Прогамдық және постгамдық сәйкессіздіктерді in vitro жағдайында жеңу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 03:24, реферат

Описание работы

Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым) - тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологияларды мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.

Файлы: 1 файл

Биотехнология Жансая.docx

— 28.76 Кб (Скачать файл)

Сонымен бірге ұрықтарды өсіру үшін олардың дамуына және өнуіне лайықты қоректік орта керек. Универсалдық қоректік орта болмағандықтан, әр жолы оның құрамын іріктеп алу қажет. 1-ші кестеде қоректік ортаға қосылатын ұрықтың өсуіне дұрыс әсер ететін әр түрлі табиғи қосымшалар көрсетілген.

Кейбір өсімдік түрлерінің эмбриогенезіне азоттың органикалық тұзадары, калийдің жоғары концентрациясы әсер етеді.

Ұрықтың дифференциалануы мен өсуіне әртүрлі ерекше қоректік орталар қажет. Ұрықтар жиі каллус түзеді, органогенез нәтижесінде регенерант өсімдіктер шығады. Каллусогенез процесі мен каллустың морфогендік потенциалы көптеген факторларға байланысты (генотип, ұрықтың дифференциалану деңгейі, қоректік ортаның құрамы, т.б).

Тәжірибелер көрсеткендей, көбінесе морфогендік каллуус ұрықтың дәнжарнағынан пайда болады. Әртүрлі өсімдіктердің ұрықтары шамасы бірдей даму кезеңінде каллус бере алады. Мысалы, арпаның ұрықтары 0,8-2,0 мм (яғни тозаңданудан 10-14 күннен кейін), жүгерінің – 1,0-1,25 мм, тритикаленің – 1,0-2,0 мм болып дамығанда каллус береді. Онда үлкен ұрықтар көбінесе өніп тікелей алғашқы ұрықты шығарады, бірақ олардан каллус түзілмейді. 

 

1-ші кесте

Пісіп жетілмеген будан ұрықтарды өсіру үшін қоректік ортаға қосылатын қосымшалар (14)

Қосымшалар

Концентрациясы, ℅

1

Эндоспермдер:

Кокос жаңғағы

Ат талшын (конский каштан)

Жүгері және басқа астық тұқымдастары

 

7-20

5-15

10-15

2

Қайың сөлі

10-20

3

Өсімдік экстрактары

0,1-1

4

Томат сөлі

5-10

5

Солодтың экстракты

5-10

6

Ашытқының экстракты

0,1-0,2

7

Казеин гидролизаты

0,02-0,1


 

Каллусты алу, одан кейін регенерант өсімдіктерін шығару кейбір жағдайда ерекше маңызды болады. Бұл әдіс әсіресе алшақ, алшақ будандастырғанда туысаралық будан өсімдіктер алу үшін қажет. Мысалы, будандастырған парлар генетикалық сыйымсыздығы салдарынан будан ұрық

 

 

 


Информация о работе Прогамдық және постгамдық сәйкессіздіктерді in vitro жағдайында жеңу