Пракриоттар және эукариоттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2015 в 20:19, реферат

Описание работы

Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы ағзалар.

Файлы: 1 файл

Doc2.docx

— 41.82 Кб (Скачать файл)

Инфекциялардың таралу жолдары

Ас қорыту жолдары инфекциялық ауруларға шалдыққанда қоздырушылар нәжiстерге түседi. Осыған  байланысты бұл аурудың ең қарапайым үш таралу жолы қарастырылады:

Су арқылы — Тырысқақ, дизентерия сияқты аурулар жұғады. Егер гигиена мен санитарияның ең қарапайым ережелерi үнемi орындалмаса, аурулардың нәжiстерi тiкелей ас суларының көздерiне түседi немесе өзендерде жинақталады. Осындай жолмен бұл аурулар халық арасында жылдам тарайды.

Ас арқылы: Ас азық – түлiктерi таза емес суда жуылса, кiр қолмен ұстаса немесе оған шыбындарды қондырса ластанып ластанған қалады.

Заттар арқылы: Кез – келген заттар тiкелей кiрленудiң немесе дұрыс емес қолданудың нәтижесiнде жуынды – шайындымен ластанады. Осындай заттарды қолдан қолға бергенде, ауру астарлап айтқанда «қолдан ауызға» тасымалданады.

Тiкелей ас арқылы тасымалданатын қоздырғыштар толығымен  пiсiрiлмеген немесе қуырылмаған ет жиi астан уланудың себепшiсi болады. Бұл етке сальмонеллалардың жұғуының тiкелей нәтижесi. Ботулизмдi қоздыратын бактерия – Clostridium botilinum. Бұл аспен улану өлiмге алып келедi, Clostridium botilinum токсинi белгiлi токсиндер iшiне улылығы ең жоғары (тышқанның өлiмiне 5-105 мкг дозасы жеткiлiктi). Бұл бактерия ақуызға бай азық – түлiктерде, соның iшiнде ет консерваларда жақсы дамиды. 

   Жаралардың ластануы

Тасымалдаушы – жануарлардың шағуымен тасымалданатын инфекциялардан тыс, жараларға аурушаң бактериялардың түсуiмен байланысты бiрқатар ауруларды атауға болады. Ең алдымен бұл iрiңдеу және сiреспе сияқты терең жарақаттардың инфекциялары. Екi ауруда әдетте жараға топырақтан түсетiн Clostridium –ның әр түрлерiмен қозады. Көптеген үстiңгi жарақаттар мен күйген жерлер стафилококктармен және стрептококктармен инфекцияланады.

СҮТТЕГI   БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ  ҚҰРАМЫ

Сиырларды сау уақытында және одан кейiнгi өңдеуде сүтке даусыз бактериялар түседi бұл қанша гигиена шарттарын сақтаса да болатын нәрсе. Әдетте жаңа сауылған сүттегi  бактериялардың дамуын тежеу үшiн бiрден салқындатады,  өңделмеген  шикi  сүттi пастерлейдi, яғни патогендi бактерияларды жою үшiн  ысытып жылытып алады. Соның өзiнде  көптеген патогендi емес бактериялар  тiрi  қалады. Бактериялардың сүттегi құрамы  мынадай +15 +30 С- де Streptococcus lactis грамоң микроорганизм және  көптеген басқа стрептококктар  (грамоң) оған қоса Lactobacillus- қа ұқсас бiрақ ұшында  iсiнетiн таяқ тәрiздi клеткалары бар коринеморфты яғни шоқпар тәрiздi коринеморфты бактериялар  Мысалы, Microbacterium, Brevibacterium, Streptococcus lactis  10 C-те жақсы дамиды,  бiрақ 40 С жоғары температурада оның дамуы тоқтайды, 30-40 С –те  Lactobocillus,  Streptococcus lactis  грамоң  әр түрлерi  және полиморфты  iшектi  бациллалары  басымдылық  танытады Мысалы, Е coli, Streptococcus lactis   және  Lactobacillus сүтқышқылды бактерияларға жатады.   Ашыту үстiнде  анаэробты тыныс  бұл бактериялар лактозадан сүт қанты  жиналып сүттiң  ашуына әкелетiн сүт қышқылын түзедi Streptococcus lactis және Lactobacillus  құрайтын колониялар  аса үлкен емес  колонияның максималды диаметрi бiрнеше миллиметрден аспайды, пигменттелмеген және өзiндiк  бор түсi болады. Streptococcus lactis түзу қырлары бар тегiс колонияларды құрайды. Егер қорек агарына  майдаланған кальций карбонатын салса колония маңында сүт қышқылы кальций карбонатын ерiткен орнында ашық  зоналар пайда болады.  Стрептококктер сүтқышқылды өнiмдердi алуға  қажет Сыртқы түрiнен оларың басқа  стрептококктерден айырмашылығы жоқ,  Lactobacillus клеткалары таяқша тәрiздес болады, бiр-бiрiне қосылып колония түзедi.  Колониялардың бетi бұдыр текстуралы, ал шеттерi формат дұрыс емес болады.

Сүтте басқа да бактерияларды  табуға болады,  солардың iшiнде  iшекте тiршiлiк ететiн  Alcaligenes  (грамтерiс) туысына жататын таяқшаларды. Мак-Конки  агарында оларды колония айналасындағы сарғыш зоналар арқылы тануға болады.

 

 

Кіріспе

 

Табиғат жүйесі» кітабында К.Линней (1758) микродүниенің барлық өкілдерін бір топқа біріктіріп, оған «хаос» деген ат берді. Бірақ 1767 жылдың өзінде К.Линней бұл топ ішінен біреуін, яғни Infusorium-ді бактерияға жатқызды. Неміс ботанигі Ф.Кон (1859) морфологиялық, функционалдық, экологиялық белгілері негізінде оларды өсімдіктер патшалығына жатқызды. ΧΙX ғасырдың 2-ші жартысында неміс биологы Э.Геккель мынадай қорытындыға келді, микроорганизмдер жануарлар мен өсімдіктерден ерекшеленетіндігі соншалықты, оларды Protista патшалығына (гр. Protos — бірінші) – протисталарға, бірінші өмір сүретіндерге жатқызу керек. Бұл термин осы уақытқа шейін микробиологияда қолданылады. XΙX ғасырдың аяғынан бері протисталардың біртекті еместігі туралы мәліметтер жинақтала бастады, бұл осы топтың жоғарғы және төменгі сатыдағы протисталардың бөлінуіне әкеліп соқтырды. Жоғарғы сатылардағы протисталарға қарапайымдыларды,  микроскопиялық балдырларды (көк-жасылджарынан басқа) және саңырауқұлақтарды (ашытқылар), ал төменгі сатыға бактериялар мен цианобактерияларды (көк-жасыл балдырлар) жатқызды. Жоғарғы сатыдағы протисталар-эукариот, төменгі сатыларды-прокариот деп атады. Қазіргі кезде тіршіліктің клеткалы формаларын Procaryotae патшалығы және Eucaryotae патшалығы деп бөледі. Эукариоттарға — жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, прокариоттарға – бактериялар мен цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) жатады.

Негізгі бөлім

Микроорганизмдердің түрлері толық зерттелгеннен кейін оларға XVIII ғасырда К. Линнейдің ұсынған биноминальдық номенклатурасы бойынша латынның екі сөзімен белгіленетін ғылыми атаулар беріледі. Бірінші атау – микроорганизмдердің туысын (әдетте туыс микроорганизмнің морфологиялық, физиологиялық белгілеріне немесе оны ашқан ғалымның аты-жөніне байланысты болып келеді), ал екінші атау болса – олардың қай түрге жататындығын  көрсетеді. Мысалы, Bacillus albus, мұндағы бірінші атау микроорганизмнің спора түзетін, грам тәсілімен позитивті боялатын, аэробты таяқша екендігін білдірсе, ал түрлік атауы оның колониясының түсін сипаттайды.ХХ ғ. бактериялар систематикасы мәселесі бұл оррганизмдер жөнінде білім көлемінің тез арада кеңеюіне және тереңдетілуіне байланысты өрши түсті.Дәстүрлі жүйені «генеологиялық бұтақ» құру үшін алдымен бактериялардың фенотиптік белгілері туралы жиналған мәліметтерді құруды ойластырған. Жүйені құру негізінде дәстүрлі принцип те қолданылды. Бірақ зер

 


Информация о работе Пракриоттар және эукариоттар