ iш бұзылуын, гастриттi және энтеро-колиттi емдеуге пайдалы.
Лалагүл - өсімдіктің гүлдеу мерізімі - маусым-шілде, ал жеміс беруі - шілде-тамыз айларына сәйкес келеді. Халық медицинасында пиязшықтың қайнатпасын жүйке және бауыр ауруларына, ал шикі күйінде - ревматизм мен түрлі жараларға қолданылады. Бұл өсімдіктен сонымен қатар маталарды бояйтын қара бояу алынады.
Алтай Сібір бұтасы - Алтай эндемигі болып табылатын ерекше бұта. Жекелеген гүл шоғырына жинақталған біржынысты гүлдер. Сібір бұтасы мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс береді. Жапырақтарын кейде шайдың орнына, ал халық медицинасында безгек, бауыр ауруы (гепатит) жүрек - қантамыр жүйесін емдеуге пайдаланады.
Алтын тамыр - жер асты бөлігінің жағымды иісі бар, қызғылт - сары болып келеді. Сондықтан «алтын тамыр» немесе «қызғылт тамыр» деп атайды. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс береді.
Тамырынан дайындалған препараттар ми және жүрек қызметін қалпына келтіру мен жұмысқа деген қабілетін арттыру үшін қан аздықты, ісікті, қант диабетін емдеу үшін пайдаланылады.
Меңдуана - құрамында орталық жүйке жүйесін тітіркендіретін алкалоидтары бар,ол көз қарашығын үлкейтіп жібереді, сондықтан көзге операция жасау кезінде өте қажет.
Таңқурай - кептірілген жемістері тершығаратын, суық тигенде терлететін дәрілердің құрамына кіреді Өте ащы дәрілердің дәмін басу үшін да кеңінен қолданылады.
Аралия (лат. Arália) - жабайы өсімдік. Оның тамырларынан спиртті тұндырма және «сапарал» препараты дайындалады. Емдік қасиеттері жөнімен женьшень препараттарына жақын: орталық нерв жүйесін сергітеді, организмді әлдендіреді. Аралия препараттарын дәрігердің бақылауымен ғана қолданады.
Арша (Junіperu) - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта немесе ағаш. Тау беткейінде, альпі белдеуінде, құмды жерлерде өседі. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне Түркістан аршасы, Талас аршаны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады.
Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.
Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. Сібір Аршасы (І. іbіrіca), кәдімгі арша (І. communі), Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады.
Шүйіншөп (Valerіana) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Жемісі – сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 – 12 сәулелі айдаршасы болады. Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан эфир майы, валериан, сірке және құмырсқа қышқылдары, қант, илік заттар алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында – 16 т, Күнгей Алатауында – 0,3 т жылдық қоры анықталған. Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары — түйнектелген шөл өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны — 200. Мұның СССР-да 30 дайы өседі. Бұған жататындар: дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұрт валерианасы, Орыс валерианасы, Түркістан валерианасы. Австралиядан басқа жердің бәрінде өседі.
Диоскорея (лат. Dioscorea) — жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік. Тамыр сабағы мен тамырларынан алынған диоспонин және полиспонин препараттары кейбір жүрек қан тамыры ауруларына пайдаланылады. Сондай-ақ атеросклероз ауруына холестеринді төмендететін дәрі ретінде қолданылады.
Женьшень, тіршілік тамыры (Рапах gіnseng) – аралия тұқымдасы, панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Табиғи жағдайда Қытай, Корея, Ресейде (Приморье және Хабаров өлкесінде) өседі. Қазақстанда мәдени түрде өсіріледі. Биіктігі 50 см-дей. Жемісі – ашық қызыл түсті қос дәнді сүйек жеміс. Оны құстар таратады. Женшень өте баяу өседі. 10 – 11 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Женшень – бағалы дәрілік өсімдік. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женшень тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттыруға, кейбір жүйке және жүрек-қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады.
Жусан (Artemіsіa) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.
Итмұрын (Rosa) – раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Итмүрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
Шай (Thea) — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі, өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін 2 түрі тараған:
Қытай Шайы [екі түр тармағы (қытай және жапон) бар] Оңт.шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биіктігі 3м бұта;
Информация о работе Отандық шөптерден жасалатын дәрі – дәрмектер және олардың ерекшеліктері