Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 10:34, реферат
ХХ ғасырда туризм дүние жүзінің көптеген аймақтарында аса маңызды массалық құбылысқа айналды, сол үшін рекреация феномені ғылымның зерттеу объектісі болды. Көптеген мемлекеттерде туризм шаруашылықтың маңызды саласы болып калыптасты, мысалы, Франция, Италия, Испания елдеріне жылына ондаған миллион туристтер келеді, олардың саны мемлекет халқының санынан асады. Көптеген мемлекеттерде туризм саласы ішкі өнімнің жартысынан астам бөлігін құрайды. Рекреациялық әрекет және туризм территорияны игерудің фундамнтальдық процестерінің құрамына жатады.
Рекреациялық ландшафтыларды пайдалану ерекшіліктері
ХХ ғасырда туризм дүние жүзінің көптеген аймақтарында аса маңызды массалық құбылысқа айналды, сол үшін рекреация феномені ғылымның зерттеу объектісі болды. Көптеген мемлекеттерде туризм шаруашылықтың маңызды саласы болып калыптасты, мысалы, Франция, Италия, Испания елдеріне жылына ондаған миллион туристтер келеді, олардың саны мемлекет халқының санынан асады. Көптеген мемлекеттерде туризм саласы ішкі өнімнің жартысынан астам бөлігін құрайды. Рекреациялық әрекет және туризм территорияны игерудің фундамнтальдық процестерінің құрамына жатады.
Рекреация деген латын тілінен аударғанда recreatio – қайта қалпына келу деген, яғни адамның қара (физикалық) және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде жұмсалуынан қайта қалпына келтіру, оның ден саулығының және жұмыс істеуінің деңгейін көтеру. Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық потенциалын анықтайтын рекреациялық ресурстарға негізденеді. Рекреациялық ресурстар деп рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда пайдаланатын бірегейлілік, тарихи немесе көркемөнерлік бағалыққа, эстетикалық ажарлылыққа және емдеу-сауқтыру маңыздылық қасиеттеріне ие болатын табиғи және антропогендік объектілерді түсінеді (Максаковский, 2004). Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және ондай жағдайды сақтау ретінде демалуды қамтамасыздандыратын табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір бөлігі рекреациялық ресурстары деп аталады (Реймерс, 1990)
Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді сипатқа ие, себебі кез келген рекреациялық жүйеде өзара әрекеттесуге демалатын адамдар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, өндірістік сфера, еңбек ресурстары, қоныстану жүйелері.
Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік. Қазіргі рекреациялық географияның зерттеу предметі территориялық рекреациялық жүйелер (ТРЖ) болып табылады. Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және мәдениеттанудың түйскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Қазіргі ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көз қарасы ажыратылады:
- қоршаған орта көз қарасынан (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі);
- әрекеттік көз қарасынан (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі);
-
субъективтік көз қарас (адамдардың
қабылдау қасиеттерін және
Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдары түсінеді. Рекреациялық географияның көз қарасынан өзінің әлеуметтік мәдени біліміне стандартына сәйкес өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекетін рекреациялық әркет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның тәулікті, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді.
В.Б. Николаенко бойынша, рекреациялық
география жүйелердің оптимальдық функциолануы
бойынша түрлі үсыныстарды жасап шығарады;
белгілі бір көрсеткіштерімен жүйелерді
проектілейді; рекреациялық қажеттілікті
анықтайды; жүйелердің жасау және функциолау
саладарына болжам береді; территориялы-
Демалу процесінің ұйымдастырылуы бойынша ұймдастырылмаған және ұйымдастырылған демалу түрлеріне бөлінеді. Ұйымдастырылған демалу рекреациялық ресурстарды пайдалануды басқарылатын процес түрінде болады, яғни демалу процесі уақыт, кеңістік т.б. көрсеткіштер бойынша шектелген, арнайы маршруттар бойынша, жалпы барлық рекреациялық объектілерді және процестерді белгілі бір тәртіпке бейіделген болады. Ұйымдастырылмаған демалу түрі белгілі бір жүйеге немесе тәртіпке жатпайды, яғни қызмет көрсету саласы жоқ жағдайда өткізілетін демалу.Рекреациялық ресурстарды жалпы түрде табиғи және антропогендік түрлеріне бөледі. Рекреациялық ресурстардың табиғи түрлерін климаттық, гидрминеральдық, су, орман, таулы ресурстары және теңіз жаға бойының ресурстары жатады. Антропогендік рекреациялық ресурстарға мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар және басқада елді мекендер, бірегей (уникальный) техникалық құрылыстар т.б.Рекреациялық ресурстарды түрлері бойынша ажыратады, мысалы, туризм ресурстары, емдеу ресурстары т.б. және функциялары бойынша курорттық немесе емдеу, сауықтыру, спорттық және экскурсиялы-туристтік немесе тану мақсатында пайдаланатын ресурстары.
Мәдени ескерткіштерге архитектуралы-құрылыс, археологиялық, діни және басқада ұқсас объектілер жатады. Ескерткіштерді бағалылығына және біргейлігіне қарай дүние жүзі мұралар ескерткіштердің категориясына немесе ұлттық (мемлекеттік) ескерткіштерге жатқызады.
Мәдени ескерткіштерді бес топқа ажыратуға болады:
1) археологиялық ескерткіштер;
2) тарихи ескерткіштер (ғимараттар, тарихи оқиғалармен, қоғамның, ғылымның және техниканың дамуымен, мәдениет және тұрмыспен, көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің өмірімен, халық батырларымен, ғылым, әдебиет және өнер қайртакерлерімен байланысты);
3) архитектуралық ескерткіштер (архитектуралық ансабльдер, ескі қалаларданың қалдықтары, діни архитектура т.с.с.);
4) өнер ескерткіштері (скульптуралар, саябақ өнері т.с.с);
5) мемориалдық ескерткіштер (кесенелер, монументтер, мешіттер, шіркеулер т.с.с.).
Табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру. Табиғат жағдайы мен ресурстарды рекреациялық мақсатта пайдалану үшін оларды бағалау қажет. Оларды бағалаудың үш міндетті кезеңін көрсетуге болады:
-
рекреациялық бағалауда
-
бағалауда баға беру көз
-
зерттеудің мақсатымен және
-
градациялаудың бағалау
Табиғат ресурстарын рекреациялық көз қарасынан бағалаудың үш негізгі типті ажыратады: медикалық-биологиялық, психологиялық-эстетикалық және технологиялық.
Табиғат кешенінің рекреациялық бағаладуда бірегейлілігі – объект пен құбылыстардың қайталанбайтығындық және кезедесетіндік дәрежесімен анықталады.Технологиялық баға беру, рекреациялық іс-әрекеті үшін табиғиттағы басқа ресурстарды пайдалануда техника мен технологияны пайдалану мәселелерін түсінеді.
Информация о работе Рекреациялық ландшафтыларды пайдалану ерекшіліктері