Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 16:04, творческая работа
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр.
Пестицидтердің
түрлері.
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Акарацидтер (грек. akari – кене + лат. caedeo – жою, қыру) – кенелерді жоюға қолданатын химиялық заттар.
Барлық акариформды кенелер тудырған ауруларды емдеу үшін акарицидтік препараттарды қолданады (ұнтақ, ерітінді, инъекциялық түрлері).
Ұнтақпен қыс уақытында, ал ерітінділермен жазу уақытында тоғытады. Неостомазан (1:1000) әр 7 күн сайын бүрку (қырқылған қойға – 4 л, қырқылмағанға – 8л), жылқыны әр 3 күн сайын, шошқаны 14 күн сайын, қояндарды әр құлағына 7 күн салып 1-15 мл, басқа етқоректілерді сауыққанша қолданады.
Альгицидтер (лат. alga — балдыр, теңіз шөбі және caedo — өлтіру) балдыр жойғыштар — су қоймаларындағы және басқа тех. жүйелердегі балдырларды жою үшін қолданылатын дәрілер. Төменгі сатыдағы өсімдік тобымен күресуде фотосинтезді тежейтін триазин, цианур қышқылы және мочевинадан алынған гербицид түрлері, құрамында активті хлоры бар бактерицидтер, 4-дәрежедегі аммоний тұздары, мыстың көптеген қосылыстары мен комплекстері, фунгицидтер пайдаланылады. А-дің балықтар мен су жәндіктеріне зиянсыз болуы шарт.
Афицидтер – биттермен күресу үшін
Бактерицидтер - бактерияларға қарсы химиялық зат.
Вермицидтер- құрттарға қарсы химиялық препарат.
Гербицидтер, шөпжойғыштар(лат. herba — шөп және caedo — өлтіремін) – арамшөптерді жою үшін қолданылатын хим. қосылыстар. Гербицидтер өсімдіктерге әсер етуіне қарай екі топқа бөлінеді: өсімдіктердің барлық түріне жаппай әсер ететін гербицидтер және өсімдіктердің тек бір түріне ғана әсер етіп, қалған түрлеріне зиян келтірмейтін талғамды гербицидтер.
Кейде бірнеше гербицидтерді араластырып қолдану арамшөптердің әр түрлерін жою үшін тиімді. Қазір гербицидтік қасиеттері бар 1000-нан аса қосылыстар белгілі. Гербицидтерді ерітінділер, ерігіш ұнтақ, паста, жұққыш ұнтақ, концентратты эмульсия түрінде дайындайды. Гербицидтер – орташа улы заттар, дененің ашық жерлеріне, ауызға, көзге, мұрынға тимеу үшін қолғап, көзілдірік, т.б. пайдалану керек.
Инсектицидтер(лат. insectum – жәндік және caedo – жою) – зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялық заттар. Организмге ену жолына байланысты Инсектицидтер бірнеше топқа ажыратылады.
Жанасу Инсектицидтері – жәндіктердің сыртқы тері қабаттарымен жанасуы арқылы енеді; олар шанышқылы-сорғыш ауыз органдары бар жәндіктерді (биттер, қандалалар) жоюға арналған.
Ішек Инсектицидтері – Инсектицидтерімен өңделген өсімдіктерді немесе уландырылған жемдерді жеуі арқылы жәндіктердің асқазан-ішек жолына енеді; олар кеміретін жәндіктерді (шегірткелер, қоңыздардың дернәсілдері мен ересектері, көбелектердің жұлдызқұрттары) жоюға арналған.
Жүйелі инсектицидтер – өсімдікке топырақтың тамыры арқылы немесе беткі жағынан өсімдіктің сөлі мен ұлпалары арқылы еніп, жүйке-талшық жүйесі бойына тарайды.
Фумигант немесе тыныс Инсектицидтері – жәндіктердің организміне бу, газ күйінде деп алу органдары арқылы енеді.
Лаврицидтер- насекомдардың дернәсілдерімен күресу үшін.
Овицидтер (ovum - жұмыртқа) – зиянды жәндіктер мен кенелердің жұмыртқаларын жою үшін.
Нематицидтер (nematodes- домалақ құрттар, фитогельминттер) – зиянды нематодалармен күресу үшін.
Родентицидтер (зооцидтер) – зиянды кеміргіштермен күресу үшін.
Фунгицидтер (fungus - саңырауқұлақ) – саңырауқұлақ ауруларымен күресу үшін.
Назарларыңызға
РАХМЕТ!
Орындаған: Молдағұл Асан