Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:45, реферат
Оқушыларға еліміздің аяқ асты пайда болған бір мемлекет емес,көне заманнан бері еркіндікке ұмтылған , ар намысы бар, ұшқыр ойлы жандардың сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан мекен екенін; елін ,жерін қорғай алатын ұлдары бар « қазақ»-деген ер халықтың бүгінгі ұрпағы «Қазақстан» деген еліміздің ұлы бабалар ісіне лайық ұландары, бойына дәстүр-салтын сіңірген инабатты қыздары бар ұрпақ екенін қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері аймақтық компонент арқылы жеткізе алары хақ.
Кіріспе
Аймақтық компонентті оқытудың міндеттері
Аймақтық компонентті оқытудың мақсаттары
Оқушыларға экологиялық білім беруде
Аймақтық компоненттерді пайдалану
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан тұтынушылар одағы
«Агробизнес және экономика колледжі»
ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНАДАМА
Тақырыбы:
«Сабақ барысында аймақтық компонентті пайдалану тиімді
әдістердің бірі»
Дайындаған оқытушы
Аринова А.Г.
Жалпыкәсіптік және арнайы пәндер комиссия отырысында
қарастырылып бекітілген
Хаттама №
Комиччия төрайымы __________ Аринова А.Г.
Жоспары
Аймақтық компоненттерді пайдалану
Кіріспе
«Қазір біз жаңа XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз . Болашақта өркенниетті ел қатарына қосылатын көш бастайтын ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, Отан сүйгіш , өз елін туған жерін сүйетін ұлтжанды , патриоттық интернационалдық сезімдерге бай, жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуді еш уақытта естен шығармауымыз керек.»- дейді елбасы Н.Ә.Назарбаев. (Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030»)
Оқушыларға еліміздің аяқ асты пайда болған бір мемлекет емес,көне заманнан бері еркіндікке ұмтылған , ар намысы бар, ұшқыр ойлы жандардың сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан мекен екенін; елін ,жерін қорғай алатын ұлдары бар « қазақ»-деген ер халықтың бүгінгі ұрпағы «Қазақстан» деген еліміздің ұлы бабалар ісіне лайық ұландары, бойына дәстүр-салтын сіңірген инабатты қыздары бар ұрпақ екенін қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері аймақтық компонент арқылы жеткізе алары хақ.
Аймақтық компонент,
С.И. Ожеговтың сөздігінде белгілі
бір жердің құрамы,-деп
Аймақтық компонент
дегеніміз-мектеп курсындағы
Аймақтық компонентті оқытудың мақсаттары:
1.Оқушылардың бойында туып өскен жеріне, туған жердің табиғатына, мәдени орындарына, тарихына деген құрметті арттыру.
2.Белгілі адамдарына деген
сүйіспеншілікті арттырып, ұлтжанды
патриоттық сезімдерге бай
3.Оқушылардың осы қосымша мәліметтер алуы арқылы танымды біліктіліктерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу.
Аймақтық компонентті оқытудың міндеттері:
Өз еліміздің табиғаты, тарихы, пайдалы қазбалары, мәдени орындары, белгілі адмдары туралы мәліметтер жинақтау, өз еліміздің намысын қорғайтын патриоттар дайындау.
ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ
АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Аннотация
Бұл жұмыста қазіргі білім беру жүйесінде алдыңғы орынға қойылған өзекті мәселелердің бірі - сабақтарда аймақтық компоненттерді, атап айтқанда Катонқарағай өңіріндегі жергілікті ерекшеліктерді пайдаланып, оқушыларға экологиялық тәрбие беру жайлы сөз қозғалады.
Табиғат бір-бірімен тығыз байланысты. Даму ырғағы үйлесімді, байланысты жүргенде ғана табиғат заңы бұзылмайды, «табиғат тепе-теңдігі» сақталады. Дүние – өзен, адам мен табиғат оның екі жағасы іспетті. «Табиғатым-тағдырым» деп халық айтқандай қазіргі кезде біте қайнасып жатқан табиғат туындыларын бір-бірінен бөліп тастап байланысын бұзу қате. Табиғат байлығын тиімсіз пайдаланып, ысырапшылыққа жол беру сияқты адамдардың қателіктерін табиғат кешірмейді. Оған жауап ретінде экологиялық апаттарын сыйға тартады. Сондықтан әр адам тоқымдай жерді қазып, тоғайдан бір шыбық кескенде болашақ ұрпақ тағдырын да ойластырғаны жөн. Ел тағдыры мен жер тағдырының еншілес екендігін естен шығармауы тиіс. Аталарымыздың балаларға «өркенің өссін» деген ризашылық сөздерін жиі естиміз. Халықтың даналығынан шыққан «Өркен» деген сөз – бүршігі, жапырағы бар өсімдікті білдіреді. «Өркенің өссіннің» мәні: өсімдіктердің тұқымнан өскен бұтағының бүршік жарып, үлкен өсімдікке айналғаны сияқты «Бала-шағаң көбейіп, үрім бұтағың өміріңді жалғастыра берсін» дегенге меңзейді. Сондай-ақ осы бата адам баласы мен өсімдік арасындағы қарым-қатынастың тамыры терең жатқандығын көрсетіп тұр. Ертеден келе жатқан өсиет сөздерде: «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр-жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр-бақша өсіріп, жаса нұр»,- деген ұғымда қандай терең ойлар жатыр. Осындай нәзік те тығыз байланысты өскелең ұрпақ санасына сіңіріп, экологиялық сауаттылыққа баулу – бұл әрбір ұстаздың мақсаты болар. Туған жерін, оның табиғатын сүйіп өскен әрбір жеткіншек болашақта ел тізгінін қолына ұстай алатын мықты тұлға болып қалыптасары анық. Бұл жұмыста өзіміз тұратын Катонқарағай ауданының табиғатының аймақтық ерекшеліктері туралы сөз болады.
Алтай табиғаты ғажап қой, шіркін! Маңдайымен көк тіреген тәкаппар шыңдар, арқырай аққан ақжал өзендер, түйе жасырардай құрақ, қарағай, қайың, тал, терек, қойыңызшы, ен табиғатта кездесер сандаған көрікті өсімдіктермен көмкерілген көкжиек тым-тым алыстан мұнартып, магниттей өзіне тартады-ай! Жұмағи өлке, жұмбақ өлке!
Төбеңізден дүр етіп көтеріліп, дүр етіп қонатын сан алуан қанаттылар, тайганың шынайы қожайындары – түз тағыларының молдығы Сізді тағы да айранасыр күйге түсіреді.
Өткен ғасырда Қазақ ССР-і атанып тұрған тұстарда Катонқарағай ауданы бар болғаны ағаш өнімдерін даярлаушы деген атпен ғана танымал болатын. Ол кезде бұл өңірдің әсем табиғаты мен өзге де керемет құндылықтары жайлы айтылмайтын да. Өңірге өң беріп, жайқала өскен балқарағайлар мен самырсын-шыршалар аяусыз қолдармен оталып, аудан мен облысты айтпағанда республика шекарасынан асып жол тартып бара жататын. Сол кездердің қайсыбір дереккөздер мәліметіне сүйенсек, бір ғана Катонқарағай ауданынан жылына 120 мың текшеметр ағаш өнімдері шығарылып отырған. Бұл әрине әсем табиғатты айтпағанда, ормандағы жан-жануарларға да өз зиянын тигізгені айдан анық. «Бір адам жүріп өтсе –із қалады, 100 адам жүріп өтсе-жол қалады, ал, 1000 адам жүріп өтсе -шөл қалады» деген халық мақалы осындай кездерде ойға еріксіз оралады.
Қазіргі кезде дертке дәру сары алтындай балы, бұғы мүйізінен алынатын пантысымен әлемге танылған қасиетті Катонқарағай Еуразия кеңістігіне де кеңінен танымал екендігі белгілі. Қазақстанның інжу-маржаны саналатын аймақтың әлемге танымал болуына осы өңірдің таңғажайып табиғаты мен қойнауындағы табиғи байлығы және жанға жайлы климаты деуге толық негіз бар.
Оңтүстік Алтайдың осынау табиғаты ғажап өлкесін талан-таражға түсірмей, ел мен жұрттың алтын алқасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа қылау түсірмей табыстап отыруды мақсұт етіп алған Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіміз бар екені белгілі.
Ұлттық парк аумағы жануарлар мен құстар әлеміне, ну орманға өте бай өңір. Балқарағай, қызылқарағай, самырсын, көксамырсын біздің жерде өседі. Ғалымдардың айтуына қарағанда балқарағай, қызылқарағай ағаштары 500-800 жыл өмір сүреді екен. Ормандарымыздың ен байлығы осы балқарағай мен қызылқарағай десек, бұл сапалы ағаш түрлері Қазақстан бойынша тек Катонқарағайда өсіріледі. Осы сапалы ағаш түрлері сонау шетелде, Италия мен Венециядағы теңіз жағалауларындағы бірнеше ғасырлар бұрын салынған тамаша виллалардың астына қойылған. Судан шірімейді екен. 100 жылдан асқан Катонқарағай өңіріндегі ағаш үйлер де дәл осы қызылқарағайдан салынған.
Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі, әсіресе Қызыл Кітапқа енген «марал тамыр», «алтын тамыр», «қызыл тамыр», Алтайдың рауғашы т.б түрлері мектебімізде тірі табиғат бұрышында қойылған. Табиғатта сирек кездесетін қызыл қасқырды, Алтай ұлары, бүркіт, қаршығаның бірнеше түрлерін көруге болады. Осыдан 5-7 млн. жыл бұрын Алтайда алып бұғы мекендеген екен. Бұғылар тұқымдасына жататын шамамен 400 мың жыл бұрын жойылып кеткен жануар. Дене бітімі ірі, биіктігі 2 метрдей, мүйізі үлкен, бірнеше ұшты, күрек тәрізді жалпақ, екі мүйізінің арасы 3 метрден артық болған. Бас қаңқасының, тісінің және аяғының құрылысына қарағанда, ылғалы мол, шабындықты жерлерді мекендеген. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, үлкенмүйізді бұғы мамонттармен бірге тіршілік еткен жануарлар тобына жатады. Тарих қойнауына үңілсек, қыр-сыры мол Өр Алтай табиғатының қаншама құнды мәдени-тарихи-табиғи ерекшеліктері ашылып жатыр, алдағы уақытта да ашыла бермек.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Катонқарағай өңірінің тарихи және мәдени маңызы аса зор. Бұл өңірде 24 тарихи, 1 мәдени ескерткіштің әлемдік маңызы бар. Соның ішінде әлемдік археология ғылымының ірі жобасы болып есептеліп отырған «Берел» қорғанының маңызы ерекше. Міне, осындай тарихи-археологиялық ескерткіштер мен табиғат сұлулығын ескере отырып, алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар баршылық.Ұлттық парк аумағында Мұзтау тауы, Язевое /Караколь/, Көккөл құламасы, Язовая құламасы, Арасан құламасы, Рахман қайнарлары, Көккөл кеніші, Берел қорымы, Австриялық жол, Ұлы Жібек жолының солтүстік желісі, «Ашық аспан астындағы мұражай», «Тау барысының мекені» сияқты тарихи және мәдени ескерткіштерді атауға болады.
Қаншама баға жетпес осындай құндылықтарымызды ешқандай қылау түсірмей ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білуіміз қажет. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін аймақтық ерекшеліктерді қолданып, олардың бойына жерін, табиғатын сүю, өз жерінің тарихын білу сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтауға, онымен ғылыми тұрғыда ғана қарым-қатынас жасауға ұмтылатын оқушы қалыптасар еді. Қазіргі кезде туындап отырған экологиялық проблемаларды шешу барысында педагогикалық, тәрбиелік мәселелер алғы шептен орын алады. Экологиялық білім мен тәрбиені жергілікті жердің табиғатынан бастау – үлкен білімнің негізі. Міне, сондықтан да оқу құралдарын «экологияландыру» идеясы /былайша айтқанда, оның мазмұны мен сабақ жүргізу методикасында мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру міндеттері көрініс табуы/ бүгінгі таңда соншалық маңыз алып отыр. Катонқарағай ауданының флорасы мен фаунасы, экологиясы жайлы деректерді жинақтай отырып, биология пәніне аймақтық және экологиялық ерекшеліктерді бағдарламаға сай енгізуді жөн көрдім.
Аймақтық компоненттерді сабақтарда пайдалануға мүмкіншілік мол.
Колледждегі оқу кезеңдері, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, қалыптасқан мүмкіндіктері, айналадағы ортаның әлеуметтік және табиғи шынайы ақиқат жағдайы – міне, осының бәрі колледж оқушыларының табиғатқа деген қарым-қатынасының қалыптасуына, айналадағы ортаны сақтап, жақсартуына лайықты ықпал етеді.
Колледж оқушыларында, әсіресе қыз балаларда, табиғатқа деген қарым-қатынас адамгершілік сезім тұрғысында ашық та айқын көрініс береді. Мысалы, олар «табиғат – әлемдегі әсемдік байлық», «адамға аса қажетті нәрсенің бәрі де табиғатта сақталған», «табиғаттың сұлулық салтанатын бұзуға болмайды» дейді өздерінің табиғатқа деген көңіл-күйін білдіріп. Бұл жастағы оқушыларда патриоттық сезім басым келеді.
Міне, оқушыларға экологиялық тәрбие беруде аймақтық компоненттерді пайдаланудың осыншалық мүмкіндіктерін нақты жүзеге асыру үшін мұғалім оқу процесін «экологияландыру» идеясына бойлап, оның бүгінгі таңда аса қажетті болып отырғанын түсіну керек. Аймақтық компоненттерді пайдалану – үздіксіз зерттеулер, тәжірибелер мен жан-жақты ізденістерді қажет ететін күрделі мәселелерден тұрады. Осындай әлі де ізденістерді қажет ететін мәселелер біздің жерімізде де жоқ емес. Атап өтетін болсақ, ауыл тұрғындарының табиғат байлықтарын бей-берекет пайдаланулары. «Жырта берсе –жер азады, тоса берсе –су азады» демекші,тұрғындардың жерді дұрыс пайдаланбай, суға ойланбастан трактор, машинаны апарып жуып, күл-қоқысты суға лақтырып тастай салу, отынды есепсіз пайдалану сияқты іс-әрекеттері әрине қынжылтатын жағдай. Бұрын үлкен адамдардың әңгімесін естігенде қарақат, жидекті үйдің жанынан тердік десе, қазір сенбейсің де. Осындай ауыр, мүсәпір халге түсуіне әрине жергілікті тұрғындар кінәлі. Сонымен қатар орманның азаюына себепші –өрттің шығуы. Ал өрт болса ағаштармен бірге жануарлардың азаюына әкеліп соқты. Бұл әрекет те адамның ісі болып табылады.
Тағы бір көп жерлерде көтеріп жүрген мәселелеріміздің бірі – еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған адамдар келіп емделетін «Рахман қайнары» санаториіне жергілікті тұрғындардың барып емделе алмауы. Себебі, қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей қолжетімді бағада болмауы.
Жерлес жазушымыз Қалихан Ысқақовтың сөзімен айтқанда «қысы ұзақ, жазы жаңбырлы демесең, орман да сонда, отын да сонда, су да сонда, ну да сонда, шалғынына түйе түсіп кетсе де көрінбейтін, бөктерін бұғы, биігін тағы жайлаған, табиғаты ғажайып өлке». «Қолда барда алтынның қадірі жоқ», демекші осындай табиғат сыйын адамзат бағалай алсақ, құба-құп болар еді.
Қорытынды ойымды К.Маркстің мынадай сөздерімен аяқтағым келеді. Табиғат – сұлулықтың өмір бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан да ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірінен саналады. Ал бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да экологиялық жағы есепке алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
№1. Биология сабақтарында аймақтық компоненттерді пайдалану
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Тобы Аты- жөні |
Экологиялық және аймақтық материалдарды пайдалану |
1 |
Дәрілік өсімдіктер |
Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер | |
2 |
Көкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктерін көбейтіп, өсіру |
Колледж тұқымбағындағы ағаштары, көкөністер, кабинеттердегі бөлме өсімдіктері | |
3 |
Құстарды топқа бөлу |
Жергілікті жердегі құстар, оның ішінде Қызыл Кітапқа тіркелген түрлері | |
4 |
Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер |
Жергілікті жердегі сүтқоректілер, оның ішінде Қызыл Кітапқа тіркелген түрлері | |
5 |
Қолға үйретілген жануарларға байланысты шаруашылық салалары |
Жергілікті жердегі омарта, бұғы шаруашылығы | |
7 |
Ауа алабының экологиялық жағдайы |
Аймақтың ауасын ластаушы факторлар автокөліктер, ірі жылу қазандықтарын анықтау | |
8 |
Өсімдіктер экологиясы |
Семей қаласының биологиялық орталығында қорғалатын жергілікті жердегі өсімдіктер | |
9 |
Жануарлар экологиясы |
Семей қаласының биологиялық орталығында қорғалатын жергілікті жердегі жануарлар | |
10 |
Тіршілік ортасы |
Жергілікті жердегі өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік орталарына байланысты бөлу |
Информация о работе Сабақ барысында аймақтық компонентті пайдалану тиімді әдістердің бірі