Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 00:09, лекция
Прокариоттар – клеткасында ядросы жоқ организмдер. Оның функциясын нуклеоид («ядроға» ұқсас құрылым); ядродан айырмашылығы – нуклеоидта өзінің қабаты жоқ..
Прокариот денесі, әдетте, бір клеткадан тұрады. Бірақ клетка бөлінгенде, клеткалар толық ажырамай, жіп тәрізді, колониальді және полинуклеоидты формалар (бактероидтер) түзіледі. Прокариоттық клеткаларда бір және екі мембранды тұрақты органоидтер: пластидалар, митохондриялар, эндоплазмалық торлар, Гольджи аппараты болмайды. Олардың функцияларын мезосомалар – плазмалық мембраналардың қатпарлары орындайды.