Жануарлар селекциясында
сұрыптау жиі белгілі бағытта
болады, селекционер популяцияда
жоғары өнімді дарақтарды таңдайды,
сондықтан ұрпақтың фенотиптік
дәрежесі “оң жаққа” ата-аналарының
арифметикалық орташасының оң
жағына ауытқиды. Қажетті типті
жануарлар алу үшін белгілі
бір бағыттағы сұрыптау басқа
факторлармен үйлесу арқылы ұрпақтарда
фенотиптік белгілердің өзгеруіне
байланысты болады.
Организмдердің ұзақ
уақыт аралығында көбеюіне байланысты
эволюцияда генетикалық-автоматтық
үрдістер едәуір роль атқарады.
Организмдердің көбею барысында әрбір
ұрпақта мутацияның бір бөлігі өліп, басқа
бөліктері көбейіп, популяция ішінде гендердің
арақатынасы үздіксіз өзгеріп отырады.
Бұл өзгеріс бірде-бір ұрпақта тоқтамайды.
Осылайша көбею үрдісі популяцияның генетикалық
құрылымының өзгеруіне және қайта құрылуына
әкеп соғады. Бұл жағдай жануарлар селекциясын
және популяция микроэволюцияның талдағанда
ескерілу қажет. Мысалы қой шаруашылығында
төмен өнімділік пен конституциясының
нашарлығына байланысты көбеюге жарамды
көп пайыз жануарлар жыл сайын бракка
жіберіледі. Төмен сапалы гендер комплекстерін
тарататын популяцияның едәуір бөлігі
көбею циклінде түсіп қалады. Көп генетикалық
блоктар жинағымен ерекшеленетін, фенотиптік
қасиеттерді анықтайтын және жақсы өнімділік,өміршеңділік,өсімталдықпен
байланысқан дарақтар қарқынды дамиды.
Бұл үрдіс С.Райт бойынша кездейсоқ гендердің
дрейфі деп аталады және популяцияның
генетикалық құрылымының өзгеруінде маңызды
роль атқарады.
Популяцияның генетикалық
құрылымына будандастыру зор
ықпал тигізеді. Мал шаруашылығы
практикасында жергілікті төмен
өнімді жануарлар жоғары өнімді
аталықтармен жақсартылады, будандардың
көбеюі бірінші ұрпақтарды заводтық
будандастыру арқылы жүзеге асырылады.
Осы жағдайда жергілікті жаңартылатын
және заводтық жақсартушы тұқымдар
генофондында тұрақты және жақсартылатын
ауытқулар бірінші ұрпақ будандарында
екі ата-формалары гендер жиынтығының
жиілігі бірдей арақатынаста болады. Селекция
барысында жаңа типті жануарларда тығыз
типті конституция және жергілікті жерге
бейімделген жақсартылатын тұқым мен
жоғары өнімді жақсартушы тұқымдардың
гендер комплексінің жиынтығы арта түседі.
Осының нәтижесінде жаңа типті популяция
пайда болады, бұл популяцияда тұқым қуушылық
қасиеттер ұрпаққа тұрақты түрде беріледі.
Соңғы уақытта тұқымдардың генетикалық
құрылымын сипаттау, олардың туыстығын
және шыққан тегін білу үшін қан топтарын
анықтайтын фенотиптер, ақуыздар генотипін
және жеке аллельдердің жиіліктерін зерттейді.
Солтүстік қазақ етті-жүнді қойларының
генетикалық ерекшеліктері 7 қан топ жүйесі
және трансферрин мен эстераза ақуыздары
көмегімен зерттелінді. Генетикалық ерекшеліктер
солтүстік қазақ қойларының тұқымдық
сипаттамасы бола алады, бұл қойлардың
фенотиптік жағының бірегейлігімен қоса,
генетикалық құрылымының да осындай болуын
көрсетеді. Кроссбредті қойларда меринос,
ұзын жүнді тұқымдар мен жергілікті қой
популяциялары аллельдерінің кездесетіндігі
дәлелденді.
Антигендер мен ақуыздар
полиморфизмің қолдану арқылы
түрлі қой тұқымдарының генетикалық
өзгергіштігі анықталынады. Қой
тұқымдарының генетикалық құрылымын
«инвентаризациялау» және қой
шаруашылығы саласын интенсификациялау
қажеттілігің маңызы генофондтың
азаюына байланысты арта түседі.
Азықтандыру мен өсірудің
қалыптасқан жағдайында бірінші
кезекте жоғары өнімді жануарлар
шығарылады, отарларда нақты өндірістік
жағдайға бейімделген орташа жүп өнімділікті
дарақтар жиналады. Азықтандыру жетіспеушілігі
жоғары генетикалық өнімді қойларға төмен
немесе орташаларға қарағанда көбірек
ықпалын тигізеді. Қазіргі популяциялық
генетика көзқарасы бойынша белгілі бір
бағытта белгілер мен қасиеттерді сұрыптау
басқаларының осалдануына және нашарлануына
әкеліп соғады. Бұның негізгі себебтерінің
бірі жайылымдардың көп жыртылуынан популяцияның
генетикалық әртүрлілігі жасанды сұрыптау
нәтижесінде азая түседі. Қой отарларында
жүн өнімділігі бойынша сұрыптау доминантты
болып қала береді. Шаруашылық көзқарас
бойынша бұл дұрыс, бірақ кері жағы да
болады. Төмен және сирек орташа өнімді
вариантарға қарсы сұрыптау сирек генотиптердің
жоғалуына, популяцияның генетикалық
әртүрлілігінің азаюына және бейімделу
қасиеттерінің төмендеуіне әкеп соғады.
Адамдардың табиғатқа ойланбай енуі қайғылы.
Көптеген жағдайда бұл толықпайтын жоғалуға
әкеледі. Мал шаруашылығының европалық
ассоциациясы көптеген мал тұқымдарының
тікелей өндірістен шығарылуына дабыл
қағуда. Сондықтан БҰҰ-да ФАО (халықаралық
азық-түлік ұйымы) және UNEP (БҰҰ жануарлар
генетикалық қорын сақтау) бағдарламалары
арасында «Жануарлар генефондын сақтау»
жобасы құрылғаны кездейсоқ емес. Бұл
жоба «Адам және биосфера» проблемасына
ұқсас. Мұнда полиморфты қан топ жүйелері
бойынша популяция аллелофондтың есепке
алу сұрақтары маңызды орын алады.
Ауыл шаруашылық малдары
мен құстарының популяциялар
аллефондтарын карталау, аллефондтардың
барлық мәліметтерін жүйеге келтіру,
гендерді инвентаризациялау және
дүниежүзілік генетикалық потенциалды
пайдаланып, мал және құстар генетикалық
қорын бақылау мен басқарудың
ғылыми негіз жүйесін құрастыру
қажеттілігінің маңызы арта түседі.
Осыған сәйкес Қазақстанда «Сирек
және жоғалып бара жатқан тұқымдар
генофондын сақтау» бағдарламасы
қабылданды.
Жеті қан топ жүйелері
бойынша цигай, қаракөл, кавказ
және солтүстік қазақ кроссбред
қой тұқымдарының антигендер
жиілігі кездесулері талқыланды.
Тұқымдар арасында антигендер
жиіліктері бойынша айырмашылықтар
байқалынды.
Қой қан топтары
полиморфизмінің генетикалық табиғатын
зерттегенде қан топ жүйелерінің құрылысы
әртүрлі болуын ескеру қажет. Егер тек
күрделі емес локустар зерттелінсе, онда
көптеген тұқымдарда кейбір антигендер
басқаларына қарағанда жиі кездесетінін
байқауға болады. Мысалы Aa, Cв, R, Da антигендері
Ав, Са, І антигендерінен жиі кездеседі.
А.С.Серебровский әдістемелері бойынша
антигендер жиынтығы жиілігі негізінде
тұқымдар аралығында генетикалық арақашықтық
көрсеткішін есептеуге болады.
Қазіргі қой тұқымдары
мен отарларда селекциялық-асылдандыру
жұмыстарын терең деңгейде жүргізу
кезеңінде, селекционерге популяциялардың
филогенез ерекшеліктерін зерттеуге,
иммуногенетикалық маркерлер жөніндегі
ақпараттың болуы маңызды бола түседі.
Қорыта айтқанда популяциялық
генетика жаңа тұқымдар шығару
мен қазіргі тұқымдарды жетілдірудің
теоретикалық негізі болады. Ол
популяцияның генетикалық құрылымы
жалпы заңдылықтарының құрылуын
және құрылымның өзгеру факторларын қажетті
популяция түрі бағытында зерттейді